Су ерітіндісіндегі және балқымалардағы иондық қосылыстардың электрөткізгіштігі. Металдардың белсенділік қатарын пайдаланып, өнімдерді электродта болжау. Электродтардағы иондық реакциялар. Химия, 10 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 10.2А Электрлік және химикаттар

Мектеп: ХББ НЗМ Алматы қ.

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Алмабекова Г.А.

Сынып: 10

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Су ерітіндісіндегі және балқымалардағы иондық қосылыстардың электрөткізгіштігі. Металдардың белсенділік қатарын пайдаланып, өнімдерді электродта болжау. Электродтардағы иондық реакциялар

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

- иондық қосылыстар мен олардың ерітіндідегі қасиеттерін қайталау;

- балқымадағы иондардың әрекетін талдау;

-тотығу мен тотықсыздану тұрғысынан электродтарда өтетін реакцияларды түсіндіре алу;

-иондары бар ерітінді арқылы электр тогының ағыны өткенде орын алатын процестерді оқып білу және түсіндіре алу.

 Сабақ мақсаттары

- иондық қосылыстар мен олардың ерітіндідегі қасиеттерін қайталау;

- балқымадағы иондардың әрекетін талдау;

-тотығу мен тотықсыздану тұрғысынан катод пен анодта өтетін реакцияларды түсіндіре алу;

-иондары бар ерітінді арқылы электр тогының ағыны өткенде орын алатын катодтық-анодтық процестерді оқып білу және түсіндіре алу.

 Бағалау критерийлері

-катодта жүрген 3-4 реакция теңдеуін дұрыс жаза алады;

-анодта жүрген 3-4 реакция теңдеуін дұрыс жаза алады;

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар: -ауызша немесе жазбаша түрде деректерге сәйкес қорытынды жасай алады

Пәнге қатысты лексика мен терминология

анод, катод, электролиттік қаптау, электролиз, ток, элементтер (батареялар), реакция өнімі, үлгілер, тұтану, иондар, болжау, арқылы өту

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

Иондық қосылыс суда еріген кезде, онда …

Ток ерітінді арқылы өтетін кезде, X болады

X болды, сондықтан Y болуы керек/ бола алады Z

Біздер X болжадық, бірақ Y болды

 Құндылықтарды дарыту

Өз ойын айта алу және сыныптастарына сыйластық

 Пәнаралық байланыстар

Физика

Бастапқы білім

Атом құрылысы (7.1B)

Ерітінді мен ерігіштік (7.3C)

Металдардың белсенділігін салыстыру 2 (8.1B)

Еру және ерітінділер (9.2А)

Тотығу және тотықсыздану (10.1B)

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-5 мин

Ұйымдастыру сәті. Амандасу.

Жаңа сабақтың тақырыбын бейнебаян арқылы жасыру.

Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын ашу.

https://twig-bilim.kz/film/electrolysis-5736/

Презентация

Сабақтың ортасы

6-15 мин

16-25 мин

26-38 мин

Сабақтың соңы

39-40 мин

Сабақтың басы

41-42 мин

Сабақтың ортасы

43-59 мин

60-77 мин

Электролиз процесін бейнебаяндар арқылы түсіндіру.

Сұйық электролит арқылы иондардың миграциясы. Бейнебаянды қарау.

http://bilimland.kz/index.php/kz/catalog/lesson/10273-ehlektroliz

Суретті белгілеңіз және балқытылған электролиттегі иондар қозғалысының бағытын нұсқар арқылы көрсетіңіз.

Электролизге арналған аппарат. Электролизер арқылы өтетін электрондар ағыны.

http://bilimland.kz/index.php/kz/catalog/lesson/10273-ehlektroliz

Дайын ресурстар бойынша төмендегі тапсырманы орындайды.

Балқымадағы иондардың әрекетін талдау мақсатында клесі бейнебаяндарды қарастыру.

http://bilimland.kz/index.php/kz/catalog/lesson/10273-ehlektroliz

Дайын ресурс бойынша төмендегі кестені толтыру.

Ерітіндіде жүзеге асатын электролиз процесі.

Ең алдымен ерітіндідегі су электролиз процесіне ұшырайтынын түсіндіру. Бейнебаянды қолдануға болады:

https://www.youtube.com/watch?v=Le3Jxjx7ABs

Презентация бойынша электролизде жүзеге асатын процестерді түсіндіру.

Рефлексия. Мақсаттарға оралу.

Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарына оралу.

Балқыма электролизі

NaCl = Na+ + Cl-

  • К-:Na+ + e = Na0 2
  • А+:2Cl- - 2e = Cl2 1

Процестер жиынтығы:

2Na+ + 2Cl- = 2Na0+ Cl2

LiH = Li+ + H-

  • К:Li+ + e = Li2
  • А:2H- - 2e = H21

Процестер жиынтығы: 2Li+ + 2H- = 2Li + H2

Жиынтық теңдеуі: 2LiH = 2Li + H2

Rb2CO3 = 2Rb+ + CO32-

  • К:Rb+ + e = Rb4
  • А:2CO32- - 4e = 2CO2 + O21

Процестер жиынтығы:

4Rb+ + 2CO32- = 4Rb + 2CO2 + O2

Жиынтық теңдеуі:

2Rb2CO3 = 4Rb + 2CO2 + O2

Ерітінді электролизі

  • К: 2О + 2е = Н2 + 2ОН-

Мn+ + ne = M

  • А:2О – 4е = О2 + 4Н+

Anm- – me = An

KI ерітіндісінің электролизі (кернеу қатарында алюминийге дейін орналасқан металл және оттексіз қышқыл қалдығы)

Диссоциация: KI ↔ K+ + I-

Катод:2О + 2е = Н2 + 2ОН-

Анод:2l- - 2e = l2

Электролиз: 2KI + 2Н2О = H2 + 2KOH + I2

CuCl2 ерітіндісінің электролизі (сутектен кейін орналасқан металл және оттексіз қышқыл қалдығы)

Диссоциация: CuCl2 = Cu2+ + 2Cl-

Катод: Сu2+ + 2e = Cu

Анод: 2Сl- - 2e = Cl2

жалпы:CuCl2 = Cu + Cl2

NaCl ерітіндісінің электролизі (кернеу қатарында алюминийге дейін орналасқан металл және оттексіз қышқыл қалдығы)

Диссоциация: NaCl = Na+ + Cl-

Катод: 2Н2О + 2е = Н2 + 2ОН-

Анод: 2Сl- - 2e = Cl2

Жалпы: NaCl + 2H2O = H2 + Cl2 + NaOH

CuSO4 ерітіндісінің электролизі (сутектен кейін орналасқан металл және оттекті қышқыл қалдығы)

Диссоциация: CuSO4 ↔ Cu2+ + SO42-

Катод:Cu2+ + 2e = Cu0 2

Анод:2О – 4е = О2 + 4Н+1

электролиз:2CuSO4 + 2Н2О = 2Cu0 + О2 + 2H2SO4

Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар. Оқушылар дәптерде орындайды. Жұмысты орындау барысында мұғалім тексеріп, мақсатқа кім қол жеткізгенін көре алады.

Сулы ерітінділер электролизінде инертті электродтарды қолданған кезде жүзеге асатын процестердің реакция теңдеулерін жазыңыз.

А) Сынап хлоридінің судағы ерітіндісінің электролизі

B) Калий гидроксидінің балқымасының электролизі

C) Магний сульфатының судағы ерітіндісінің электролизі

D) Кальций хлоридінің судағы ерітіндісінің электролизі.

Бағалау критерийлері:

-катодта жүрген 3-4 реакция теңдеуін дұрыс жаза алады;

-анодта жүрген 3-4 реакция теңдеуін дұрыс жаза алады.

http://bilimland.kz/index.php/kz/catalog/lesson/10273-ehlektroliz

http://bilimland.kz/index.php/kz/catalog/lesson/10273-ehlektroliz

http://bilimland.kz/index.php/kz/catalog/lesson/10273-ehlektroliz

https://www.youtube.com/watch?v=Le3Jxjx7ABs

Презентация

Презентация

Презентация

Презентация

Сабақтың соңы

78-80 мин

Рефлексия. Бағдаршам әдісі бойынша:

Сабақты түсінбесе – қызыл

Орташа - сары

Жақсы түсінсе – жасыл белгіні көтереді.

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Барлығы: электролиз процесіне сәйкес жалпы ақпаратты біледі;

Көбісі: -катодта жүрген 3-4 реакция теңдеуін дұрыс жаза алады;

-анодта жүрген 3-4 реакция теңдеуін дұрыс жаза алады;

Кейбіреулері: -иондары бар ерітінді арқылы электр тогының ағыны өткенде орын алатын катодтық және анодтық процестерді ауызша сипаттай алады;

Мұғалімнің жеке жұмысты тексеріп, сабақта талдау.

Белсенді іс-әрекеттер – топтық, жеке жұмысты жазбаша және ауызша орындау.

Ой жүгірту

Сабақ мақсаттары/ оқыту міндеттері шынайы болды ма? Оқушылар бүгін нені үйренді? Сабақ үстіндегі ахуал қандай болды? Менің жоспарлаған дифференциация жақсы жұмыс жасады ма? Таймингті ұстандым ба? Мен өз жоспарыма қандай өзгерістеренгіздім және неге?

Осы сабақты бағалау үшін бос орын пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы тиісті сол жақтағы сұраққа жауап беріңіз

Негізгі бағалау

Қандай екі зат өте жақсы өтті (екеуінде қарастырыңыз, сабақ беруді де, оқытуды да)?

1:

2:

Қандай екі зат сабақты одан да жақсы ете алатын еді (екеуінде қарастырыңыз, сабақ беруді де, оқытуды да)?

1:

2:

Келесі сабақты жоспарлау үшін қолдана алатындай осы сабақта сынып немесе жеке тұлғалар туралы нені білдім?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?