Хлоропластың құрылысы мен қызметі. Биология, 11 сынып, сабақ жоспары.
Бөлім 11.1В Қоректену | Мектеп: | |||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||||||
Сыныбы: 11 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||||||
Сабақтың тақырыбы |
| |||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқыту мақсаттары | 11.1.2.1 хлоропласттың құрылымы мен қызметі арасындағы өзара байланысты орнату | |||||||||
Сабақтың мақсаттары | Оқушылар: хлоропласттың құрылысы мен қызметтері арасындағы өзара байланысты анықтайды. | |||||||||
Бағалау критерийлері |
| |||||||||
Тілдік мақсаттар
| Оқушылар орындай алады: хлоропласттың құрылымын және оның құрамдас бөліктерінің қызметтерімен өзара байланысын сипаттау, суреттеу және ауызша түсіндіре білу Пайдалы лексика және терминология: хлоропласт, пластидтер, хлорофилл, каротиноид, пигмент, органелла, қосқабатты мембрана, строма, грана, тилакоид, рибосомалар, крахмал түйіршіктері. Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы: X … мен қоршалған X ішінде … бар Y құрайтын Х әрқайсысы ... деп аталады. Y реакциялар жүретін орын болып X табылады мұнда Z … өзгереді. X реакцияларының өтуі барысында Y ішінде ... пайда болады. | |||||||||
Құндылықтарды дарыту
| Тапсырмаларды орындау кезінде оқушыларды академиялық шынайылыққа үйрету. Фотосинтездің тірі ағзалар үшін маңызын түсіндіру. Оқу процесінде ынтымақтастық атмосферасын орнату. | |||||||||
Пәнаралық байланыстар | География, химия, физика | |||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Интерактивті тақтаны қолдану: түсіндіру, видео материалдарды көрсету. Интернеттен ақпарат зерттеу кезінде пайдалану үшін планшет/ноутбуктер пайдаланылады. | |||||||||
Бастапқы білім | Қоректену: 7 – 10 сыныптар. Тыныс алу: 10 сынып. | |||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||
Сабақтың басы 0-5 мин Сабақтың ортасы 5-15 мин 15-25 мин 25-38 мин | І. Ұйымдастыру кезеңі. Сыныпта жағымды атмосфера қалыптастыру, сәлемдесу. ІІ. Миға шабуыл сұрақтары арқылы Жаңа тақырыптың мақсатын айқындау:
- Ол органоидтың қызметі/ролі туралы не білесіздер? (Ұ) Оқушыларға «хлоропласт» анықтамасына ассоциативті сөздерді табуға ұсыну. Оқушыларға бұл органиодтің құрылысы, қызметі мен маңызын өзара байланыстыруын сұрау. «Хлоропласт» анықтамасына мысал бола алатын ассоциативті сөздер: жасыл, жапырақтар, фотосинтез және т.б.
(М) Жаңа сабақтың бағалау критерийлерімен таныстыру. Хлоропласттың электронды суретін пайдаланып, оқушыларға хлоропласттың құрылысын түсіндіру. Хлоропласттың құрылысын оның атқаратын қызметтерімен байланыстыру. -Оқушыларға хлоропласт микрографының көшірмесі беріледі.
• айқын, үлкен, жақсы таңбаланған хлоропласт үлгісін жасау. (байқау үлгісі) Келесі құрылымдарды қарастыра кету: грана, тилакоид, строма, ламелла, сыртқы және ішкі мембрана, рибосомалар, ДНҚ.
(Жж) (ҚБ) Оқушыларға хлоропалсттың моделін құрастыруды немесе суретін салуға ұсыныс жасау. Бағалау критерийлері:
(Ж) Оқушылардан көлемдік мөлшерін сақтап, бөліктерін белгілеп, хлоропласт моделін жасауды сұрау. (ҚБ) Қалыптастырушы бағалау жұмысын орындау. Өзара бағалау арқылы тексеру жүргізіп, оқушылар бір-біріне кері байланыс береді. | Хлоропласт туралы http://biologylib.ru/books/item/f00/s00/z0000009/st189.shtml Хлоропласттың электронды суреті: http://clk.cu/0naQ5 https://www.youtube.com/watch?v=eOPEn2qYff4 түсті ермексаз, түсті картон қағаз, қарындаштар, маркерлер Хлоропласттың моделін жасауы бойынша видео (ағылш.): | ||||||||
Сабақтың Соңы 38-40 | Кері байланыс Мен сабақта ......................................білдім Мен әлі де түсінбедім ...................................... Менің ұсыныстарым........................................ Үйге тапсырма: Өсімдік жасушаларындағы фотосинтез пигменттеріне салыстырмалы кесте толтырып келу. | |||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||
Оқушылардың барлығы: хлоропластың моделін жасау арқылы құрылым бөліктерін дұрыс анықтайды; Оқушылардың көпшілігі: хлоропластың қай бөлігінде фотосинтездің қараңғы, жарық фазалары хлоропластың қай бөлігінде өтетінін сипатай алады Оқушылардың кейбірі: Хлоропластың құрылымы мен қызметі арасындағы байланысты анықтап, пигменттерді сипаттай алады. |
| Денсаулық сақтау технологиялары. Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары | ||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| |||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы, оқу туралы ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? | ||||||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру