Әдеби шығарманың жанрын анықтау. «Қазығұрт тауы» аңызы. Әдебиеттік оқу, 4 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Әдебиеттік оқу

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Менің Отаным – Қазақстан

Күні:

Сынып: 4

Мектеп: Қарағанды қ.

Мұғалімнің аты-жөні: Шадетова А.К.

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

2.4. Әдеби шығарманың жанрын анықтау

«Қазығұрт тауы» аңызы

Оқу мақсаттары

4.2.4.1 аңыз, шешендік сөз, батырлар жыры, фантастикалық әңгімелердің жанрлық ерекшеліктерін анықтау;

4.1.4.2 сөйлеу барысында иллюстрациялар, көрнекіліктер, фотосуреттер қолдану, презентация, видеоролик жасау

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: аңыздың жанрлық ерекшеліктерін анықтайды, сөйлеу барысында фотосуреттерді қолдануды біледі

Көптеген оқушылар: аңыздың жанрлық ерекшеліктерін анықтап талдау жасайды, фотосуреттерді қолдануды біледі.

Кейбір оқушылар: сөйлеу фотосуреттерді қолдану себептерін түсіндіре алады, шығарманың жанрлық ерекшеліктерін салыстырып, қорытынды жасай алады.

Бағалау критерийлері

  • аңыздың жанрлық ерекшеліктерін анықтайды;
  • сөйлеу барысында фотосуреттерді қолдануды біледі.

Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминология: Қазығұрт, ілгеріде, Нұқ пайғамбар).

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Құндылықтарды дарыту

Оқушылар топтық жұмыс барысында бір – бірімен ынтымақтастықта жұмыс жасау арқылы жауапкершілікке дағдыланады

Пәнаралық байланыстар

Сөйлемдегі сөздерге қосымшаларды дұрыс жалғау, сөйлемдердің тыныс белгілерін қолдану арқылы қазақ тілі пәнімен байланыс жасалады.

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта

Бастапқы білім

Аңыздың жанрлық ерекшеліктерін біледі, өз ойын жеткізуде вербалды емес тілдік құралдарды қолданады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-5 минут

Ширату тапсырмасы

1. 3x3 шаршысында əртүрлі мақалдар орналасқан. Оқушылар сандарды таңдап, сол санға тиісті мақалды таңдауы керек.

2. (ҰЖ) Әр оқушы өзінің таңдаған мақалы бойынша түсінгендерін айтады.

Сабақ мақсатын бірге айқындау:

1. Оқушылардан қандай іс-әрекеттер жасағандары жайлы сұралады.

- Оның бүгінгі сабақпен қандай қатысы бар екендігі талданады. (Мақал-мәтелдерді қолдану).

Сол арқылы сабақ мақсаты айқындалады, яғни өлеңнің жанрлық ерекшеліктерін анықтайды, сөйлеу барысында нақыл сөздерді қолдануды біледі. Бағалау критерийімен таныстыру.

Сөйлемдер жазылған, жабыстырылатын карточкалар.

Слайд № 4

Қосымша №2

Слайд №2,3

Сабақтың ортасы

6-12 минут

13-23 минут

24-30 минут

31-35 минут

1-тапсырма

(Ө,ЖЖ) «Фрайер» әдісі. «Әулие» дегенді қалай түсінесіңдер? Өз ойыңды жеке жаз. Ортақ пікірге келіп, негізгі ойды анықта.

1. Оқушылар 4-5 оқушыдан топқа бөлінеді. Әрбір топқа ортасына шеңбер салынған үлкен парақ беріледі.

2. (Ө) «Әулие» дегеніміз кім? – деген сұрақтың жауабына әрбір оқушы өз идеясын ешкімге көрсетпей қағаздың бұрышына жазу тапсырылады.

3. (ЖЖ;Т) Барлығы жазып болғаннан кейін, топ жазған барлық идеялардың ішінен бес ең маңызды идеяны таңдау керек. Бұл бүкіл топпен келісіп шешіліп, шеңберідің ортасына жазылу керек.

4. Оқушылардың жауаптарын «Екі бұрыш» әдісі арқылы сұралады. Оқушылар қалаулары бойынша өз жазғандарын оқи алады. Қалған оқушылар басқа топтардың позициясына келісу/келіспеуін лайықты бұрышты таңдау арқылы көрсетеді.

Саралау: Қабілеті төмен оқушылардың жазған идеясы тыңдалып, қолдау көрсетіледі, ал, қабілетті оқушылардан түсініктемелер мен қағидаттарды тұжырымдап айту сұралады.

Қ/Б «Смайликпен» бағалау әдісі. Топтар бір –бірін тыңдайды, стикерлерге смайликтер суретін салып, оны бағаланған топ үстеліне жапсырады.

2-тапсырма

«Моделденген оқылым» әдісі. түсініп оқы.

1. (МК, Ұ) «Моделденген оқылым» әдісімен «Қазығұрт тауы» аңызды оқиды.

2. (Ө) Анызды оқушыларға іштей оқу тапсырылады..

3. Барлық оқушылар аңызды оқып болғаннан кейін, оқу тілін зерделей алуға жұмыс жүргізіледі, мысалы: түсініксіз сөздерді түсіндіріледі. (Қазығұрт, ілгеріде, Нұқ пайғамбар).

3. Оқушылардан өз ойларын, пікірлерін пысықтау үшін немесе автордың жазғанын ой елегінен өткізу үшін өлеңді қайта шолу тапсырылады.

4. Қажеттілігіне қарай аңыз бойынша бірнеше сұрақтар қойылады.

1. Аңыз не жайында?

2. Аңыздағы Нұқ пайғамбар туралы не білесің?

3. Аңыздағы тау неге Әулие тау деп аталған?

Саралау: «Диалог және қолдау көрсету арқылы саралау» тәсілі негізінде қолау көрсетіледі. Қабілеті төмен оқушылардың өзіне сенімділігін қалыптастыру үшін, қабілеті өлеңді оқығанда ескеріледі.

Қ/Б: «От шашу» әдісімен өз жұмыстарын бағалайды.

3-тапсырма

(Ұ,Т) Аңызды талда

1. Әрбір топқа келесі критерийлер бойынша «Қазығұрт тауы» аңызы бойынша талдау тапсырылады.

Аңыздың тақырыбы________________________

Неге аңыз екенін өз сөзімен дәлелдейді _____________

Аңыздан үзінді келтіреді ____________________

3. Топтар өз талдағандары бойынша қорытынды ойларын көрсетеді.

4. Барлық топтардың жұмыстары қорғалады, соңғы дұрыс жауаптармен сәйкестендіріледі.

Саралау: «Тапсырма арқылы саралау» негізінде орындалады. Тапсырманы орындау кезінде қабілеті төмен оқушыларға өлеңнің мазмұнын айтуда жетекші сұрақтар қою арқылы көмек беріледі, ал қабілеті жоғары оқушылар үшін мүмкіндігінше жоғары деңгейлі сұрақтар қойылады.

4- тапсырма

(Ө, Т). Фотосуретті пайдаланып өз ойыңды жаз.

1. Өлең мазмұны мен фотосуретті байланыстырып өз ойыңды жаз.

2. Фотосуреттер мағынасын ашу үшін мұғалім түсіндірме жұыстарын жүргізеді.

3. Алдымен олар ойларын бөлісіп, алдында орындалған тапсырмалар бойынша әңгіме жазуға дайындалады. Жұмыстарын тыңдап, бағыт беріледі.

4. Әңгімені әр оқушы жеке жазады.

5. Жетістіктері бағаланады.

Саралау: «Қарқын тәсілі» арқылы жылдам жұмыс жасаған оқушыларға басқа сөйлемдер құрастыруға тапсырма ұсынуға болады.

(ҚБ) «От шашу» әдісімен өз жұмыстарын бағалайды.

Флипчарт, маркер

Слайд № 5

Қосымша № 3

Слайд № 6

Қосымша № 1

Слайд № 7

Қосымша № 4

Слайд № 8

Сабақтың соңы

36-40 минут

Рефлексия: «5 сөйлемнен 5 сөз» әдісі. Оқушылар сабақ кезінде нені меңгергендері жайлы 5 сөйлем жазады. Одан кейін сол 5 сөйлемді 5 сөзге дейін қысқартады. Соңында 5 сөзді 1 сөзге қысқартады. Оқушылар өздерінің түйінді сөзін бүкіл сыныппен бөліседі.

Слайд № 9

Саралау. Төмендегі саралау тапсырмаларын сынып оқушыларының қажеттілігіне қарай мұғалім өз өзертіп отыруы қажет.

Бағалау

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

1 тапсырма – «Нәтиже арқылы саралау» негізінде орындалады.

Қабілеті төмен оқушылардың жазған идеясы тыңдалып, қолдау көрсетіледі, ал, қабілетті оқушылардан түсініктемелер мен қағидаттарды тұжырымдап айту сұралады.

2 тапсырма – «Диалог және қолдау көрсету арқылы саралау» тәсілі негізінде қолау көрсетіледі. Қабілеті төмен оқушылардың өзіне сенімділігін қалыптастыру үшін, қабілеті өлеңді оқығанда ескеріледі.

3 тапсырма – «Тапсырма арқылы саралау» негізінде орындалады. Тапсырманы орындау кезінде қабілеті төмен оқушыларға өлеңнің мазмұнын айтуда жетекші сұрақтар қою арқылы көмек беріледі, ал қабілеті жоғары оқушылар үшін мүмкіндігінше жоғары деңгейлі сұрақтар қойылады.

4 – тапсырма «Қарқын тәсілі» арқылы жылдам жұмыс жасаған оқушыларға басқа сөйлемдер құрастыруға тапсырма ұсынуға болады.

Дескриптор

  • өлеңді дауыстап оқиды
  • өлеңнің жанрлық ерекшеліктерін анықтап, таладу жасайды;
  • сөйлеу барысында мақалды қолдануды біледі.

Сабақ бойынша рефлексия

Жалпы баға. Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу