Виеттің жалпыланған теоремасы. Алгебра, 10 сынып, сабақ жоспары. 2 сабақ.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

10.3А Көпмүшелер (14 сағ)

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сыныбы:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы

Үшінші дәрежелі көпмүше үшін жалпыланған Виет теоремасына есептер шығару

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

10.2.1.12 Жалпыланған Виет теоремасын біледі және оны үшінші дәрежелі көпмүшеге қолданады.

 Сабақ мақсаттары

 

Оқушы

  • Үшінші дәрежелі көпмүше үшін Виеттің жалпыланған теоремасын тұжырымдайды.
  • Үшінші дәрежелі көпмүше түбірлері және коэфициенттері арасындағы байланысты бағалауға есептер шығарады.

 Бағалау критерийлері

  • Үшінші дәрежелі көпмүше үшін Виет теоремасын дұрыс жазады;
  • Түбірлері арқылы үшінші дәрежелі көпмүшені дұрыс құрастырады;
  • Виет теоремасын пайдаланып көпмүше құрамындағы параметрді дұрыс анықтайды;
  • Берілген көпмүшенің түбірлерін пайдаланып жаңа көпмүше құрастыра алады.

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар:

көпмүшені көбейткіштерге жіктеген кезде қолданылатын қадамдарды сипаттау үшін математикалық терминдерді дұрыс пайдалану.

Пәнге тән лексика мен терминология:

Көпмүше

Многочлен

Polynomial

Квадрат теңдеу

Квадратное уравнение

Quadratic equation

Коэффициент

Коэффициент

Coefficient

Көбейтінді

Произведение

Product

Коэффициент, айнымалы, түбір, қалдық, бөлінді, сызықтық көбейткіш, квадраттық көбейткіш, көбейткіштерге жіктеу, көбейткіштердің көбейтіндісі, канондық түрі, көпмүше.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Көпмүшені көбейткіштерге жіктеу.

Көпмүше түбірлері және коэфициенттері арасындағы байланыс..

Көпмүше түбірлерінің көбейтіндісі....

Көпмүше түбірлерінің қосындысы....

 Құндылықтарды дарыту

Өз бетімен білім ала білуі, жағдаятты талдау, жаңа жағдаяттарға бейімделу, топпен жұмыс істеу, өз жұмысының сапасына жауап беру, өз уақытын ұйымдастыра білу.

 Пәнаралық байланыстар

Жоғары дәрежелі теңдеулер физика пәнінде қолданылады.

 АКТ қолдану дағдылары

Презентация

Бастапқы білім

Оқушылар квадрат үшмүшенің түбірлеріне байланысты Виет теоремасын біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

7 минут

Сынып дайындығын тексеру.

Үй тапсырмасына тоқталу.

Оқушылар көршілермен дәптерлерін ауыстырып, мұғалім ұсынған дұрыс жауаптарды қолдана отырып «екі жұлдыз, бір тілек» техникасын қолданып үй тапсырмасын тексеріп шығады.

Оқушыларды сабақ тақырыбымен, оқу мақсаттарына сай бағалау критерийлерімен танысу.

Сабақтың ортасы

35 минут

Өткен тақырыпты қайталау.

Оқушыларға кішкене кеспе қағаздары ұсынылады, осы қағазға әрбір оқушы екінші және үшінші дәрежелі көпмүше үшін Виет теоремасын жазып шығулары керек. (3 минут)

Мұғалім жинап алып, кез келген ретпен оқушыларға ұсынады, олар өзара бағалау жүргізеді. Тақтада формулалар қайта көрсетіледі.

Есептер шығару.

Оқушыларды 3 адамнан тұратын топтарға бөлу.

«Карусель» әдісі

Оқушылар алдымен топта ақылдасып алады, кейін әрбір оқушы бір есептен орындайды, болған соң сағат тілінің бағытымен ауыса отырып, топтағы келесі оқушының есебін орындайды, осылайша өз орындарына қайта келген соң жауаптарын салыстырады да, келесі тапсырмаға көшеді. Қажет болған жағдайда мұғалімнен көмек сұрай алады.

Тапсырма №1

Теңдеуді шешпей-ақ түбірлерінің квадраттарының қосындысын табыңыз:

Тапсырма №2

  • Түбірлері 7; -2 және 3 болатын, үлкен коэффициенті -5 болатын үшінші дәрежелі көпмүше құрастырыңыз.
  • теңдеуінің екі түбірінің қосындысы 1-ге тең. -ны табыңыз.
  • теңдеуінің бір түбірі екі еселенген екінші түбіріне тең болатындай -ны табыңыз.

Тапсырма №3

  • көпмүшесінің түбірлері -. Түбірлері болатын жаңа көпмүше құрастырыңыз.
  • көпмүшесінің түбірлері -. Түбірлері болатын жаңа көпмүше құрастырыңыз.

Деңгейі жоғары оқушыларға берілетін тапсырма:

  • теңдеуінің түбірлері -. өрнегінің мәнін табыңыз.
  • а параметрінің қандай мәнінде теңдеуінің шартын қанағаттандыратын әртүрлі екі нақты шешімі болады?
  • а параметрінің қандай мәнінде теңдеуінің шартын қанағаттандыратын әртүрлі екі нақты шешімі болады?

Тапсырмалар орындалып болған соң қалыптастырушы бағалау тапсырмалары орындалады.

Қалыптастырушы бағалау тапсырмалары (Қосымшада).

Өздіктерінен орындайды, жұмысты мұғалімге тапсырады.

Презентация;

Есептер жазылған кеспе қағаздар;

Ә.Н.Шыныбеков Алгебра және анализ бастамалары, 10-сынып, «Атамұра», 2014;

Н.Я.Виленкин Алгебра и математический анализ, 10 класс

Мнемозина, Москва, 2006;

М. И. Шабунин, А. А. Прокофьев Алгебра. Начала математического анализа, 10 класс БИНОМ, Москва, 2007.

Сабақтың соңы

3 минут

Рефлексия:

Сабақ соңында бағалау критерийлері бар слайд қайта ашылады, оқушылар әрбір пунктке өзіндік бағалау жүргізеді.

Үй тапсырмасы:

теңдеуінің түбірлері - . өрнегінің мәнін табыңыз.

Стикер;

Үй тапсырмасы жазылған кеспе қағаздары.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қабілеті жоғары оқушылар үшін деңгейі жоғары тапсырмалар қосымша беріледі. Карусель әдісі арқылы қиналған оқушылар сыныптастары және мұғалім тарапынан қолдау тауып отырады.

Өтілген тақырып бойынша өзара бағалау, мұғалімнің бақылауы және бақылау нәтижесінде белсенділігі төмен оқушыларды жұмысқа тарту. Топтық тапсырмаларды орындау барысында өзіндік және өзара бағалау жүзеге асады. Тақырып бойынша қалыптастырушы бағалау тапсырмалары орындалады.

Парта мен орындықта дұрыс отыру.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу