Калькулятор көмегімен жуықтау. Алгебра, 7 сынып, презентация.


Калькулятордың көмегімен жуықтау

Сабақтың оқу мақсаттары

7.1.2.13 калькулятордың көмегімен жуықтап есептеулерді орындау;

Windows операциялық жүйесінде калкуляторды іске қосу үшін:

Пуск => Все программы => Стандартные => Калькулятор;

Калькулятордың түрлері (Вид => Обычный – Инженерный – Программист – Статистика).

Ондық разрядты енгізу үшін «EE» немесе «EXP» батырмалары жиі пайдаланылады

Мысалы:

0,000143306 бастапқы санын стандарт түрде теру үшін келесі әрекеттерді орындаңыз:

санның мәнді бөлігін 1,43306 енгізіңіз;

батырмасын басыңыз, енгізу жолағында 1,43306е+0 түріндегі сан пайда болады;

-4 дәреже көрсеткішін енгізу үшін батырмасын және 4 санын басыңыз, сонда енгізу жолағында 0,000143306 саны көрінеді

Максималды дәреже көрсеткіш +289.

Мысал

Экспоненциалды түрдегі санды енгіземіз, мысалы, 2,7359е+4. Осыдан кейін осы санды 100-ге көбейтеміз. Нәтижесін тағы да ондық санау жүйесінде аламыз, яғни 2735900. Нәтижені экспоненциалды түрде алу үшін амалды орындағанға дейін батырмасын басу керек. Осыдан кейін барлық келесі нәтижелер экспоненциалды түрде көрсетіледі. батырмасын басу арқылы санның экспоненциалды түрі тәртібін сөндіреміз және санның кәдімгі жазылуына көшеміз

Шамаларды бір өлшем бірліктен басқасына аудару

Шамаларды бір өлшем бірліктен басқасына аудару үшін Вид қойындысындағы Преобразование единиц (Бірліктерді түрлендіру) қатарын таңдаңыз. Ашылған терезедегі бірінші қойындыда қажетті шаманың типі, екінші қойындыда - бастапқы өлшем бірлік, үшіншіде - соңғы өлшем бірлік таңдалады. Бастапқы өлшем бірлік қойындысының үстіндегі қатарға қажетті санды енгізгенде, соңғы өлшем бірлік қойындысының үстіндегі қатарда «аударылған» сан пайда болады.

Тапсырма 1

Жер бетіндегі құрғақ жердің ауданы 148,94 млн км2 тең, ол бүкіл жер бетінің 29,2% құрайды. Калькулятордың көмегімен:

Жер бетінің ауданын табыңыз;

Жер бетіндегі судың алып жатқан ауданын табыңыз;

Жауабыңызды калькулятордың көмегімен стандарт түрде жазыңыз.

жауабы: 5,1007 108 км2

жауабы: 3,6113 108 км2

Тапсырма 2

Кестеде жер бетінің ауданы мен елді мекен мәліметтері көрсетілген

Азияның ауданы бүкіл жер беті ауданының қандай бөлігін алып жатыр?

Біздің планетада қанша адам өмір сүріп жатыр?

Африка тұрғындары жер бетінің қандай бөлігін алып жатыр (пайыздық көрсеткішпен)

Жауаптарыңызды калькулятордың көмегімен стандарт түрге келітіріңіз

0,54

6954889196

15,1%

Тапсырма 3

Альфа Центавра жұлдызы жерден 40 653 230 000 000 км жуық қашықтықта орналасқан.

Осы санды калькулятордың көмегімен стандарт түрде жазыңыз.

Жарықтың жуық жылдамдығы 298 000 км/с. Бір тәулікте 86 400 секунд бар десек, онда Альфа Центавра жұлдызының сәулесі жер бетіне жетуі үшін қанша күн керек?

Жауабыңызды ондық үлеске дейін жуықтап, калькулятордың көмегімен стандарт түрде жазыңыз

1579 күн

Үй тапсырмасы

Адамның өте еңбекқор мүшесі оның жүрегі болып табылады. Орташа есеппен минутына 70 рет соғады екен. Адам жүрегі 10 жылда қанша рет соғады? Жауабыңызды калькулятордың көмегімен санның стандарт түрінде жазыңыз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу