Әдеби шығарманың жанрын анықтау. Әдебиеттік оқу, 4 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Пән: Әдебиеттік оқу Тарау: Табиғат құбылыстары Сынып: 4 | Мектеп: Астана қаласы, №54 мектеп- лицей Мұғалімнің аты-жөні: Оразбекова Г. А Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |||||||||||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы | 2.4. Әдеби шығарманың жанрын анықтау | |||||||||||||||||||||||||
Оқу мақсаттары | 4.2.3.1 шығарманың тақырыбын анықтау және негізгі ойды білдіріп тұрған мәтін бөлігін/сөйлемді анықтау; 4.1.5.1 өз ойы мен сезімін көркем-бейнелі сөздерді қолдана отырып жеткізу; 4.2.4.1 өлең, мысал, нақыл сөз, аңыз, бата, әңгіменің жанрлық ерекшеліктерін анықтау. | |||||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары | Барлық оқушылар: шығарманың тақырыбын анықтай алады Көпшілік оқушылар: негізгі ойды білдіріп тұрған сөйлемдерді анықтайды, әңгіменің жанрлық ерекшеліктерін анықтайды Кейбір оқушылар:сөйлеу барысында көркем-бейнелі сөздерді қолданады | |||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері |
| |||||||||||||||||||||||||
Тірек сөздер | Шығайбай, ерте заман, ел аузында, тырнаның жүні, торсық. | |||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Топтық, жұптық жұмыстарды орындау барысында ынтымақтастық орта қалыптастыру.Шығарманы оқыту барысында құрмет құндылығын дарыту | |||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Қазақ тілі, көркем еңбек | |||||||||||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Интербелсенді тақта | |||||||||||||||||||||||||
Алдыңғы білімді игеру | Шығарманы түсініп оқу Ойын нақыл сөзбен жеткізу | |||||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 1-8 минут | Ширату: «Аялы алақан» Мақсаты: жылылық, сенімділік деңгейін, еркіндікті дамыту. Нұсқаулық: қатысушылар шеңбер болып отырады. «Бүгінгі сабақтан не алғыңыз, не көргіңіз келеді?» — сұрағын оқушыларға қойып, сұрақтарға жауап алу. Бастапқы қатысушы жанындағы көршісінің қолын ұстайды. Тренинг шеңбер бойымен жалғасады. (Тренинг соңында қатысушылар дөңгеленіп қолдарын ұстайды) Сабақтың тақырыбы, оқу мақсатымен таныстырылады. Бағалау критерийін бірлесе құрастырады немесе таныстыру. |
қосымша 1 слайд №1-3
| ||||||||||||||||||||||||
| Алдаркөсе — қазақ ауыз әдебиетінің кейіпкері, ақылды айлакердің, зерделі қудың жиынтық бейнесі. Алдаркөсе өзінің асқан айлакерлігі арқылы мұратына жетіп отырады
Кесте топтарға таратылады.Толтырылғасын бірлесе отырып тексеріледі 1-тапсырма (Ж,Ұ) «Джигсо» әдісі арқылы «Алдар көсе мен Шық бермес Шығайбай» ертегі бөлікке бөлінеді, оқушыларда төрт адамдық шағын топтарға бөлініп («бастапқы топ»), 1-ден 4-ке дейін нөмірленеді. Осыдан кейін олардың әрқайсысы өз нөміріне сәйкес мәтіннің бір бөлігін ғана оқиды. Содан кейін топтар құрамы өзгертіліп, жаңа топтар («сарапшылар тобы») тобы құрылады,сарапшылар топтарында оқушылар өз нөмірлері бойынша жинақталады: мәтіннің № 1 бөлігін оқыған оқушылар 1 топқа т.с.с. Өкілдер басқа топтарға барып, өз жұмыстарын таныстырады, топтық талқылау жүреді. Мәтін жанрын да анықтайды.
Саралау: Ынтымақта бірлікте жұмыс жасап, білгенін жолдастарымен бөлісіп, тақырыпты ортаға салып талқылайды. Б «Смайликтер» 2-тапсырма (ЖЖ) «Аударыспақ» әдісі Мәтінге композициялық талдау жасалады. Дұрыс жауап берген адам шарик алады, ал жауап дұрыс емес болған жағдайда немесе сұрақ қоя алмаған жағдайда өзі бір шариктен айырылады. Жоспар:
Саралау: Оқушылар жылдам әрі тұжырымды ойлауға дағдыланады. Құнды ой жинақтап, ойын ашық айтады Б «Қол шапалақтау» Тапсырманы дұрыс орындағандарды қол шапалақтау арқылы бағалау 3-тапсырма (Ұ,Т) «Сәйкестендіру» әдісі Суреттерді ертегі оқиға желісіне сай ретімен қойып, әңгімелеу. Саралау: Топпен ұйымдаса отыра жұмыс жасалады. Топтағы оқушылар өз ойларын бөлісе отыра сәйкестендіреді. Б «Бір-бірін бағалау» Топтар бір-бірінің жұмысын бағалау арқылы әр топ өз жұмысында нені жақсарту керектігін анықтайды. 4-тапсырма (Т,Ұ) «Пікірлер базары» әдісі Оқушылардың әрбір шағын топқа плакатқа (флипчартқа) сабақтың өзегі «Өмірде Шығайбай секілді адамдар бар ма? Пікір білдір.» сұрағын жазылады. Плакаттар қабырғаға ілінеді. Әр плакаттың қасында сұрақтарға жауап беретін оқушы тұрады. Басқа топтар «Галереяны шарлау» тәсіліндегідей плакаттан плакатқа көшіп, оның төменгі жағына стикерлермен өздерінің сұрақтарын, пікірлерін, қарсы дәлелдерін, қойған бағаларын жазады. Сұрақтарға жауап беруші оқушылардың алмасып тұрғаны дұрыс. Саралау: Барлық оқушылар бір тапсырма орындаса да олардың нәтижесі әртүрлі болады. Сөзбен қолдау көрсету және ынталандыру да маңызды рөл атқарады. Б «Бағдаршам» Жасыл түс(тапсырманы толық,дұрыс орындаса)-Өте жақсы Сары түс(тапсырманы толық орындамаса)-Жақсы Қызыл түс(тапсырма толық емес және қателіктер болса)-Орташа |
Қосымша 2 слайд №4
Слайд №5 Қосымша 3
Слайд № 6 Слайд №7 | ||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 38-40 минут | «Жақсылық тамшысы» әдісі Әр бала тамшыға өзі жасаған жақсы істерін немесе өзінің бойындағы жақсы қасиеттерін стикерге жазып жеткізеді. Іліп жатқанда әрқайсысы өзгелерге, айналасына өзі жасаған жақсылықтарын, қасиеттерін жария етеді.
|
https://www.google.kz/search?q=детские+картинки+капельки, слайд №8
| ||||||||||||||||||||||||
Саралау 1-тапсырма Ынтымақта бірлікте жұмыс жасап, білгенін жолдастарымен бөліседі. 2-тапсырма Оқушылар жылдам әрі тұжырымды ойлауға дағдыланады. Құнды ой жинақтап, ойын ашық айтады 3-тапсырма Топпен ұйымдаса отыра жұмыс жасалады. Топтағы оқушылар өз ойларын бөлісе отыра сәйкестендіріп, шешендік сөздің мағынасын ашады 4-тапсырма Барлық оқушылар бір тапсырма орындаса да олардың нәтижесі әртүрлі болады. Сөзбен қолдау көрсету және ынталандыру да маңызды рөл атқарады. | Бағалау «Смайликтер» әдісі «Қол шапалақтау» әдісі «Бір-бірін бағалау» әдісі «Бағдаршам» әдісі Дескриптор
| Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы Сыныпта қауіпсіздік ережелерін сақтайды | ||||||||||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсатына жеттім бе? Оқушылар не үйренді? Ынтымақтастық атмосферасы орнады ма? Оқушылар арасындағы дифференциациялау бойынша іс-әрекеттер ұтымды болды ма? Жоспарланған уақытты ұстандым ба? Жоспардан қандай шегіністер жасадым және неліктен? | ||||||||||||||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?