👈 қаріп өлшемі 👉

Әдеби шығарманың жанрын анықтау. Әдебиеттік оқу, 4 сынып, нұсқаулық.


Пән: Әдебиеттік оқу

Тарау: Табиғат құбылыстары

Сынып: 4

Сабақ тақырыбы: 2.4. Әдеби шығарманың жанрын анықтау

Оқу мақсаттары:

4.2.3.1 шығарманың тақырыбын анықтау және негізгі ойды білдіріп тұрған мәтін бөлігін/сөйлемді анықтау;

4.1.5.1 өз ойы мен сезімін көркем-бейнелі сөздерді қолдана отырып жеткізу;

4.2.4.1 өлең, мысал, нақыл сөз, аңыз, бата, әңгіменің жанрлық ерекшеліктерін анықтау.

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар: шығарманың тақырыбын анықтай алады

Көпшілік оқушылар: негізгі ойды білдіріп тұрған сөйлемдерді анықтайды, әңгіменің жанрлық ерекшеліктерін анықтайды

Кейбір оқушылар:сөйлеу барысында көркем-бейнелі сөздерді қолданады

Бағалау критерийлері:

шығарманың тақырыбын анықтайды

шешендік сөзден негізгі ойды білдіретін сөйлемді анықтайды

ойын бейнелі сөздердің көмегімен жеткізеді

шығарманың жанрлық ерекшеліктерін анықтайды

Тірек сөздер: Шығайбай, ерте заман, ел аузында, тырнаның жүні, торсық.

Сабақ барысы

І. Сабақтың басы:

Ширату: «Аялы алақан» https://www.google.kz/search

Мақсаты: жылылық, сенімділік деңгейін, еркіндікті дамыту.

Нұсқаулық: қатысушылар шеңбер болып отырады. «Бүгінгі сабақтан не алғыңыз, не көргіңіз келеді?» — сұрағын оқушыларға қойып, сұрақтарға жауап алу. Бастапқы қатысушы жанындағы көршісінің қолын ұстайды. Тренинг шеңбер бойымен жалғасады. (Тренинг соңында қатысушылар дөңгеленіп қолдарын ұстайды)

Сабақтың тақырыбы, оқу мақсатымен таныстырылады. Бағалау критерийін бірлесе құрастырады немесе таныстыру.

ІІ. Сабақтың ортасы

Алдаркөсе — қазақ ауыз әдебиетінің кейіпкері, ақылды айлакердің, зерделі қудың жиынтық бейнесі. Алдаркөсе өзінің асқан айлакерлігі арқылы мұратына жетіп отырады

Мәліметтер

Иә/жоқ

Өмірде болған адам ба?

Айлакер, қу

Халық оны жаман адам дей ме?

Оның іс-әрекетін халық жақтай ма?

Кесте топтарға таратылады. Толтырылғасын бірлесе отырып тексеріледі

1-тапсырма

(Ж,Ұ) «Джигсо» әдісі арқылы «Алдар көсе мен Шық бермес Шығайбай» ертегі бөлікке бөлінеді, оқушыларда төрт адамдық шағын топтарға бөлініп («бастапқы топ»), 1-ден 4-ке дейін нөмірленеді. Осыдан кейін олардың әрқайсысы өз нөміріне сәйкес мәтіннің бір бөлігін ғана оқиды. Содан кейін топтар құрамы өзгертіліп, жаңа топтар («сарапшылар тобы») тобы құрылады,сарапшылар топтарында оқушылар өз нөмірлері бойынша жинақталады: мәтіннің № 1 бөлігін оқыған оқушылар 1 топқа т.с.с. Өкілдер басқа топтарға барып, өз жұмыстарын таныстырады, топтық талқылау жүреді. Мәтін жанрын да анықтайды.

Жанры

дәлелдеме

Мысал

Себебі,

Әңгіме

Себебі,

Ертегі

Себебі,

Аңыз

Себебі,

Саралау:

Ынтымақта бірлікте жұмыс жасап, білгенін жолдастарымен бөлісіп, тақырыпты ортаға салып талқылайды.

Б «Смайликтер»

2-тапсырма (ЖЖ) «Аударыспақ» әдісі

Мәтінге композициялық талдау жасалады. Дұрыс жауап берген адам шарик алады, ал жауап дұрыс емес болған жағдайда немесе сұрақ қоя алмаған жағдайда өзі бір шариктен айырылады.

Жоспар:

1.Басталуы-

2.Дамуы-

3.Шиеленісуі-

4.Шарықтау шегі-

5.Шешімі-

Саралау: Оқушылар жылдам әрі тұжырымды ойлауға дағдыланады. Құнды ой жинақтап, ойын ашық айтады

Б «Қол шапалақтау»

Тапсырманы дұрыс орындағандарды қол шапалақтау арқылы бағалау

3-тапсырма (Ұ,Т) «Сәйкестендіру» әдісі

Суреттерді ертегі оқиға желісіне сай ретімен қойып, әңгімелеу.

Саралау: Топпен ұйымдаса отыра жұмыс жасалады. Топтағы оқушылар өз ойларын бөлісе отыра сәйкестендіреді.

Б «Бір-бірін бағалау»

Топтар бір-бірінің жұмысын бағалау арқылы әр топ өз жұмысында нені жақсарту керектігін анықтайды.

4-тапсырма (Т,Ұ) «Пікірлер базары» әдісі

Оқушылардың әрбір шағын топқа плакатқа (флипчартқа) сабақтың өзегі «Өмірде Шығайбай секілді адамдар бар ма? Пікір білдір.» сұрағын жазылады. Плакаттар қабырғаға ілінеді. Әр плакаттың қасында сұрақтарға жауап беретін оқушы тұрады. Басқа топтар «Галереяны шарлау» тәсіліндегідей плакаттан плакатқа көшіп, оның төменгі жағына стикерлермен өздерінің сұрақтарын, пікірлерін, қарсы дәлелдерін, қойған бағаларын жазады. Сұрақтарға жауап беруші оқушылардың алмасып тұрғаны дұрыс.

Саралау: Барлық оқушылар бір тапсырма орындаса да олардың нәтижесі әртүрлі болады. Сөзбен қолдау көрсету және ынталандыру да маңызды рөл атқарады.

Б «Бағдаршам»

Жасыл түс(тапсырманы толық,дұрыс орындаса)-Өте жақсы

Сары түс(тапсырманы толық орындамаса)-Жақсы

Қызыл түс(тапсырма толық емес және қателіктер болса)-Орташа

ІІІ. Сабақтың соңы

«Жақсылық тамшысы» әдісі

Әр бала тамшыға өзі жасаған жақсы істерін немесе өзінің бойындағы жақсы қасиеттерін стикерге жазып жеткізеді. Іліп жатқанда әрқайсысы өзгелерге, айналасына өзі жасаған жақсылықтарын, қасиеттерін жария етеді.


Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:


Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» 2023 жылдан бастап Қазақстанда қандай өзгерістер болады? 03.12.2022
» Алаяқтар IPO бойынша жалған мобильді қосымшаларды іске қосты 29.11.2022
» Айлакер-алаяқтар интернетте делдалдарды қалай және қандай мақсатпен іздейді 26.11.2022

Пікір жазу



Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы