Статистика элементтері. Алгебра, 8 сынып, қосымша материал. 4 сабақ.
№1. Жинақталған жиілік графигінде 80 адамның суда жүзу уақыты бейнеленген.
а) Графикті пайдаланып, медиананы табыңыз.
б) 80 адамның суда жүзген уақыты интервалдық кесте түрінде берілген:
Уақыт (t минут) | ||||
Жиілік | 12 | 21 | 33 | 14 |
- Жүзуге кеткен орташа уақытты табыңыз.
- Интервалдық кестедегі ақпаратты бейнелейтін гистограмманы салыңыз:
№2. Қандай да бір 6 бүтін санның модасы 8, медианасы 9 және арифметикалық ортасы 10. Ең кіші бүтін сан 6-дан артық және ең үлкен бүтін сан 16-ға тең. Осы 6 бүтін санның екі мүмкін жиынын жазыңыз.
№3. Бір күні Ахмет 160 апельсин сатты. Ол әрбір сатылған апельсиннің салмағын өлшеп кестеге жазып отырды.
Салмағы (г) | |||||
Жиілік | 35 | 40 | 40 | 15 |
- 160 апельсиннің орташа салмағын есептеңіз.
- Кестедегі ақпаратты бейнелейтін гистограмманы салып толықтырыңыз:
№4. Келесі сандардың арифметикалық ортасын, стандартты ауытқуын және дисперсиясын табыңыз.
68435743
№5. Қандай да бір 20 санның қосындысы 22-ге тең, ал олардың квадраттарының қосындысы 55-ке тең. Осы сандардың арифметикалық ортасын, стандартты ауытқуын және дисперсиясын табыңыз.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру