Жоғары дәрежелі теңдеулерді көбейткішке жіктеу тәсілі арқылы шығару. Алгебра, 10 сынып, сабақ жоспары.


Бөлім 10.2А. Көпмүше

Алматы қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Мерізімі:

Мұғалім аты-жөні:

Сыныбы: 10

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспаған оқушылар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Жоғары дәрежелі теңдеулерді көбейткішке жіктеу тәсілі арқылы шығару

Оқу бағдарламасына сілтеме:

10.2.2.1 Жоғары дәрежелі теңдеулерді шешуде көпмүшені көбейткішке жіктеу тәсілін қолданады;

Сабақтың мақсаты

Көбейткіштерге жіктеу тәсілімен теңдеулерді шешу

Бағалау критерийлері

Жоғары дәрежелі теңдеулерді шешу тәсілдерін (Көпмүшені көбейткіштерге жіктеу, жаңа айнымалы енгізу, графиктік тәсіл) қолданады

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Жоғары дәрежелі теңдеулерді шешуді сипаттау үшін математикалық терминдерді пайдаланады және түсінеді.

Пәнге қатысты лексика мен терминология Теңдеу, теңсіздік

Рационалды, иррационалды

Радикал

Шешу, шешім, бөгде шешім

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

... радикалды құтылу мен иррационалдық теңдеуді шештім.

Бөгде шешімнен алып тастағаныңызға көз жеткізіңіз

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

Қазақша

Орысша

Ағылшынша

Көпмүше

Многочлен

Polynomial

Бірмүше

Одночлен

Monomial

Біртекті көпмүше

Однородный многочлен

Homogeneous polynomial

Бос мүше

Свободный член

Absolute term

Үшмүше

Трехчлен

Trinomial

Үлкен коэффициент

Старший коэффициент

Leading coefficient

Түбір

Корень

Root

Құндылықтарды дарыту

Өткен сабақтарда қарастырылған Безу теоремасы (қалдық туралы және көбейткіштерге жіктеу туралы теоремасы)  тақырыптарымен бірге жаңа тақырыпқа бағытталған сұрақтар қою арқылы оқушылардың өмірлік білім жолын қалыптастыруға үйрету, өзіне деген сенімділігін, ойын ашық жеткізе білуге үйрету.

Пән аралық байланыстар

Анықтамаларды дұрыс, нақты айту арқылы және жаңа сабақтың мазмұнын ашу мақсатында қазақ тілі пәнімен байланыс орнатамын.

АКТ қолдану дағдылары

Жаңа тақырыпқа қатысты материалдарды слайд арқылы көрсетіп, интербелсенді тақтаны пайдалана отырып есептер шығарту арқылы оқушыларды АКТ қолдануды үйретемін.

Алдыңғы сабақтан алған білім

Бір айнымалысы бар көпмүшенің канондық түрі , көпмүшені көпмүшеге "бұрыштап" бөлу, Анықталмаған коэффициенттер әдісі , xn-anx2n+1+a2n+1  формулаларының көмегімен көбейткіштерге жіктеу 

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқыту ресурстары

Ұйымдастыру кезеңі

(1 мин)

Сабақтың басы

(10 мин)

Мотивациялық кезеңі:

а) Сәлемдесу;ә) Оқушыларды түгендеу;б) Оқушылардың сабаққа ынтасын арттыру;

в)Үй жұмыстарының тексерілуін қадағалайды;

г)Интерактивті тақтаға үй жұмыстарының шешімдерін көрсетіледі;

Оқушыларға бүгінгі сабақтың тақырыбы мен мақсаты айтылады.

Тақырыпқа сай оқушылардан бүгінгі сабақтың мақсатын ашу үшін сұрақтар қояды.

Сабақтың бағалау критерийлері мен тілдік мақсат айтылады.

Қайталауға арналған сұрақтар:

Теңдеу дегеніміз не?

Мысалдар келтіріңдер?

Теңдеу шешудің қандай әдіс-тәсілдерін білесіңдер?

Презентация

Слайд 1

Слайд 2

Интернет

Жеке жұмыс кезеңі

(5 мин)

Оқушыларға карточкалар беріледі, каточкалардағы тапсырмаларды достарының көмегінсіз өзі орындауы тиіс. (Қосымша№1)

Топқа бөлу кезеңі

(2 мин)

Алдын ала стикерлер дайындалады. Стикерлерде үш топтың аты жазылған. Оқушылар кез келген стикерді таңдау арқылы өзінің қай топта екенін анықтап, сол топтың аты жазылған партаға отырады. Үш топтың аты көрсетілген стикердің біреуінде капитан деген жазуы бар стикерді алған оқушы сол топтың топ басшысы болып дағайындалады.

Презентация Слайд 3

Жұппен жұмыс кезеңі

(5 мин)

Оқушылар жұппен жұмыста топтың ішінде жұп құрып өздеріне берілген тапсырмаларды орындайды. (Қосымша№2)

Презентация Слайд 4

Топпен жұмыс кезеңі

(8 мин)

Әр топтан бір оқушыдан шақырылып, әр оқушы топқа берілген есепті шығару арқылы тобына ұпай алып келеді. Бұл кезде орында отырған оқушылар топ болып ақылдасып, есептің жауабын іздестіреді. Егер тақтадағы оқушы жауапты дұрыс таба алмаса, топ мүшесінің бірі көмекке келіп, топпен қарастырылған тапсырманы тақтадағы оқушыға түсіндіріп, жұптық жұмыс жасайды. (Карточка№3)

А3 парағы , түрлі-түсті маркерлер,

Презентация Слайд 6

Вавилов

Қалыптастырушы бағалау

(10 мин)

Оқушының аты-жөні ____________________________

Пәні: математика

Сыныбы: 11 « »

Бөлім 10.2А. Көпмүше

Оқу мақсаты:

10.2.2.1 Жоғары дәрежелі теңдеулерді шешуде көпмүшені көбейткішке жіктеу тәсілін қолданады;

Тапсырма 1

Теңдеуді көбейткішке жіктеу тәсілімен шешіңдер;

Бағалау критерийлері:

Көпмүшені дұрыс топтастырады

Ортақ көбейткішті жақша сыртына шығаруды орындайды

Түбірлерін табады

Қалыптастырушы бағалауды алу себебім оқушылардың оқу мақсатына жеткендігін білу үшін

Презентация Слайд 6

Қалыптастыр-ушы бағалау 1

Reflection

(4 мин)

Рефлексия

Менің есіме түсті ………………………………..

Маған қиын болды ……………..

Менің білгім келеді ………………………...

Мен орындай алмадым ………………………………

Мен оындағым келеді ………………………….

Презентация слайд 7

Үйге тапсырма (Homework)

1 мин

Интерактивті тақта

Рюстюмова

Дифференциалды оқыту – көбірек қолдау көрсету үшін не істейміз? Қабілетті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Бағалау – оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексереміз?

Пәнаралық байланыс Денсаулық және қауіпсіздік ережелері АКТ құндылықтарымен байланыс (тәрбиелік элемент)

Қабілеті жоғары оқушы қабілеті төмен оқушымен жұптық жұмыс жасайды. Қабілетті төмен оқушыны сабаққа ынталандырып, сабақтың түсініксіз тұстарын түсіндіріп, өзінің сыныптасын абілімге баулиды өзі де тақырыпты қайталау арқылы білімін бекітеді.

Сыныптағы барлық оқушыны назардан тыс қалдырмай белсенділігіне байланысты мақтаулар, мадақтаулар айту.

Оқушының өзін-өзі бағалауға және сыныптаға белсенді оқушыны бағалап, әлі неге қол жеткізу керектігін ьағалау арқылы түсініп отырады.

Ойлауды дамытатын материалдар. Оқушылардың өзара қарым-қатынаста өзін ұстау мәдениетін және қандай жағдай болмасын бірқалыпты болуға тәрбиелеу.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1.Қайталау арқылы еске түсіру

2. Қалыптастырушы бағалау

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

Тапсырмаларды топта талқылау

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Топтағы оқушылардың тапсырманы орындауға толық қатысып отырғанына көңіл бөлу қажет

Қосымша №1

Қосымша №2

Қосымша №3



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу