ДНҚ құрылысы мен оның қызметі. Биология, 10 сынып, дидактикалық материал.


ДНҚ репликациясы

 

 ДНҚ молекуласының құрылымын ашып көрсету оның клеткадағы репликациялану (екі еселену) принципін түсіндіруге мүмкіндік туғызды. Уотсон-Крик үлгісіне сәйкес ДНҚ-ның әр тізбегі жаңа комплементарлы тізбектің түзілуінде матрица қызметін атқарады, ал сол тізбектегі азотты негіздердің орналасу реті матрица тізбегіндегі комплементарлы негіздердің орналасу ретіне сай болады. Нәтижесінде бір қос тізбекті молекуланың негізінде бір-біріне ұқсас екі қос тізбекті молекулалар пайда болады және олардың әрқайсысының бір тізбегі бұрынғы ескі, ал екіншісі жаңадан түзілген болып табылады. ДНҚ репликациясының мұндай жолы жартылай консервативті деп аталады (1.1-сурет).

 М.Мезельсон мен Ф.Стальдің (1958) тәжірибелері үлгі бойынша жасалған болжамдарға сәйкес ДНҚ репликациясы жартылай консервативті жолмен жүретіндігін көрсетті.

 1.1-сурет. ДНҚ-ның жартылай консервативті репликациясы

 

 

 ДНҚ-ның әрбір жаңа молекуласы ата-анасының қос тізбекті спиральінен берілген бір ескі (консервативті) тізбектен және бір жаңа түзілген тізбектен тұрады. Олар E.сoli клеткаларын азотты (15N) ортада өсірген. Азоттың бұл ауыр изотопы ДНҚ құрамына еніп таңба қызметін атқарған. Өсіру кезінде бактериялардың бірнеше ұрпақтары генерация алмасқан, соңында барлық клеткалардың ДНҚ-да 15N–азоттың ауыр изотопы болған. Содан соң бактериялар азоттың жеңіл изотопы 14N бар қоректік ортаға ауыстырылған. ДНҚ репликациясы мен клетканың бөлінуінен кейін бірнеше уақыт өткеннен соң клеткалардың жаңа генерацияларының үлгілері таңдалынып алынып олардағы 15N мен 14N изотоптарының таралу мөлшері анықталған.

 ДНҚ-ның осы екі түрінің қоспасын тығыздығына қарай центрифугалаған кезде тез ажыратылады. Нәтижелері 1.2-суретте берілген. 14N ортада өсірілген бірінші бөлінуден кейінгі культураның тығыздығы 15N-ДНҚ мен 14N-ДНҚ-ның аралығында болады. Екінші бөлінуден кейін 14N ортада өсірілген клеткалардың жартысы 14N-ДНҚ, ал екінші жартысы (14N-15N)-ДНҚ (аралық тығыздық) болады. Үшінші бөлінуден соң 14N ортада ДНҚ-ның ¾ бөлігі 14N ДНҚ-ның тығыздығына тең болады, ал ¼ бөлігі аралық тығыздықты сақтады. Генерациялар саны мен ДНҚ тығыздығының арақатынасы репликацияның жартылай консервативті типіне сәйкес келген.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.2-сурет. ДНҚ репликациясының жартылай консервативті механизмін көрсететін Мезельсон мен Стальдің тәжірибесі.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу