Физикалық есептерді шығаруда дифференциалдық теңдеулерді қолдану. Алгебра, 11 сынып, қосымша материал.
Қосымша №1
1. «Салқындауға» берілген есептер
2. «Бактериялардың көбеюіне» берілген есептер
3. «Жарық өткізгіштікке» берілген есептер
4. «Радиоактивті ыдырауға» берілген есептер
«Салқындауға» берілген есептер
- Дене 10 минутта 100оС -тан 60оС -қа дейін салқындады. Қоршаған орта температурасы 20оС күйінде сақталды. Дене қанша уақытта 25оС дейін салқындайды?
(Жауабы: x(t) = 20 + 80∙2–t/10 x(t) = 25 үшін t = 40 мин).
- Қоршаған орта температурасы 20оС ортада дене 100оС -қа дейін қыздырылды. Егер алғашқы 20 минутта ол 60оС -қа дейін суыса, қанша уақытта 30оС дейін салқындайды?
(Жауабы: x(t) = 80∙2–t/20 x(tx) = 30 үшін tx= 60 мин).
- Турист кафеге келіп, бір кесе кофеге тапсырыс берді. Бөлме температурасы 180С. Турист кофенің жағымды температурасы 50оС деп есептейді. Егер 2 минутта кофе 5оС -қа суыйтын болса, жаңа дайындалған кофенің турист үшін жағымды температураға дейін салқындауына қанша уақыт қажет екенін анықтаңыз.
(Жауабы: x(t) = 10∙(77/82)t/2 x(tx) = 50 үшін tx 30 мин).
«Бактериялардың көбеюіне» берілген есептер
- Егер 3 сағатта бактериялар саны 100-ден 200-ге дейін көбейген болса, 9 сағатта олардың саны неше есе артатынын табыңыз.
(Жауабы: x(t) = 100∙2t/3 x(9) = 800 8 есе артады).
- Зерттеу басталғаннан 12 сағат өткеннен кейін бактериялар саны 3 есе артты. Зерттеу басталғаннан үш тәулік өткеннен кейін бактериялар саны қанша есе артады? Бактериялардың көбеюі олардың санына пропорционал болады.
(Жауабы: e12k = 3, x(72) = Ne72k = N(e12k)6 = 36N = 729N 729 есе).
- 100 бактериялар тобына қолайлы жағдайда көбею мүмкіндігі жасалды. 12 сағат өткеннен кейін олардың саны 500-ге жеткені анықталды. Зерттеу басталғаннан 2 тәулік өткеннен кейін қанша бактерия болады?
(Жауабы: e12k = 5, x(48) = Ne48k = N(e12k)4 = 54N = 625N 625 есе).
«Жарық өткізгіштікке» берілген есептер
- Су қабатында жұтылатын жарық мөлшері суға түсетін жарық санына пропорционал. Қалыңдығы 3 м суда алғашқы түскен жарықтың жартысы жұтылады. 60 м тереңдікке алғашқы түскен жарықтың қанша бөлігі жетеді?
Жауабы: I(z) = I(0)2–z/3, I(60)/I(0) = 2–20).
- Жұқа су қабатында жұтылатын жарық мөлшері суға түсетін жарық саны мен қабаттың қалыңдығына пропорционал. 35 см су қабаты алғашқы түскен жарықтың жартысын жұтады. 2 м су қабаты алғашқы түскен жарықтың қанша бөлігін жұтады?
(Жауабы: I(z) = I(0)∙2– z/35,1 – I(200)/I(0) 98,1%).
- Қалыңдығы 1 метр әйнектің қандай да бір түрі өзіне түскен жарықтың 0,25 бөлігін жұтады. Түскен жарықтың тек 1%-н жұту үшін осы әйнектің қалыңдығы қандай болу керек? (Жауабы: I(z) = I(0)∙0,75z, I(zх) = 0,99I(0), zх0.03494 м).
«Радиоактивті ыдырауға» берілген есептер
- Радиоактивті заттың алғашқы санының екі есе азаю уақытын жартылай ыдырау периоды деп атайды. Жартылай ыдырау периоды 1 жыл болатын 10 г заттың 1 г-ы қалу үшін қанша уақыт өтеді?
(Жауабы: x(t) = 10∙2–t x(tx) = 1 үшін tx = 1/lg2 3,3 жыл).
- Радийдің ыдырау жылдамддығы оның бастапқы мөлшеріне пропорционал және оның жартылай ыдырау уақыты 1600 жыл. 100 жылда радийдің алғашқы мөлшерінің қанша пайызы ыдырайтынын анықтаңыз.
(Жауабы: x(t) = Cekt; x(0) = a, x(1600) = a/2; k = -ln2/1600 t = 100 ∙(x/a) = 2–1/16 0,958).
- Тәжірибе бойынша 1 жылда радийдің әр грамынан 0,44мг ыдырайды. Неше жылдан кейін алғашқы радий мөлшерінің жартысы ыдырайды?
(Жауабы: x(t) = x(0)∙(1 – 0,00044)t x(t) = ½ x(0) үшін t = ln0,5/ln(1-0,00044) 1600 жыл).
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру