Бөлшек - рационал теңдеулерді шешу. Алгебра, 8 сынып, сабақ жоспары. 3 сабақ.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

8.2A: Квадрат теңдеулер

Квадрат теңдеулер

Мектеп: Шымкент қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Архабаева Ж.К.

Сынып: 8

Сабақ 3

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Бөлшек-рационал теңдеулерді шешу

Сабақтың түрі

Жаңа тақырыпты меңгеру

Осы сабақта қол

жеткізілетін оқу

мақсаттары (оқу

бағдарламасына сілтеме)

8.2.2.6 Бөлшек-рационал теңдеулерді шешу

Сабақтың мақсаты

Оқушылар бөлшек-рационал теңдеулерді квадрат теңдеулерге келтіру әдістерін біледі, бөлшек-рационал теңдеулерді шешеді.

 Бағалау критерийлері

Дағды

Бағалау критерийлері

Білу және түсіну

Бөлшек-рационал теңдеулерді ажыратады

Қолдану

Бөлшек-рационал теңдеулерді квадрат теңдеулерге келтіреді

Бөлшек-рационал теңдеулердегі айнымалының мүмкін мәндер облысын табады

Талдау

Бөгде түбірлерді анықтайды.

 Тілдік мақсат

 

Оқушылар квадрат және бөлшек-рационал теңдеулерді шешу жолын ауызша айтады;

Бөлімнің пәндік лексикасы мен терминологиясына сүйенеді.

Пәндік лексика және терминология:

Бөлшек-рационал теңдеулер

айнымалының мүмкін мәндер облысы

бөгде түбір

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

Бөлшектің бөлімін квадрат үшмүше түрінде жазайық...

Бөлшектерді ортақ бөлімге келтірейік...

Бұл түбір бөгде түбір болады, өйткені... .

 Құндылықтарды дарыту

Ынтымақтастық: ынтымақтастық дағдысын қалыптастыру және сындарлы көзқарасты қалыптастыру топпен, жұппен жұмыс арқылы жүзеге асырылады.

Академиялық адалдық: өзгелердің ойы мен ұсынысын сыйлауға тәрбиелеу әртүрлі ақпарат көздерімен жұмыс жасау кезінде көрініс табады.

Пәнаралық байланыс

Қолданбалы математика, физика.

Зерттеушілік тәсіл (не білемін, не білгім келеді, не білдім).

АКТ қолдану дағдылары

Power Point презентациясы

Бастапқы білім

Оқушылар квадрат теңдеулерді шеше алады, алгебралық бөлшектермен амалдар орындай алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы

2 мин

5 мин

5 мин

Ұйымдастыру кезеңі: мұғалім оқушылармен амандасады, сабаққа дайындығын тексереді.

Үй тапсымасын тексеру:

Оқушылар дайын үлгі бойынша үй тапсырмасын тексереді.

Модулі бар теңдеулерді шешу дағдысына арналған қалыптастырушы бағалау тапсырмаларын орындау

Теңдеулерді шешіңіз:

а) ;

б) .

Оқушылармен біріге отырып сабақтың тақырыбын, сабақтың мақсатын ашып алу.

Ауызша тапсырмалар:

1. Бөлшектердің ортақ бөлімін табыңыз.

2. Өрнекті ықшамдаңыз.

Қосымша 1

1-5 слайдтар

6-7 слайдтар

Сабақтың ортасы

15 мин

10 мин

5 мин

Жаңа материалды меңгеру

1. Оқушылардың назарына бірнеше теңдеулерді ұсыну:

, , , .

Алғашқы екеуі бүтін-рационал, соңғы екеуі бөлшек-рационал теңдеу екені айтылады.

Сұрақтарды талқылау:

Қандай теңдеу бөлшек-рационал деп аталады? Бөлшек-рационал теңдеудің бүтін-рационалдан қандай айырмашылығы бар?

Осындай теңдеулерге мысалдар қарастырылады.

2. теңдеуін шешу ұсынылады. Талқылау барысында шешу алгоритмі тақтаға жазылады.

3. Осы алгоритмді бөлшек-рационал теңдеуді шешуге қолдану үшін төмендегі мысал қарастырылады:

4. Бөгде түбір ұғымы талқыланады. Алгоритмге шыққан түбірді тексеру, яғни төртінші кезең қосылады.

5. Екінші теңдеуді шешу:

Айнымалының мүмкін мәндер облысын табу арқылы шешімді рәсімдеу қарастырылады.

Жаңа материалды бекіту

Jigsaw әдісін қолдану арқылы бөлшек-рационал теңдеуді шешудің алғашқы дағдысын қалыптастыру:

1) ;

2) ;

3) .

Оқушылар шағын топтарға бөлінеді. Әрбір топ бір теңдеуді шешеді, шешімді талқылайды. Бұл командалық жұмыс топтың әрбір мүшесіне теңдеуді шешуді түсінуге бағытталған. Кейін әртүрлі теңдеулерді шешкен 3 оқушыдан жаңа топ құрастырылады. Оқушылар алғашқы топта талдаған теңдеулерін бір-біріне түсіндіреді.

Өздігінен теңдеулерді шешу

Теңдеулерді шешіңіз:

а) ;

б) .

8-12 слайдтар

Зив Б.Г., Гольдич В.А. Дидактические материалы по алгебре для 8 класса. – С.-Петербург: Петроглиф, 2010. -128 с. : ил. 42-44 б.

Қосымша 1

Сабақтың соңы

3 мин

Сабақты қорытындылау:

Оқушылармен сабақта жасалынған жұмыстар талқыланады:

- Сабақтың қай сәттері қиын болды, неліктен?

- Бұл қиындықтарды қалай жеңуге болады?

Үй тапсырмасы

Теңдеулерді шешіңіз:

1) ; 2) ; 3) .

13 слайд

Зив Б.Г., Гольдич В.А. Дидактические материалы по алгебре для 8 класса. – С.-Петербург: Петроглиф, 2010. -128 с. : ил. 42-43 б

Саралау –оқушыларға қалай көбірек

қолдау көрсетуді жоспарлайсыз?

Қабілеті жоғары оқушыларға қандай

міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау –оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай

тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік

техникасының сақталуы

Қабілеті жоғары оқушылар материалды бекіту кезінде басқа оқушыларға көмектеседі.

Мұғалім оқушылардың белсенділігін бақылайды. Топпен жұмыс кезінде қалыптастырушы бағалау жүргізіледі.

Сергіту сәті қолданылады. Сабақ барысында оқушылар сынып бөлмесінде орын ауыстырады.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары

дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол

жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды

ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар

болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқытутуралы да, оқутуралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу