Статистика элементтері. Алгебра, 8 сынып, сабақ жоспары. 4 сабақ.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

8-сыныптағы алгебра курсын қайталау

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 8

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы

Статистика элементтері

Cабақтың түрі

Қайталау сабағы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

Сабақ мақсаттары

Оқушылар:

  • Интервалдық кесте түрінде, гистограмма, жинақталған жиілік графигі түрінде берілген ақпаратпен жұмыс істейді, стандартты ауытқу және дисперсияны есептейді.

Бағалау критерийлері

Оқушы

  • Интервалдық кесте бойынша гистограмманы салады және керісінше;
  • Жинақталған жиілік графигі бойынша медиананы табады;
  • Стандартты ауытқу мен дисперсияны есептейді.

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

  • деректерді жинау және өңдеу үрдісі туралы тұжырымдайды;
  • таңдаманың жиіліктердің интервалдық кестесі және гистограмма түрінде берілуін тұжырымдайды;
  • гистограмма түрінде берілген статистикалық ақпараттарды талдайды және талқылайды.

Пәнге қатысты лексика және терминология:

  • жиіліктердің интервалдық кестесі;
  • гистограмма;
  • жинақталған жиілік;
  • кумулята;
  • шашырандылықтың өлшемі;
  • дисперсия;

стандартты ауытқу.

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

  • алынған деректерді жиіліктердің интервалдық кестесі түрінде көрсету;
  • жиіліктердің интервалдық кестесінен алынған деректерді жиіліктердің гистограммасы түрінде көрсету;
  • орта мәнге қатысты сандық деректерді шашу дәрежесі.

Құндылықтарды дарыту

 

Құндылықтарды дарыту осы сабақта жоспарланған іс-әрекеттер арқылы жүзеге асады. Оқуға үйрену, жағдаятты талдау, жаңа шарттарға бейімделу, мәселені қою және шешім қабылдау, топта жүмыс істеу, өзінің жұмысының сапасына жауап беру, өз уақытын ұйымдастыру білігі.

Пәнаралық байланыстар

Жоба және зерттеу жұмыстарын орындауға қажетті деректерді жинау, жүйелеу және берудің кейбір әдістерін қарастырады.

Бастапқы білім

Оқушылар «Статистика элементтері» бөлімін 3-тоқсанда өтіп кеткен.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған

іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-2 мин

2-5 мин

  • Ұйымдастыру кезеңі. Сабақ мақсатын қою.

Мұғалім оқушылармен сәлімдесіп, олардың сабаққа дайындығын тексереді. Мұғалім сабақтың тақырыбы мен сабақ мақсаттарын айтады. Оқушылармен бірге сабақ мақсаттары құрастырылып айтылады. Кейін мұғалім бағалау критерийлерін айтып, оқушылардың «жақын даму аймағын» айқындайды, сабақ аяғына қарай күтілетін нәтижелерді айтады.

  • Қайталау.

Мұғалім оқушылармен деректерді жинау, ұсыну және қорытынды жасау туралы әңгіме жүргізеді. Статистиканың күнделікті өмірде қажеттілігі туралы да сөз қозғалады. Күнделікті өмірде, яғни интернет желілерінде, теледидарда, газет-журналда берілетін әртүрлі диаграммалар, инфографикаларды, кестелерді түсіне білу 21-ғасырдың сауаттылығының бірі жайлы мұғалім тарапынан алғысөз айтылып кетеді.

Презентация

Слайд 1-2

Презентация

Слайд 3

Сабақтың ортасы

5-25 мин

25-38 мин

  • Интервалдық кесте, гистограмма, жинақталған жиілік

Мұғалім оқушыларға интервалдық кесте, гистограмма және жинақталған жиілік графигі жайлы қайталау жұмысын ұйымдастырады. Оларды салу тәсілдерін де қарастырады.

Осыдан кейін оқушыларға осы тақырыптарға байланысты тапсырмаларды орындау ұсынылады. Тапсырмалар оқушылардың жеке жұмыс істеуіне бағытталған, бірақ олар жұпта немесе бүкіл сыныппен талқылау жүргізе алады. Мұғалім оқушылардың сұрақтары болғанда талдау жасайды, қосымша түсініктемелер келтіреді.

№1 тапсырманың дескрипторы Оқушы:

- Жинақталған жиілік графигін пайдаланып, медиананы дұрыс табады;

- интервалдық кесте бойынша орташа мәнді дұрыс есептейді;

- интервалдық кесте бойынша гистограмманы дұрыс салады.

2 тапсырманың дескрипторы Оқушы:

- Мода ұғымын дұрыс пайдаланады;

- медиана ұғымын дұрыс пайдаланады;

- арифметикалық орта ұғымын дұрыс пайдаланады;

- есеп шартын қанағаттандыратын сандар жиынын дұрыс жазады.

№3 тапсырманың дескрипторы Оқушы:

- интервалдық кестені дұрыс толықтырады;

- кесте бойынша гистограмманы дұрыс салады;

4. Стандартты ауытқу мен дисперсия.

Мұғалім стандартты ауытқу мен дисперсия ұғымдары және оны есептеу тәсілдері жайлы шолу жасайды. Оқушылар қосымшада берілген тапсырмаларды орындайды. Тапсырмалардың шығару жолдары және жауаптары бүкіл сыныппен талданады. Мұғалім оқушылардың жауаптары әртүрлі болғанда немесе сұрақтар болғанда талдау жасайды, қосымша түсініктемелер келтіреді. Жауаптар дескрипторлар бойынша бағаланады.

№4 тапсырманың дескрипторы Оқушы:

- сандар тізбегінің арифметикалық ортасын дұрыс есептейді;

- сандар тізбегінің квадраттарының арифметикалық ортасын немесе арифметикалық орталардан айырымының квадраттарын есептейді;

- сандар тізбегінің стандартты ауытқуын дұрыс есептейді;

- сандар тізбегінің дисперсиясын дұрыс есептейді.

№5 тапсырманың дескрипторы Оқушы:

- арифметикалық ортаны дұрыс табады;

- стандартты ауытқуды дұрыс табады;

- дисперсияны дұрыс табады.

Презентация

Слайд 4-8

Қосымша 1

Қосымша 1

Презентация

Слайд 9

Сабақтың соңы

    • мин

5. Сабақты қорытындылау. Рефлексия.

Мұғалім сабақ мақсаттарына қайтып оралады, олардың жетістіктерінің деңгейін айтады. Келесі сабақтарды жоспарлау мақсатында оқушыларға сұрақтар қойылады:

 Бүгін мен білдім …

 Маған қызықты болды …

 Маған қиын болды …

 Мен ... тапсырмаларын орындадым.

Сұрақтар ауызша немесе жазбаша талқылана алады.

Үй тапсырмасы ретінде оқушыларға қосымша деңгейлік тапсырмаларды ұсынуға болады, олар әдістемелік нұсқаулықта берілген.

Стикерлер

Презентация слайд 10

Сабаққа берілген әдістемелік ұсыныстар

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақта өзіне сенімсіз оқушылар біршама қабілетті оқушылармен бірге жұпта жұмыс жасайтындай етіп жасалған, сонда олар қабілетті оқушылармен жұмыс жасағанда көбірек біле алады.

Қабілетті оқушылар өздерінің қабілеттерін консультант ретінде айқындай алады.

Жұптағы немесе жеке жұмыстарда Сіз өзіне сенімсіз оқушыларға көмекші сұрақтар қою арқылы көмектесе аласыз.

Формативті бағалау сабақтың әр кезеңінде өткізіледі (өзін-өзі бағалау, мұғалімнің критерий бойынша бағалауы). Оқушылардың тапсырманы орындау барысындағы қатысуы және диалогқа қатысуын бағылау арқылы бағалау.

Жұптағы, топтағы тапсырмаларды орындауға жауапты реакция және прогресс әр оқушының үлесін бағалауға және қателердің бар болуын анықтау үшін қарастырылады.

Барлық тапсырмалар оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеріп алынған. Іс-әрекеттердің ауысып отыруы ең үлкен нәтижеге қол жеткізу мақсатында оқушылардың күші мен зейінін дұрыс үлестіруге ықпалын тигізеді.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
» 85 жастағы қызылордалық ақсақал 2 млн түп ағаш еккен
» 👦🏻👧🏻Елімізде қанша бала бар?
Пікір жазу