АТФ-тың құрылысы мен қызметі. Биология, 10 сынып, презентация.
Ой қозғау:
Шар-стержинді модельдерді қолдану арқылы ДНҚ -ның молекулалық құрылымын құрастырыңыз.Сұрақ: Тағы да осындай құрылымыды заттар бізге таныс па?
Сабақ тақырыбы:
«АТФ-ның құрылысы мен қызметі »
Оқу мақсаты:
10.1.4.1 АТФ-тың құрылысы мен қызметтерін сипаттау
САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ:
АТФ-тың құрылысын моделін құрастыра алады және талдай алады;
АТФ-ның қызметінің маңызын түсінеді;
АТФ - аденозинтрифосфат
«Баспалдақ»
Жұптық жұмыс1- қадам. АТФ-ның құрылысы мен АТФ молекуласының қызметін қысқаша сипаттайтын және мысалдары бар ресурспен танысыңыздар
2-қадам. АТФ-АДФ –АМФ құрылымын модельдеуге және макроэнергиялық байланыстардың түзілу ерекшеліктерін сипаттауға ұсыныс жасаңыз.
3 қадам. АТФ, АДФ,АМФ моделін құрастырып, модельде не бейнеленгені туралы өз ойларыңызды сипаттаңыздар
Жеке жұмыс
Ақпарат көздерін қолданып, АТФ құрылысы мен қызметін көрсететін кластерді құрастырыңыз.
(Қызметін қызыл түспен белгілету)
Бағалау критерийлері:
АТФ-тың құрылысын жазу;
АТФ-тың қызметін;
АТФ, АДФ, АМФ ерекшеліктері
АТФ-ның синтезделуі
Нәтижесінде : энергия бөлінеді. Бөлінген энергия жасуда өтетін түрлі үрдістерде қолданылады.
АТФ энергиясы биосинтезге, қозғалысқа, бөлінуге жұмсалады.
АТФ- ның ағзадағы маңыздылығы
Митохондрияда энергияның өндірілуі.
Тыныс алу үрдісі
Миға шабуыл:
АТФ жасушадағы тұрақты энергия көзі. Оның қызметін аккумулятормен салыстыруға болады. Неліктен, түсіндіріңіз.
Жеке жұмыс:
1- тапсырма : Төменде берілген суретті қолданып, АТФ молекуласының құрам -бөліктері мен өзгерістерін 1-5 ке дейінгі сандар бойынша жазыңыз.
2 тапсырма : АТФ-ның жасушадағы қызметіне екі мысал келтіріңіз
Дискриптор
І құрылымның атауын дұрыс жазады 1 балл
ІІ құрылымның атауын дұрыс жазады 1 балл
ІІІ құрылымның атауын дұрыс жазады 1 балл
1- байланысудан пайда болған заттың атын дұрыс жазады 1 балл
2- байланысудан пайда болған заттың атын дұрыс жазады 1 балл
3- байланысудан пайда болған заттың атын дұрыс жазады 1 балл
4- байланысудан пайда болған заттың атын дұрыс жазады 1 балл
5- байланысудан пайда болған заттың атын дұрыс жазады 1 балл
АТФ-ның қызметіне мысал келтіре алады 1 балл
АТФ-ның қызметіне мысал келтіре алады 1 балл
Қызықты фактілер
АТФ туралы қызықты фактілер.
Жасушаның жалпы массасының 0,04 % ын АТФ құрайды. Әйтсе де ең маңыздысы бұлшықет жасушаларында олардың 0,2-0,5 % болуында.
Әр молекула 1 минут тіршілік етеді.
АТФ-ның 1 молекуласы тәулігіне шамамен 2400 рет жаңартылады
Тәулігіне адам ағзасы 40 кг АТФ-ын синтездейді және кез келген уақытта АТФ-ның қоры 250 грамм.
Тапсырма
АТФ энергиясының жұмсалуымен жүретін үдерістерге мысалдар келтіріңіз және АТФ қызметін сипаттаңыз
(АТФ қатысатын реакциялардың анимациясын құрастыруға болады)
АТФ-ын ДНҚ және РНҚ –мен салыстырыңыз. Олардың бір-бірінен айырмашылығы мен ұқсастығы неде?
«Бағдаршам» әдісі
Өзара бағалау:
«қызыл» - көмек қажет;
«сары» - түсінген, дегенмен әлі де сұрақтары бар;
«жасыл» - барлығын түсінген.
Рефлексия:
Сөйлемді аяқтаңыз:
“сабақта алынған білім маған ……………………… қажет.
Мен …………………………туралы пайдалы ақпарат алдым.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру