Бөлшек - рационал теңдеулерді шешу. Алгебра, 8 сынып, сабақ жоспары. 4 сабақ.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

8.2A: Квадрат теңдеулер

Квадрат теңдеулер

Мектеп: Шымкент қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Архабаева Ж.К.

Сынып: 8

Сабақ 4

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Бөлшек-рационал теңдеулерді шешу

Сабақтың түрі

Тақырыпты бекіту сабағы

Осы сабақта қол

жеткізілетін оқу

мақсаттары (оқу

бағдарламасына сілтеме)

8.2.2.6 Бөлшек-рационал теңдеулерді шешу

Сабақтың мақсаты

Оқушылар бөлшек-рационал теңдеулерді квадрат теңдеулерге келтіру әдістерін біледі, бөлшек-рационал теңдеулерді шешеді.

 Бағалау критерийлері

Дағды

Бағалау критерийлері

Білу және түсіну

Бөлшек-рационал теңдеулерді ажыратады

Қолдану

Бөлшек-рационал теңдеулерді квадрат теңдеулерге келтіреді

Бөлшек-рационал теңдеулердегі айнымалының мүмкін мәндер облысын табады

Талдау

Бөгде түбірлерді анықтайды.

 Тілдік мақсат

 

Оқушылар квадрат және бөлшек-рационал теңдеулерді шешу жолын ауызша айтады;

Бөлімнің пәндік лексикасы мен терминологиясына сүйенеді.

Пәндік лексика және терминология:

Бөлшек-рационал теңдеулер

айнымалының мүмкін мәндер облысы

бөгде түбір

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

Бөлшектің бөлімін квадрат үшмүше түрінде жазайық...

Бөлшектерді ортақ бөлімге келтірейік...

Бұл түбір бөгде түбір болады, өйткені... .

 Құндылықтарды дарыту

Ынтымақтастық: ынтымақтастық дағдысын қалыптастыру және сындарлы көзқарасты дамыту топпен, жұппен жұмыс арқылы жүзеге асырылады.

Академиялық адалдық: өзгелердің ойы мен ұсынысын сыйлауға тәрбиелеу әртүрлі ақпарат көздерімен жұмыс жасау кезінде көрініс табады.

Пәнаралық байланыс

Қолданбалы математика, физика.

Зерттеушілік әдіс (не білемін, не білгім келеді, не білдім).

АКТ қолдану дағдылары

Power Point презентациясы

Бастапқы білім

Оқушылар квадрат теңдеулерді, бөлшек-рационал теңдеулерді шеше алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин

8 мин

Ұйымдастыру кезеңі: мұғалім оқушылармен амандасады, сабаққа дайындығын тексереді.

Үй тапсымасын тексеру:

Кейбір оқушылар теңдеудің шешу жолын тақтаға шығарып көрсетіп, шешу барысын қысқаша айтып береді.

Ауызша есептеу

Ауызша жұмысқа арналған тапсырмалар слайдта көрсетіледі. Оқушылар өз жауаптарын жеке берілген шағын тақтаға немесе ламинадталған А4 парағына жазады.

3-7 слайдтар

Шағын тақта, маркерлер

Сабақтың ортасы

17 мин

12 мин

Теңдеуді шешу дағдысын бекіту жұмысы

Бөлшек-рационал теңдеулерді шешу дағдысын бекітуге арналған жұмыс ұсынылады. Осы мақсатпен оқушыларға теңдеулерді шешуге арналған тапсырмаларды орындау ұсынылады. Теңдеулерді шешіп болған соң, түбірдің орнына мәтінге төменде берілген облыс атауының бірін жазады:

Ауданы ең үлкен облыс () ... .

Ауданы ең кіші облыс () ... .

Тұрғындар саны ең көп облыс ... .

Тұрғындар саны ең аз облыс () ... .

Қазақстанның ең биік Хан-Тәңірі шыңы () ... облысында орналасқан.

Қазақстандағы ең төмен температура (–57º С) (х = 3) ... облысында тіркелді.

Теңдеу

Облыс атауы

Атырау

Солтүстік Қазақстан

Ақмола

Оңтүстік Қазақстан

Алматы

Қарағанды

Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмаларды орындау

Оқушыларға өздіктерінен шешуге арналған теңдеулер беріледі. Мұғалім тексеру үшін дәптерлерін жинап алады.

Тапсырманы ерте бітірген оқушыларға қосымша тапсырмалар беріледі:

 В деңгейі

 х-тің қандай мәнінде:

 а) функциясының мәні 2-ге тең;

 б) функциясының мәні -10-ға тең?

 

 С деңгейі

 Үшбұрыштардың орнына тепе-теңдік орындалатындай бірмүшелерді қойыңыз:

 

Қосымша 1

8 слайд

Қосымша 2

9 слайд

Сабақтың соңы

3 мин

Қорытындылау:

Оқушылармен сабақта жасалынған жұмыстарды талқылау:

- Сіздің жасаған жұмысыңыздың қай жағы мықты болды?

- Жұмыста қандай қателіктер жіберілді, неліктен?

- Осы қиындықтарды қалай жеңуге болады?

Үй тапсырмасы

Теңдеулерді шешіңіз:

10 слайд

Зив Б.Г., Гольдич В.А. Дидактические материалы по алгебре для 8 класса. – С.-Петербург: Петроглиф, 2010. -128 с. : ил. 42-43 б

Саралау –оқушыларға қалай көбірек

қолдау көрсетуді жоспарлайсыз?

Қабілеті жоғары оқушыларға қандай

міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау –оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай

тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік

техникасының сақталуы

Саралау оқушыларға әртүрлі деңгейдегі тапсырмалар беру арқылы жүргізіледі. Оқушылар өз деңгейлерін өздері таңдай алады. Сонымен бірге қабілеті жоғары оқушыларға қосымша тапсырмалар беріледі.

Сабақтың басында және ортасында мұғалім қалыптастырушы бағалау жүргізеді. Сонымен бірге оқушылар сабақтың соңында талқылу жүргізгенде өздерінің жұмыстарын бағалай алады.

Сергіту сәтін қолдану ұсынылады.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары

дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол

жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды

ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар

болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқытутуралы да, оқутуралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу