АТФ-тың құрылысы мен қызметі. Биология, 10 сынып, дидактикалық материал.
АТФ (Аденозинүшфосфорқышқылы) — энергитикалық нуклеотид. Бұл – тірі жасушадағы негізгі энергия заты. Оның рөлі мен қасиетін ақырына дейін түсіну үшін АТФ молекуласының құрылысын білу керек. Бұл – жалғыз нуклеотид. Ол РНҚ тізбегіндегі нуклеотидтерге ұқсас, өйткені оның құрамында қант – рибоза болады. Азотты негізі – аденин. Негізгі айырмашылығы мынада: АТФ-да фосфор қышқылының бір қалдығының орнына рибозаға бірінен соң бірі үш қалдық қосылады, сондықтан «үшфосфат» аталған. Сонымен АТФ –ның бір молекуласы азотты негіз –адениннен және оған қосылған қантты зат рибозадан, сонымен қатар рибозаға біріне-бірі жалғасқан үш атомды фосфордан тұрады.
Ағзадағы түрлі қажеттіліктерді қамтамасыз ететін энергия бөлінуі АТФ- гидролизі үрдісінде бір немесе екі фосфор қышқылы молекуласының босауы негізінде жүзеге асады. Нәтижесінде АТФ АДФ-ға айналса, екіншісінде АДФ- АМФ- ға айнала алады.
Тірі ағзалардағы АТФ-ның синтезделуі , яғни ,аденозинфосфаттың фосфор қышқылымен байланысуы түрлі жолдар арқылы жүзеге асады. Солардың негізгісімитохондрияда жүретін органикалық заттардың тотығуы үрдісі. Екіншісі анаэробты процесте негізгі роль атқаратын цитоплазмада жүретін субстраттық фосфорлану үрдісі
Қызметі:
ATФ жасушада энергияны сақтауда маңызды рөл атқармайды, керісінше энергия алмасуында тасымалдау функцияларын орындайды деуге болады. Негізінен молекуласы АДФ –нан ATФ –ға синтезделіп және көп ұзамай пайдалануға жарамды энергиясын босату үшін АДФ-на кері айналады..
АТФ негізгі биологиялық энергия жинақтау қызметін атқаруға фосфор қалдықтарының арасындағы химиялық байланысқа мүмкіндік жасайды. Ол молекуладан «үзілген» кезде энергия бөлінеді.Сонымен бірге бөлінген энергия тірілік үдерістеріне - бұлшықет жиырылуына , зат синтездеу немесе жүйке жүйесінің жұмысына пайдаланылады. Егер жасушада энергия (құнарлы заттардың ыдырау үдерісінде) пайда болса, онда АТФ-ты оңай қалпына келтірудің қайтымды үдерісі жүреді.
АТФ – ағзалардың бүкіл пайдалы энергиясы іс жүзінде сол арқылы «өтетін» зат. Бүкіл тіршілік үдерістері негізіне жататын химиялық реакциялардың жасушада жүзеге асуына жылу, механикалық, өзге де ешқандай энергия түрі пайдаланылмайды. АТФ-ны «жасушалардың энергетикалық нарқы» деп жиі айтатыны сондықтан болса керек. Заттар ыдырау арқылы энергиясын АТФ синтезіне береді. Осыған қатарласа ағзамен және жарғақша арқылы биосинтездің, өсудің, бұлшықет жиырылуының, жүйке серпілісінің заттар тасымалдауды және өзге де көптеген тіршілік үдерістері жүреді. Осы үдерістердің барлығына тек АТФ-ның ыдырау энергиясы ғана шығындалады. АТФ-ның бір молекуласы тәулігіне 2-ден 3 мың рет ыдырап, қосыла алады.
Аденозинүшфосфор қышқылы немесе Аденозинүшфосфат (қысқаша АТФ немесе АҮФ, ағылш. АТР) - энергетикалық нуклеотид. Бұл - тірі жасушадағы негізгі «энергия заты». ағзалардағы бүкіл процесстерінде, заттектер алмасуында маңызы зор. АТФ 1929 жылы Гарвардской медицина мектебінің ғылымдарының (Карл Ломан мен Йеллапрагада Суббарао зерттеу жұмыстарының нәтижесінде ашылған 1941 жылы Фриц Липман АТФ-тың жасушадағы негізгі энергия таратушы ретінде айқындаған
Ақпарат алуға мүмкіндік беретін сайттар: http://appteka.ru/encik/encik_a/atf.htm
http://jbio.ru/ximicheskoe-stroenie-svojstva-i-rol-adenozintrifosfornoj-kisloty-atf-v-kletke
http://fb.ru/article/227383/stroenie-atf-i-biologicheskaya-rol-funktsii-atf
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру