Әдеби шығарманың жанрын анықтау. «Қазығұрт тауы» аңызы. Әдебиеттік оқу, 4 сынып, нұсқаулық.


 Тарау: Менің Отаным – Қазақстан

 

 Сабақ тақырыбы: 2.4. Әдеби шығарманың жанрын анықтау. «Қазығұрт тауы» аңызы

 

 Оқу мақсаттары:

 4.2.4.1 аңыз, шешендік сөз, батырлар жыры, фантастикалық әңгімелердің жанрлық ерекшеліктерін анықтау;

 4.1.4.2 сөйлеу барысында иллюстрациялар, көрнекіліктер, фотосуреттер қолдану, презентация, видеоролик жасау

 

 Сабақ мақсаттары:

 Барлық оқушылар: аңыздың жанрлық ерекшеліктерін анықтайды, сөйлеу барысында фотосуреттерді қолдануды біледі

 Көптеген оқушылар: аңыздың жанрлық ерекшеліктерін анықтап талдау жасайды, фотосуреттерді қолдануды біледі.

 Кейбір оқушылар: сөйлеу фотосуреттерді қолдану себептерін түсіндіре алады, шығарманың жанрлық ерекшеліктерін салыстырып, қорытынды жасай алады.

 

 Бағалау критерийлері

  • аңыздың жанрлық ерекшеліктерін анықтайды;
  • сөйлеу барысында фотосуреттерді қолдануды біледі

 Сабақ барысы

 

 Сабақтың басы:

 Ширату тапсырмасы. Бастапқы білімді еске түсіру және сабақ мақсатын анықтау үшін жүргізіледі.

 (ЖЖ) 3x3 шаршысында əртүрлі мақалдар орналастырыңыз. Оқушылар сандарды таңдап, сол санға тиісті мақалды оқып түсінгендерін айтыды.

1

4

2

3

6

5

  • Отан — елдің анасыЕл - ердің анасы
  • Туған жердей жер болмас,Туған елдей  ел болмас.
  • Отанды сүю — от басынан басталады.
  • Отан оттан да ыстық.
  • Ел іші — алтын бесік.
  • Пәлен жерде алтын бар,Өз  жеріңдей кайда бар

 Жаттығу бойынша ойларын қортындылап, сабақ тақырыбы және оқу мақсаттарымен таныстырыңыз. Оқушылармен бағалау критерийін бірге құрастырып немесе таныстырыңыз.

 Сабақ мақсаты: өлеңнің жанрлық ерекшеліктерін анықтайды, сөйлеу барысында нақыл сөздерді қолдануды біледі. Бағалау критерийімен таныстыру.

 

 Сабақтың ортасы:

 

 1-тапсырма.

 Бұл тапсырма оқылатын шығарма алдында алынады, яғни өлеңнің мазмұнына байланысты ой қозғауға негізделеді. Бұл арқылы оқушылар өз ойларын топтық талдауға сала алуды үйренеді.

 Тапсырманы орындау бойынша нұсқаулық.

 (Ө,ЖЖ,Т) «Фрайер» әдісі арқылы «Әулие» деп кімді айтамыз? Өз ойыңды жеке жаз. Ортақ пікірге келіп, негізгі ойды анықта» деген тапсырма беріңіз.

 1. Ол үшін алдымен оқушылар 4-5 оқушыдан топқа бөлінеді. Әрбір топқа ортасына шеңбер салынған үлкен парақ беріледі.

 2. (Ө) «Әулие» дегеніміз кім? – деген сұрақтың жауабына әрбір оқушы өз идеясын ешкімге көрсетпей қағаздың бұрышына жазу тапсырылады.

 3. (ЖЖ;Т) Барлығы жазып болғаннан кейін, топ жазған барлық идеялардың ішінен бес ең маңызды идеяны таңдау керек. Бұл бүкіл топпен келісіп шешіліп, шеңберідің ортасына жазылу керек.

 4. Оқушылардың жауаптарын «Екі бұрыш» әдісі арқылы сұралады. Оқушылар қалаулары бойынша өз жазғандарын оқи алады. Қалған оқушылар басқа топтардың позициясына келісу/келіспеуін лайықты бұрышты таңдау арқылы көрсетеді.

 Саралау: Қабілеті төмен оқушылардың жазған идеясы тыңдалып, қолдау көрсетіледі, ал, қабілетті оқушылардан түсініктемелер мен қағидаттарды тұжырымдап айту сұралады.

 Қ/Б «Смайликпен» бағалау әдісі. Топтар бір –бірін тыңдайды, стикерлерге смайликтер суретін салып, оны бағаланған топ үстеліне жапсырады.

 2-тапсырма.

 Тапсырма өлеңді түсініп оқуға және сұрақтарға жауап беруге негізделген.

 Тапсырманы орындау бойынша нұсқаулық.

 «Моделденген оқылым» әдісі арқылы «Қазығұрт тауы» аңызды түсініп оқуды ұйымдастырыңыз.

 1. (МК, Ұ) «Моделденген оқылым» әдісі арқылы аңызды дауыстап оқып беріңіз. Оқушылар мұқият тыңдайды. Қажеттілігіне қарай аңызды қайталап оқуға болады.

 2. (Ө) Өлеңді оқушыларға іштей оқу тапсырылады..

 3. Барлық оқушылар өлеңді оқып болғаннан кейін, оқу тілін зерделей алуға жұмыс жүргізіледі, мысалы: түсініксіз сөздерді түсіндіріледі.( Қазығұрт, ілгеріде, Нұқ пайғамбар).

 3. Оқушылардан өз ойларын, пікірлерін пысықтау үшін немесе автордың жазғанын ой елегінен өткізу үшін өлеңді қайта шолу тапсырылады.

 4. Қажеттілігіне қарай өлең бойынша бірнеше сұрақтар қойылады.

 1. Аңыз не жайында?

 2. Аңыздағы Нұқ пайғамбар туралы не білесің?

 3. Аңыздағы тау неге Әулие тау деп аталған?

 Саралау: «Диалог және қолдау көрсету арқылы саралау» тәсілі негізінде қолау көрсетіледі. Қабілеті төмен оқушылардың өзіне сенімділігін қалыптастыру үшін, қабілеті өлеңді оқығанда ескеріледі.

 Қ/Б: «От шашу» әдісімен өз жұмыстарын бағалайды.

 3-тапсырма.

 Тапсырманы орындау арқылы оқушылар өлеңнің жанрлық ерекшеліктерін анықтауды, өлең бойынша талау жасауды үйренеді.

 Тапсырманы орындау бойынша нұсқаулық.

 Әрбір топқа келесі критерийлер бойынша «Қазығұрт тауы» аңызы бойынша талдау тапсырылады.

 Аңыздың тақырыбы________________________

 Неге аңыз екенін өз сөзімен дәлелдейді _____________

 Аңыздан үзінді келтіреді ____________________

 3. Топтар өз талдағандары бойынша қорытынды ойларын көрсетеді.

 4.Барлық топтардың жұмыстары қорғалады, соңғы дұрыс жауаптармен сәйкестендіріледі.

 Саралау: «Тапсырма арқылы саралау» негізінде орындалады. Тапсырманы орындау кезінде қабілеті төмен оқушыларға өлеңнің мазмұнын айтуда жетекші сұрақтар қою арқылы көмек беріледі, ал қабілеті жоғары оқушылар үшін мүмкіндігінше жоғары деңгейлі сұрақтар қойылады.

 4-тапсырма

 Бұл алдыңғы тапсырмада алған ақпараттарды қолдана отырып және нақыл сөздерді қолдана отырып өз ойларын жазуға арналған тапсырма.

 Тапсырманы орындау бойынша нұсқаулық.

 (Ө, Т). 1. Фотосуретті пайдаланып өз ойыңды жаз.

 1. Өлең мазмұны мен фотосуретті байланыстырып өз ойыңды жаз.

 2. Фотосуреттер мағынасын ашу үшін мұғалім түсіндірме жұыстарын жүргізеді.

 3.Алдымен олар ойларын бөлісіп, алдында орындалған тапсырмалар бойынша әңгімелеп жазуға дайындалады. Жұмыстарын тыңдап, бағыт беріледі.

 4.Әңгімені әр оқушы жеке жазады. Жеке жазу барысында оқушылардың ерекшеліктерін есекеріп көмек көрсетіңіз.

 5.Жазып болған соң әр оқушының жазғандары бойынша кері байланыс беріңіз.

 Саралау: «Қарқын тәсілі» арқылы жылдам жұмыс жасаған оқушыларға басқа сөйлемдер құрастыруға тапсырма ұсынуға болады.

 (ҚБ) «От шашу» әдісімен өз жұмыстарын бағалайды.

 

 Сабақтың соңы.

 Рефлексия: «5 сөйлемнен 5 сөз» әдісін қоланыңыз. Оқушылар сабақ кезінде нені меңгергендері жайлы 5 сөйлем жазады. Одан кейін сол 5 сөйлемді 5 сөзге дейін қысқартады. Соңында 5 сөзді 1 сөзге қысқартады. Оқушылар өздерінің түйінді сөзін бүкіл сыныппен бөліседі.

 Ескерту. Сынып оқушыларының ерекшелігіне байланысты мұғалім тапсырмаларды ауыстырырып орындай алады.

 

 

[attachment=26398:nuskaulyk-1.docx]
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу