Бөлшек - рационал теңдеулерді шешу. Алгебра, 8 сынып, сабақ жоспары. 3 сабақ.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

8.2A: Квадрат теңдеулер

Теңдеулерді шешу

Мектеп: Атырау қаласындағы химия-биология бағытындағы

Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Арыстанова А.М.

Сынып: 8

Сабақ 3

Қатысқандар:

Қатысқандар:

Сабақтың тақырыбы

Бөлшек-рационал теңдеулерді шешу

Сабақтың түрі

Жаңа тақырыпты меңгеру

Осы сабақта қол

жеткізілетін оқу

мақсаттары (оқу

бағдарламасына сілтеме)

8.2.2.6 Бөлшек-рационал теңдеулерді шешу

Сабақтың мақсаты

Оқушылар бөлшек-рационал теңдеулерді квадрат теңдеулерге келтіру әдістерін біледі, бөлшек-рационал теңдеулерді шешеді.

Бағалау критерийлері

- бөлшек-рационал теңдеудің анықтамасын біледі;

- бөлшек-рационал теңдеуді шешу алгоритмін қолданады;

- ММЖ анықтайды;

- бөлшек-рационал теңдеуді шешеді.

 Тілдік мақсат

 

Оқушылар квадрат және бөлшек-рационал теңдеулерді шешу жолын ауызша айтады;

Бөлімнің пәндік лексикасы мен терминологиясына сүйенеді.

Пәндік лексика және терминология:

Бөлшек-рационал теңдеулер

айнымалының мүмкін мәндер облысы

бөгде түбір

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

Бөлшектің бөлімін квадрат үшмүше түрінде жазайық...

Бөлшектерді ортақ бөлімге келтірейік...

Бұл түбір бөгде түбір болады, өйткені... .

Құндылықтарды дарыту

Сабақ өту барысында әдепті сөйлеуге, уақытты үнемдеуге баулу. Коммуникативтік дағдыларын қалыптастыру.

Өзіне талап қоя білу, сыныптасына қолдау көрсету.

Идеяларымен бөлісу,талқылауға қатысу.

Пәнаралық байланыс

Қолданбалы математика

АКТ қолдану дағдылары

Power Point презентациясы

Бастапқы білім

Оқушылар квадрат теңдеулерді шеше алады, алгебралық бөлшектермен амалдар орындай алады.

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы

1 минут

Сабақтың ортасы

14 минут

12 минут

15 минут

Ұйымдастыру бөлімі

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

Жаңа материалды меңгеру

Тақтада теңдеулер берілген. Бұл теңдеулердің барлығын шеше аласыз ба? Қайсысын шығара алмайсыз? Неге?

Бүтін және бөлшек-рационал теңдеулердің анықтамаларын беру.

Екі жағы да рационал өрнектер болатын теңдеуді бүтін рационал теңдеулер деп атайды.

Теңдеулер бүтін рационал өрнектермен қатар бөлшек-рационал өрнектерден тұратын теңдеуді бөлшек- рационал теңдеу деп атайды.

Берілген 7 теңдеудің әрбірінің қай теңдеуге жататынын ауызша сұрап шығу. №4 теңдеудің шешімін көрсету.

Бөлшек-рационал теңдеулерді шешу үшін:

 1) берілген теңдеудің мүмкін мәндер жиынын (берілген теңдеудің бөлімін нөлге айналдыратын мәндерін) анықтау керек;

2) барлық бөлшектердің ортақ бөлімін табу керек;

3) теңдеудің екі бөлігін де ортақ бөлімге көбейтіп, оны бүтін теңдеумен ауыстыру керек;

4) шыққан теңдеуді шешу;

5) оның түбірлері ішінен мүмкін мәндер жиынына кірмейтін түбірлерді алып тастап, жауабын жазу керек.

Төмендегі тапсырманы алгоритмді қолдана отырып өздері шығарады, кейін тақтада дұрыс шешімі көрсетіледі.

Бөлшек-рационал теңдеуді шешіңіз:  

1) х – 1 ≠ 0 сондықтан x ≠ 1

2)

3) 3+2(x−1)=4−x

4) x=1

5) жауабы: түбірі жоқ

Алғашқы бекіту тапсырмалары

Оқушылар алгоритмді пайдаланып есептерді шығарады, сыныптың бір жақ қабырғасына есептің шығарылу жолы, жауабы жазылған парақтар ілінеді. Екінші жақ қабырғасына тек жауабы ілінеді. Оқушылар есепті шығару кезінде қиналса шығару жолы жазылған қабырғаға, ал тек жауабын тексергісі келсе екінші қабырғаға барады. Жауабы қате болған жағдайда шығару жолын қарауға болады.

Бөлшек-рационал теңдеулерді шешіңіз:  

№1.

№2.

№3.

№4.

Жұппен жұмыс

Оқушылар жұптарға бөлініп төмендегі тапсырманы орындайды. Кейін

1) әрбір жұптан бір оқушы келесі жұптың бір оқушысымен жұптасады;

2) оқушылар кезектесе отырып бір-біріне есептің шығару жолын түсіндіреді. Екіншісі өздерін шығару жолдарымен салыстырады, қажет болғанда жағдайда комментарий береді.

Тапсырма:

Ауданы ең үлкен облыс () ... .

Ауданы ең кіші облыс () ... .

Тұрғындар саны ең көп облыс ... .

Тұрғындар саны ең аз облыс () ... .

Қазақстанның ең биік Хан-Тәңірі шыңы () ... облысында орналасқан.

Қазақстандағы ең төмен температура (–57º С) (х = 3) ... облысында тіркелді.

Теңдеу

Облыс атауы

Атырау

Солтүстік Қазақстан

Ақмола

Оңтүстік Қазақстан

Алматы

Қарағанды

1-2 слайдтар

3 слайд

4-6 слайд

7 слайд

8 слайд

Қосымша 1

Қосымша 2

Сабақтың соңы

3 минут

Сабақты қорытындылау

Үй тапсырмасы

Теңдеулерді шешіңіз:

1.

2.

3.

Рефлексия

Бүгінгі сабақтағы көңіл-күйіне сай тақтадағы бір бағандағы смайликке стикер жабыстырады.

-бүгінгі сабақтың теориялық бөлімін түсіндім және есептер шығаруда қолдана алдым.

- бүгінгі сабақтың теориялық бөлімін түсіндім, бірақ есептер шығаруда қолдана алмадым.

- мен теориялық бөлімді жақсы түсінбедім, сондықтан есеп шығаруда қолдана алмадым.

Қосымша 3

9 слайд

Қосымша ақпарат

Саралауоқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз?

Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай

тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік

техникасының сақталуы

Қабілеті жоғары оқушылар материалды бекіту кезінде басқа оқушыларға көмектеседі. Тапсырманың барлығын бірінші бітірген оқушыға қосымша есеп беріледі.

Мұғалім оқушылардың белсенділігін бақылайды. Сабақта өзін-өзі бағалаумен қатар өзара бағалау жүргізіледі.

Сынып бөлмесі желдетіледі. Қажет болған жағдайда сергіту сәті ұйымдастырылады.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары

дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол

жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды

ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар

болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Үздік криптобиржа: Binance, ByBit, OKX

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Рамазанға 21 күн қалды 🌙
» ҰБТ ұзақтығы — төрт сағат болады
» 1-сыныпқа құжат қабылдау мерзімі 31 тамызға дейін ұзартылды
Пікір жазу