Оксидтер. Химия, 8 сынып, дидактикалық материал.


Зертханалық жұмыс № 6 «Оксидтердің қасиеттерін зерттеу»

Жетістік критерийі:

- Оксидтердің қасиеттерін біледі

- Оксидтердің химиялық қасиеттерін қорытындылайды

а) Негіздік оксид алу (топтық жұмыс).

Жағуға арналған қасықпен магний ұнтағын алып, газ жанарғысының жалынында магнийдің жануына дейін қыздырыңыз. Абай болыңыз! Магний жарқырап жанады. Магнийдің жануының реакция теңдеуін жазыңыз. Түзілген оксидтің түсін ескеріңіз. Алынған оксидті бөлек ыдысқа салып қойыңыз.

Реакция теңдеуі ........................................................................................................

б) Негіздік оксидтің сумен әрекеттесуі.

Алдынғы тәжірибеде алынған оксидті (суыған соң!) химиялық стаканға салып, үстіне су құйыңыз. Магний оксидінің ерігіштігі туралы не айтуға болады? 2-3 тамшы фенолфталеин ерітіндісін қосыңыз. Не өзгерді? Магний оксидінің сумен әрекеттесуінің реакция теңдеуін жазыңыз.

Реакция теңдеуі ........................................................................................................

в) Қышқылдық оксидтің алынуы.

Сынауыққа бордың бір кесегін салып, үстіне бірнеше тамшы тұз қышқылын қосыңыз. Не байқалды? Газ бөлініп жатырған сынауыққа газ түтікшесін орнатып, көмірқышқыл газын әк суы бар сынауыққа жіберіңіз. Не байқалды? Реакция теңдеулерін жазыңыз.

Реакция теңдеуі ........................................................................................................

г) Қышқылдық оксидтің сумен әрекеттесуі.

Газ бөлініп жатырған түтікшені дистелденген суы бар сынауыққа батырыңыз. Кейін сынауыққа метилоранж индикаторын қосып, түсін байқаңыз. Не өзгерді? Сәйкес реакция теңдеулерін жазыңыз.

Реакция теңдеуі ........................................................................................................

«Оксидтер» тақырыбына арналған 3 сұрақ құрастырыңыз.

1.

2.

3.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?