Металдардың белсенділік қатарын қолданып реакциялар құру. Химия, 8 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:. 8.1A Металдар белсенділігінің салыстырмалы сипаттамасы

Мектеп: НЗМ ХББ Петропавл қаласы

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 8 а,в

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Металдардың белсенділік қатарын қолданып реакциялар құру

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

8.2.4.7 металдардың сумен, қышқыл және тұз ерітінділермен реакциялары негізінде, металдар белсенділігінің жалпылама қатарын құру

8.2.4.8 белгісіз реакциялардың жүру мүмкіндігін металдардың белсенділік қатарын қолдана отырып болжау

Сабақ мақсаттары

Металдардың сумен, қышқылдармен және тұздармен әрекеттесу реакцияларын, кернеу қатарын қолданып, жаза білу

Оқушылардың металдардың жалпы қасиеттері тарауы бойынша алған білімдерін жүйелеу және қорытындылау

Бағалау критерийлері

- металдардың орынбасу реакцияға түсу қабілеттерін қасиеттерін болжай алады

- металдарға қарап, орынбасу реакциясына түсу қабілеттерін сипаттай алады

- металдардың тұздармен реакцияға түсуінің әртүрлігіне байланысты бақыланып алынған нәтижелерге қарап отырып, дұрыс қорытынды жасай алады

- металдардың тұздармен реакция теңдеулерін жаза алады

Тілдік мақсаттар

- орынбасу немесе ығыстыруға қатысты терминдерді пайдаланып, ығыстыру процестерін ауызша немесе жазбаша сипаттай алады

-металл тұзы, ығыстыру, орынбасу реакциясы, реагенттер, өнімдер, белсенділік қатары

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

Мыс күмісті тұз ерітіндісінен ығыстырады. Бұл металл орынбасу реакциясы нәтижесінде алынған. Белсенділігі жоғары Х металы белсенділігі төмендеу Y металын тұз ерітіндісінен ығыстырады.

Құндылықтарды дарыту

Сыйластық,жауапкершілік,ұқыптылық

Пәнаралық байланыстар

математика

Дағды

Коммуникативті,сын тұрғысынан ойлау

Бастапқы білім

Металл мен бейметалдар. Металдардың физикалық қасиеттері.

Металдардың сумен, қышқылмен, тұзбен әрекеттесуі

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

Амандасу. Ұйымдастыру. Сабақтың тақырыбын шығару.

"Ой шақыру" қатар құра отырып оқушы өзін металл ретінде дауыстап айтып орналастырады

Сабақтың тақырыбын және бағалау критерийлерді айтады.

Презентация

Сабақтың ортасы

10 минут

10мин

10мин

"Ой жинау" Жұптық жұмыс

Металдардың сумен, қышқылмен және тұздармен әрекеттесуін химиялық формулалар реакциялар арқылы реакция теңдеуін жазу

  • Кальций +су

темір + су

мыс +су

  • Мырыш + күкірт қышқылы

алюминий + күкіртті қышқыл

натрий +фосфор қышқылы →

  • Натрий +темір хлориді

Mагний + алюминий фосфаты

Мырыш + күміс сульфаты

Жұпта тексеріп өзара бағалау жүргізіледі.

"Ой тастау" Жеке жұмыс

Төменде берілген жүретін реакция теңдеулерін формулар мен таңбалар арқылы аяқтау:

  • Магний + мыс сульфаты→
  • Барий сульфаты + мыс→
  • Платина + никель нитраты→
  • Мыс + темір сульфаты→
  • Магний фосфаты +натрий→
  • Калий нитраты+ сынап→
  • Кальций + су→
  • Күміс + тұз қышқылы→
  • Алюминий нитраты + натрий→

"Ойлан тап"

Төменде келтірілген металдарды қышқылмен әрекеттесуі бойынша екі бағанға бөліңдер:

K,Hg,Ni, Al,Fe,Pt,Na,Cu,Mg

Cu +HCl

HNO3 +NaOH

Na +HCl

Ca +HCl

Zn +H2SO4

Ba +H2SO4

Ag +H2SO4

Na2CO3 + HCl

Al2O3 + HCl

"Айқыштар мен нөлдер " ойыны. Ұтымды жолды

нәтижесінде сутек бөлінетін реакциялар құрайды:

True or false? Дұрыс немесе дұрыс емес?

Сұрақтарға жауап беру.

Дұрыс болса, жасыл карточка, дұрыс емес болса қызыл карточканы көтересіздер.

Сабақты қорытындылау үшін бағалау критерийлеріне тоқталу

Презентация

Жұмыс парағы

Сабақтың соңы

Рефлексия

5 минут

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізу

«Бес бармақ әдісі»

М (кішкентай бөбек) – ойлау үрдісім жақсарды.

Б (шылдыр шүмек) – мақсатқа жетуім.

С (ортан терек) – көтеріңкі коңіл күйім.

У (балан үйрек) – менің көмегім.

Б! (бас бармақ) – сергектігім.

Үй тапсырмасы:

Оқушылар металдардың белсенділік қатарын пайдалана отырып, реакция теңдеулерін құрастыру: Магний сульфиді, калий нитраті, кальций силикаты, мыс бромиді, алюминий иодиді, натрий, мыс, никель, қалайы, қорғасын, барий, кальций (кемінде 5 реакция жазу).

Бағалау

Оқушыларды топта жұмыс істегені бойынша бағалау (стикерлер). Дәптерге реакция теңдеулерін жазғызып тексеру.

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Металдардың химиялық қасиеттерін мазмұндау

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру