Хлоропластың құрылысы мен қызметі. Биология, 11 сынып, презентация.
Сабақ тақырыбы: Хлоропласттың құрылысы мен қызметі
Оқу мақсаты:
11.1.2.1 - хлоропласттың құрылымы мен қызметі арасындағы өзара байланысты орнату
Бағалау критерийлері
Хлоропласттың суреті негізінде әр бөлікті атап, қызметтерін сипаттай алады
Хлоропластың қай бөлігінде фотосинтездің екі фазасы (жарық, қараңғы) жүретінін сипатай алады
Хлоропласты нұсқаулық негізінде, түрлі түсті қағаздан модельдейді
Хлоропластың құрылысы
Хлоропласт (грек. chloros — жасыл және plastos — соғып жасау) —фотосинтез процесін жүзеге асыратын өсімдіктердің жасуша ішкілік органоиды.
Хлоропластар
Хлоропластар - митохондриялар сияқты қос мембраналы органоид. Оның құрылысы митохондриялардың құрылысына ұқсас болғанымен, көптеген айырмашылықтары бар. Хлоропластардың пішіні көбіне сопақша болып келеді. Оның ұзындығы - 5 - 10мкм, ені - 2 - 4мкм. Олардың саны өсімдіктің түріне қарай түрліше болады. Хлоропластардың ішкі қабатында жалпақ мембраналы тилакоидтер және оның матриксін құрайтын строма нәруызы көп кездеседі.
Онда пигменттер, электрон тасымалдағыш тізбек және ферменттер шоғырланады. Тилакоидты граналардан бос кеңістікті строма деп атайды. Хлоропласт тилакоидты граналардың саны бірнешеу. Оларды өзара стромалық тилакоид жалғастырып тұрады. Стромада фотосинтездің биохимиялық реакциялары жүреді. Жоғары сатыдағы өсімдіктерде хлоропласт сопақша, линза тәрізді. Оның ұзындығы 5 — 10 мкм, ені 2 — 3 мкм.
Әр жасушада шамамен 20 — 30-дай хлоропласт болса, балдырларда мөлшері өте үлкен, формасыз 1 — 2 данасы ғана болады.
Жарықсыз өсірген өсімдіктерде болатын этиопластар жарықтың әсерінен жасыл түске боялып, хлоропластға айналады.
Осы айналу барысында ішкі мембрана қатпарлана өсіп тилакоид (бір қабат мембранадан тұратын жұқа құты-қапшық) түзеді.
Тилакоидтар өзара топтасып граналар пайда болады. Тилакоидты граналар жуып, дестелеп қойған тостаған-табақшаны елестетеді.
Хлоропласт жартылай дербес (автономды) құрылым, себебі онда мембраналық тилакоидты жүйеден басқа меншікті белок синтездегіш тетіктер бар.
Оларға сақина тәрізді ДНҚ молекуласы мен РНҚ және рибосомалар жатады.
Бұлардың көмегімен хлоропласт кейбір өзіне қажетті ақуыздарды синтездей алады. Хлоропластда сонымен қатар май түйіршіктері мен крахмал дәндері кездеседі.
Пропластидтерден хлоропластар түзілу үрдісінде оның матриксінде күрделі мембраналы жүйе пайда болады. Хлоропластың ішкі мембранасының қатпарларынан стромада оған кесе көлденең орналасқан ламеллалар немесе тилакоидтар деп аталатын қос мембраналы тақталы құрылымдар түзіледі. Әрбір тилакоид хлороплатың қабықшасы секілді екі мембранадан тұрады.
Хлоропластар стромасындағы тилакоидтар жүйесінен басқа рибосомалар, крахмал дәндері, ДНҚ жіпшелері және пластоглобулдар бар. Крахмал дәндері фотосинтез өнімдерін уақытша жинайтын орын.
Өсімдіктер 24 сағат қараңғы жерде тұрса крахмал дәндері жойылып кетеді де, жарыққа шығарғаннан кейін 3-4 сағат ішінде қайта пайда болады.
Хлоропласттардың басты қызметі – фотосинтез. Сонымен қатар олар аминқышқылдары мен май қышқылдарының синтезіне қатысады.
Крахмалдың қорын уақытша жинайтын орын.
Хлоропласты модельдеу
Кері байланыс
Бүгінгі сабақта мен ...білдім
Бүгінгі сабақта жасай алдым.....
Алдағы уақытта ... туралы толықтарамын
Үй тапсырмасы :
Тейлор , Биология , Пигменттердің түрлері туралы оқып келу
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру