Физикалық есептерді шығаруда дифференциалдық теңдеулерді қолдану. Алгебра, 11 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

11.4А Дифференциалдық теңдеулер

Мектеп: ФМБ НЗМ Орал қаласы

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 11

Қатысқандар саны:

 Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Физикалық есептерді шығаруда дифференциалдық теңдеулерді қолдану

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

11.4.3.1 физикалық есептерді шығаруда дифференциалдық теңдеулерді қолдану

 Сабақ мақсаттары

«Салқындауға», «бактериялардың көбеюіне», «жарық өткізгіштікке», «радиоактивті ыдырауға» берілген физикалық есептерді шығаруда дифференциалдық теңдеулерді қолдану дағдысын қалыптастыру

 Бағалау критерийлері

  • айнымалысы ажыратылатын бірінші ретті дифференциялдық теңдеуді дұрыс шеше біледі;
  • физикалық есептерді шығаруда дифференциалдық теңдеулерді дұрыс құра алады және оны шеше алады.

 Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминология:

  • дифференциалдық теңдеу;
  • айнымалылары ажыратылатын бірінші ретті дифференциалдық теңдеу;
  • дифференциалдық теңдеудің жалпы шешімі;
  • дифференциалдық теңдеудің дербес шешімі.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

  • ... арқылы берілген теңдеудің айнымалыларын ажыратамыз;
  • ... болғандықтан, у = … + С функциясы ... дифференциалдық теңдеуінің жалпы шешімі болады;
  • теңдіктің екі жағын да интегралдап ... аламыз.

 Құндылықтарды дарыту

Топтық жұмыста - өзара сыйластыққа, ауызбіршілікке, бір-бірін құрметтеуге, білім іздеудегі табандылықты және жұмыс нәтижесі үшін жауапкершілікті арттыруға баулу; өзін өзі бағалау барысында шыншылдыққа, жарқындылыққа тәрбиелеу

 Пәнаралық байланыстар

Физика, биология

 АКТ қолдану дағдылары

Ғаламтор ресурстарымен жұмыс жасау дағдыларын дамыту

Бастапқы білім

Дифференциалдық теңдеулер туралы түсінігі бар, дифференциалдық теңдеулердің жалпы және дербес шешімдері анықтамаларын біледі;

Айнымалысы ажыратылатын бірінші ретті дифференциялдық теңдеуді шешеді, жалпы және дербес шешімін анықтай біледі

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

2мин

1. Сыныптың сабаққа дайындығын тексеру.

2.Сабақтың оқу мақсатын анықтау, оқушыларды сабақтың жоспарымен таныстыру, сабақ соңында күтілетін нәтижелерді анықтау

Презентация слайдтары 1-4

Сабақтың ортасы

4мин

10мин

12мин

10мин

1. Білімдерді қалыптастыру

Мұғалімнің іс-әрекеті: дифференциалдық теңдеулер арқылы шығарылатын физикалық мағынасы бар есептердің түрлері туралы айтады. Есептерді шығару кезеңдерімен таныстырады.

Оқушының іс-әрекеті: тыңдайды, әңгімеге қатысады

2. Сабақ мақсатына сәйкес дағдыларды дамытуға бағытталған іс-әрекет.

Мұғалімнің іс-әрекеті: оқушыларды төрт топқа бөледі, тапсырмаларды таратады, бағыт береді, қолдау көрсетеді.

Оқушының іс-әрекеті: тапсырманы орындайды, топта талдайды, қорытынды жасайды, басқа топтың оқушыларына түсіндіруге дайындалады

Жұмыстың мақсаты: өз бетімен білім алу дағдысын дамыту.

3. Спикерлердің шығуы (әрқайсысына 3 минуттан беріледі)

Мұғалімнің іс-әрекеті: топ жұмысын бақылайды, қажет болғанда, спикерлердің сөзің түзетеді.

Оқушының іс-әрекеті: спикер класс алдында есебін түсіндіреді, басқалары тыңдап, дәптерлеріне жазып отырады.

Жұмыстың мақсаты: оқушылардың математикалық тілін дамытуға ықпал ету, логикалық және дәйекті сөйлеу дағдыларын әрі қарай дамыту.

4. Қалыптастырушы бағалау

Мұғалімнің іс-әрекеті: деңгейлік тапсырмаларды таратады, оқушының жеке жұмысын бақылайды.

Оқушының іс-әрекеті: тапсырманың шарты бойынша есептерді таңдайды, оларды орындайды, дайын жауаптарымен салыстырып өзін өзі бағалайды.

Жұмыстың мақсаты: жауапкершілікке баулу, шыншылдыққа тәрбиелеу

Презентация слайдтары 5-10

Қосымша 1

Флипчарттар, тақтадағы жазулар, Интернет ресурстары

Қосымша 2

Сабақтың соңы

2мин

1.Сабақты қорытындылап, рефлексия жүргізу. Өзін-өзі бағалау анализі

2.Мұғалім туындаған сұрақтарға жауап береді.

3.Үй жұмысы

Презентация

Слайд 11

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу