алу
👈 қаріп өлшемі 👉
қосу

Көпмүшелерге амалдар қолдану. Алгебра, 7 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Пәні: Математика

Тоқсан 2

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.2В бөлім: Көпмүшелер

Атырау қаласы химия – биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні: 22. 11.2019

Мұғалімнің аты-жөні: Изтелеуова Г.Д.

Сынып: 7 в-1

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Көпмүшелерге амалдар қолдану

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.2.1.9 көпмүшелерге қосу және азайту амалдарын орындай алады;

7.2.1.10 көпмүшені бірмүшеге көбейтеді;

 Сабақ мақсаттары

Көпмүшелерді қосу және азайту , көпмүшені бірмүшеге көбейту амалдарын қолдана алады;

 Бағалау критерийлері

Көпмүшелерге қосу және азайту амалдарын орындай алады;

көпмүшені бірмүшеге көбейте біледі;

 Тілдік мақсаттар

Оқытудың тілдік мақсаттары:

Оқушылар:

қандай өрнектің бірмүше (көпмүше) болатынын түсіндіреді;

- бірмүшені (көпмүшені) стандарт түрге қалай келтіруді түсіндіреді;

- бірмүшелерді көбейту мен бірмүшені дәрежеге шығару жолын негіздейді;

- көпмүшелерді қосу мен азайтудың жолын, бірмүшені көпмүшеге көбейту және көпмүшелерді көбейтуді негіздеу жүргізеді.

Бөлім бойынша лексика мен терминология:

  • бірмүше, бірмүшенің стандарт түрі; көпмүше, көпмүшенің стандарт түрі; екімүше, үшмүше; бірмүшенің дәрежесі; бірмүшенің коэффициенті; бірмүшелерді көбейту; көпмүшенің дәрежесі;
  • көпмүшенің бас мүшесі; бас коэффициент; көпмүшенің бос мүшесі;
  • көпмүшелерді қосу және азайту; ұқсас бірмүшелер; көпмүшелердің көбейтіндісі

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

  • ... дәрежелі бірмүше; бірмүшеге енетін дәрежелердің көрсеткіштерінің қосындысы ... тең; бірмүшені (көпмүшені) стандарт түрге келтіру үшін ... ; бірмүшелерді көбейткенде ... ; бірмүшені дәрежеге шығарғанда ... ;
  • бірмүшелердің алгебралық қосындысы ...; ... дәрежелі көпмүше;
  • берілген көпмүшенің бас мүшесі ... болып табылады;
  • берілген көпмүшенің бос мүшесі ... болып табылады;
  • көпмүшенің ұқсас мүшелерін біріктіру үшін ... ;
  • ... жақшаларды ашып, ұқсас мүшелерді біріктіру;
  • көпмүшені бірмүшеге көбейту үшін ... ;

көпмүшені көпмүшеге көбейту үшін ...

 Құндылықтарды дарыту

Белсенді қарым- қатынас, өзіндік шешім қабылдауды үйрену және оны дамыту.бір – бірінің пікірлері мен ерекшеліктерін құрметтеу, қабылдау

Тәрбиелік мағына

 «Мәңгілік ел»

Дұрыс шешім қабылдау үшін, қоғамдық өмірге қатысу үшін шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау қабілетін қалыптастыру.

 Пәнаралық байланыстар

Бірмүшелер мен көпмүшелерге амалдар қолдануды, мәтін есептердің математикалық моделдерін құруда көпмүшелерді пайдалануды оқып-үйренеді

 АКТ қолдану дағдылары

Power Point презентациялары арқылы сыни тұрғыдан ойлау мен зерттеу дағдыларының дамыту.

Бастапқы білім

Алгебралық өрнектерге түрлендіруді және дәрежелерге амалдар қолдана алу.

Сабақтың түрі

Білім мен дағды, іскерлікті қолдану сабағы

Сабақ барысы

Сабақтыңжоспарланғанкезеңдері

1-сабақ.

Сабақтың басы 2минут

I.Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен сәлемдесу. Оқушылардың сабаққа әзірлігін тексеру.

Ресурстар

3 минут

2 минут

5 минут

1 минут

10 минут

2 минут

2 минут

10 минут

7 минут

ІІ. «Ой қозғау»

Сөз тіркесін құрастыру үшін үлестірмелер саны бойынша оқушыларға көпмүше дәрежелерін лента түрінде өсу ретімен тізбектей орналастыруға көпмүшелер жазылған үлестірмелерді ұсыныңыз. Үлестірмелердің екінші жағынан сөз тіркесін оқуға болады «Көпмүшелерге амалдар қолдану»

  • 4 – дәрежелі ге
  • 7 – дәрежелі қол
  • 2ав - 4в 2 – дәрежелі мүше
  • 5ху - 4 3 – дәрежелі лер
  • 6 8- дірежелі да
  • - 6- дәрежелі дар
  • а + в 1- дәрежелі Көп
  • 0,5х – 3х + 4 5- дәрежелі амал
  • 9- дәрежелі ну

Көп – мүше- лер - ге амал-дар қол – да ну

Сабақ тақырыбы, оқу мақсаты анықталады

ІІІ. Жеке жұмыс: «TRUE or FALSE» ойыны

Оқушылар тапсырмаларды жеке орындап, нәтижелерін «true» немесе «false» деп белгілейді. Қате болған жауаптарды оқушылармен талқыланады.

  • 13а – 2bс+19bс = 13a +17 bc A
  • - 10nm + 9x - 20nm = 10nm - 9x Ж
  • Ж
  • x) –2(a-ax) = a + ax A
  • 5) -3(x+1) = -x - 7 Ж
  • A

Кері байланыс. Өзін –өзі бағалау

Жақшаларды ашу және жақшаларға алу ережелерін қайталау.

IV. Жұппен жұмыс:

1. 2-а-1 және а2+2 көпмүшелері берілген.

a) Берілген көпмүшелердің айырмасын табыңыз.

b) Берілген көпмүшелердің қосындысын табыңыз.

Жауаптарды стандарт түрге келтіріңіз

2. Үшбұрыштың бір қабырғасы (а+в) см, екінші қабырғасы одан (а-5) см артық , ал үшінші қабырғасы (2в+5) см болса, үшбұрыш периметрін табыңыздар.

3. Алматыдан шыққан пойыз Қостанай қаласына Қарағанды және Астана қалалары арқылы өтіп барады. Алматыдан Қарағандыға дейінгі арақашықтық а км, Қарағандыдан Астананға дейінгі аралық одан 850 км кем, ал Астанадан Қостанайға дейінгі аралық Қарағанды мен Астана аралығы ұзындығынан 520 км артық болса , пойыз Алматыдан Қостанайға дейін қанша км жол жүреді? Қалалардың аралықтарын а=1090 км болғанда, есептеп табыңыздар.

Кері байланыс. Бірін- бірі бағалау ( критерий арқылы бағалау)

Бағалау критерийлері

Дескриптор

Оқушы

Балл

Көпмүшелерді қосу және азайту амалдарын орындайды, жауаптарын стандарт түрге келтіреді

көпмүшелердің айырмасын табады;

жауабын стандарт түрде жазады

көпмүшелердің қосындысын табады;

жауабын стандарт түрде жазады;

1

1

1

1

Үшбұрыштың периметрін есептейді

Үшбұрыштың екінші қабырғасын анықтайды;

Үшбұрыштың периметрін табады;

1

1

Алматыдан Қостанайға дейінгі жолды анықтайды

Қарағандыдан Астананға дейінгі аралықты анықтайды;

Астанадан Қостанайға дейінгі аралықты анықтайды;

Алматыдан Қостанайға дейінгі жолды табады

Сан мәнін есептеп табады;

1

1

1

1

Барлығы:

10

Топқа бөлу тапсырмалары:

( Көпмүшенің мүшелері бойынша топқа бөлу)

  • а+в
  • 5-3 х
  • -4а
  • 7авс
  • 3
  • 8+2х
  • 9-
  • а-в+4х

V. Топпен жұмыс:

«Абака» оқыта үйрету ойыны

Ұпай

Бірмүше

Көпмүше

10

Бірмүшені стандарт түрге келтіріңіз:

Көпмүшені стандарт түрге келтіріңіз:

20

Егер ав=3 болса, өрнектің мәнін тебыңыз.

Өрнекті ықшамдап, оның мәнін табыңыздар:

30

Өрнекті ықшамдаңыздар:

Өрнекті ықшамдаңыздар:

40

Теңдік айнымалылардың кез-келген мәндерінде тура болатындай М-ді бірмүшемен алмастырыңыздар:

Теңдік айнымалылардың кез-келген мәндерінде тура болатындай М-ді көпмүшемен алмастырыңыздар:

50

Тік төртбұрыш түріндегі жер учаскесінің ені а м, ал ұзындығы енінен 3,5 есе үлкен. Учаскенің ауданын табыңыз.

Тік төртбұрыштың бір қабырғасы (3m+2n) см, ал екінші қабырғасы одан (m - n) см-ге артық. Тік төртбұрыштың периметрін табыңыз.

60

Тік бұрышты параллелепипед түріндегі аквариумның ені а см, ұзындығы енінен 1,2 есе артық, биіктігі ұзындығының -не тең. Аквариумдағы судың деңгейі оның биіктігінің 80 % -ын құрайды. Аквариумдағы судың көлемін табыңыз.

Бір учаскеден а кг картоп, екіншісінен 15 % кем, ал үшінші учаскеден алдынғы екеуінікінен 40 кг кем жинаған. Үш учаскеден барлығы қанша картоп жинаған?

Қорытындылау. Кері байланыс. Бағалау.

Оқу жоспары

7 сынып

М. Н. Макарычев Алгебра

7 сынып

2004 жыл

М. Н. Макарычев Алгебра

7 сынып

2004 жыл

Сабақтың соңы

3 минут

Үй жұмысы: № 36

Сабақ соңында рефлексия жүргіземіз. (3 минут)

«Сөйлемді жалғастыр» (дәптерге жазады).

  • Бүгінгі сабақта... білдім
  • … үйрендім
  • … қиындық туындады
  • … әлі де жұмыстануым керек
  • … маған қызық болды?

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілетіжоғарыоқушыларғақандайміндетқоюдыжоспарлапотырсыз?

Бағалауоқушылардыңматериалдымеңгерудеңгейінқалайтексерудіжоспарлайсыз?

Денсаулықжәнеқауіпсіздіктехникасыныңсақталуы

Сабақбойыншарефлексия

Сабақмақсаттары/оқумақсаттарыдұрысқойылғанба? Оқушылардыңбарлығы ОМ қолжеткіздіме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақтасаралаудұрысжүргізілдіме?

Сабақтыңуақыттықкезеңдерісақталдыма?

Сабақжоспарынанқандайауытқуларболды, неліктен?

Бұлбөлімдісабақтуралыөзпікіріңіздібілдіруүшінпайдаланыңыз. Өзсабағыңызтуралысолжақбағандаберілгенсұрақтарғажауапберіңіз.

Жалпыбаға

Сабақтыңжақсыөткенекіаспектісі (оқытутуралыда, оқутуралыдаойланыңыз)?

1:

2:

Сабақтыжақсартуғанеықпалетеалады (оқытутуралыда, оқутуралыдаойланыңыз)?

1:

2:

Сабақбарысындасыныптуралынемесежекелегеноқушылардыңжетістік/қиындықтарытуралыненібілдім, келесісабақтарданегекөңілбөлуқажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 керемет тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру

Пікір жазу



Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы