Хлоропластардың құрылысы мен қызметі. Биология, 11 сынып, дидактикалық материал.


Хлоропласт

Хлоропластың құрылысы

Хлоропластың құрылыс кәдімгі пластидтерге тән .Оның қабықшасы екі мембранадан тұрады -ішкі және сыртқы , олардың арасында мембранааралық кеңістік бар . Хлоропластың ішінде ішкі мембранадан күрделі тилакоидты құрылым түзіледі . Хлоропластың ішінде гель тәрізді сұйықтық строма деп аталады .

Әрбір тилакоид стромадан бір қабатты мембранамен оқшауланады . Тилакоидтың ішіндегі кеңістік люмен деп аталады . Тилакоидтар хлоропластың ішінде граналарға бірігеді .Граналар саны әртүрлі.Граналар өзара ұзынша келген тилакоидтармен - ламеллалармен байланысқан , жалпы тилакоидтың пішіні диск тәрізді.

Стромада хлоропластың сақина тәрізді ДНҚ молекуласы болады, РНҚ мен рибосомалары прокариоттыкы сияқты. Ендеше бұл өздігінен кейбір нәруыздарды синтездей алатын,

жартылай автономды органоид.

Эволюция үрдісінде хлоропластар басқа жасушалардың ішінде тіршілік еткен цианобактериялардан шыққан деп есептейді.

Хлоропластың құрылысы оның фотосинтездеу қызметімен байланысты . Ол қызметтері стромада және тилакоид мембраналарында жүреді

Стромада фотосинтездің қараңғылық фазасы, ал мембранада –жарық фазасы жүреді .

Сондықтан оларда әртүрлі ферменттер жүйесі болады стромада еритін Кальвин айналымына қатысатын ферменттер болады .

Хлоропластың құрылымы оның атқаратын қызметіне бейімделген.

• Тилакоидтар - ортасы сығыңқы дисктер , ішкі көлемі кішкентай , олай болу себебі протондар жинақталғанда сутегінің градиентін көбейту үшін .

• Грана – тилакоидтер бірінің үстіне бірі орналасады ,тилакоид мембранасының беттік ауданының көлемге қатынасын үлкейту үшін.

• Фотожүйелер - жарықты максимальды түрде сіңіру үшін ,тилакоидты мембранадағы фотожүйеге біріккен пигменттер.

• Строма –орталық матрикс, құрамында керекті ферменттер мен Кальвин айналымына сәйкес келетін рН бар.

• Ламеллалар - тилакоидты граналарды қосып немесе бөліп тұрады стеки (граны), максимизируя эффективность фотосинтеза.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу