Әдеби шығарманың жанрын анықтау Алмас Темірбай «Уақыттың қадірі» Нұсқаулық. 3 сынып. Әдебиеттік оқу


 Бөлім: Уақыт

 Сабақ тақырыбы: Алмас Темірбай «Уақыттың қадірі»

 Оқу мақсаттары:

 3.1.4.1 сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді/ нақыл сөздерді, вербалды емес тілдік құралдарды қолдану

 3.2.4.1 өлең, мысал, нақыл сөз, аңыз, бата, әңгіменің жанрлық ерекшеліктерін анықтау

 

 Сабақ мақсаттары:

 Барлық оқушылар: шығарманың жанрлық ерекшелігін біледі, сөйлеу барысында вербалды емес тілдік құралдарды қолана алады;

 Көптеген оқушылар:шығарманың жанрлық ерекшелігін анықтай алады,сөйлеу барысында мақал- мәтелдерді, вербалды емес тілдік құралдарды қолданады;

 Кейбір оқушылар:Шығарманың жанрлық ерекшелігін анықтап, салыстыра алады, өз ойын жеткізуде мақал- мәтелдерді, вербалды емес тілік құралдарды қолданып, дәлелдейді.

 Бағалау критерийлері:

  •  Шығарманың жанрлық ерекшеліктерін анықтайды
  •  Шығарманың жанрлық ерекшеліктерін сипаттайды
  •  Сөйлеу барысында вербалды емес тілдік құралдарды қолданады;
  •  Өз ойын жеткізуде мақал- мәтелдерді қолданады

 

 Сабақ барысы

Сабақтың басы: Ширату тапсырмасы «Тізбектер» әдісі арқылы орындалады.

 Оқушылар тізбектеле тұрады. Мұғалім Уақыт тақырыбына байланысты суреттерді интербелсенді тақтадан көрсетеді де, оқушыларға суретке қатысты бір сөз айтуын ұсынады. Келесі тұрған оқушы оны жалғастырады, яғни тақырыпқа қатысты сөз айтады. Осылайша жалғаса береді. Оқушылардың санына байланысты бір немесе бірнеше айналым жасауға болады.

 Коммуникативтік тәсілдемеге негіздей отырып, тыңдалым-айтылым дағдыларын дамыталады. Ойын кезінде бірлесіп жұмыс жасау арқылы ынтымақтастыққа тәрбиеленеді.

 (Б). «Смайлик әдісі» бойынша тақырыпқа сай дұрыс жауап берген балаларды бағалауға болады.

 

 Бастапқы білімді қайталау.

 (Ұ; МК) «Миға шабуыл» әдісі арқылы оқушыларға нақыл сөздің мағынасын ашуға байланысты және денсаулықтың адам өміріндегі маңызы туралы сұрақтар қойылады. Оқушылардың тез жауап берулері қадағаланады. Оңай сұрақтардан бастап қиындатуға болады.

 Үлгі сұрақ:

 -«Ауырмайтын ем іздегенше...» дегенді қалай түсінесіңдер?

 - Ең ұзақ күн дегенді қалай түсінесіңдер?

 - Уақытты тоқтатып қоюға бола ма?

 Сабақтың тақырыбы, оқу мақсатымен таныстыру. Бағалау критерийімен таныстыру немесе бірлесе құрастыру.

 мақал-мәтелдерді/ нақыл сөздерді, вербалды емес тілдік құралдарды сөйдеу барысында қолдануды білеміз, шығарманың жанрлық ерекшеліктерін анықтауды үйренеміз.

 Сабақтың ортасы:

 (Ж) 1-тапсырма. Жұптық жұмыс

 «1 минуттағы ой» әдісі.

 Оқушылар интербелсенді тақтадан тапсырманы көргенде ойларына не түсті, соны 1 минут ішінде жазады. Суреттерге қарап, нақыл сөздер құрастырады және түсіндіреді Егер оқушылар сөздерінің ішінде ерекше сөздер болса, сол сөзді не үшін жазды, бұл тақырыпқа (не айтылған сөзге қандай қатысы бар) соны айтып беруі керек. Үлгі ретінде тақырыпқа байланысты бірнеше нақыл сөздер ұсынылады:

 

 Уақыт — жан- жақты дамудың кілті.

 

 Уақыттың бос өткені - өмірдің бос кеткені. . .

 

 Саралау. Саралаудың орытынды тәсіліне сүйене отырып, барлық оқушыларға бағытталған нұсқау беріп, олардың әрқайсысының өздерінен не күтетіндігін түсінгендеріне қол жеткізуге қолдау көрсетіледі.

 (ҚБ). Бір жұпты басқа жұп ауызша бағалайды. «Өте жақсы!», «Тамаша!», «Керемет!», «Жақсы!».

 

2 тапсырма

 (Ұ; Т; МК) Оқылым, тыңдалым, айтылым.

 Оқушыларға Алмас Темірбайдың «Уақыттың қадірі» атты өлеңін тізбектеп, мәнерлеп оқу ұсынылады.

  «Бумеранг» әдісі. Әр топ мүшелері оқылған мәтінді түсіну үшін сұрақтар құрастырады. Сұрақтарын келесі топқа береді. Олар сол сұрақтарға жауап береді. Оқушылардың барлығы да қатысады. Тақырыптың ішінде қалып қойған бөлімдері болса, мұғалім өзі әр топқа сұрақ қоюына болады.

 Үлгі сұрақтар:

  • «Есептеп үйрен уақытты» дегенді қалай түсінер едіңдер?
  • Автордың негізгі идеясы неде деп ойлайсыңдар? ?

 Саралау: Диалог және қолдау көрсету тәсіліне сүйене отырып, топтың ішіндегі қолдауды қажет ететін оқушыға сөзбен қолдау көрсетіледі.

 (ҚБ) «Ашық-жабық» әдісі арқылы бағаланады. Оқушылар жауаптары дұрыс болса топтар біріне бірі ашық алақан, дұрыс емес болса жабық алақан көрсетіп отырады.

 

 Сергіту сәті

 «Сиқырлы сөздер» ойыны

 Нұсқау:Оқушылар шеңберге тұрады. Мұғалім кез-келген өтінішті айтады, оқу мақсатына байланысты оқушы оны вербалды емес тілдік құралдарды қолдана отырып әдепті түрде айтуы керек. Мысалы: Айнаш, дәптерді бе . «Айнаш , өтінемін дәптерді берші». Арман жолдан ары тұр. Гаухар музыканы өшір. т.б.

 (Уақыттың жетуіне қарай ізеттілік, әдептілікті қолдану туралы мультфильм ұсынуға болады). Жақсы әдеттер туралы мультфильм:

https://www.youtube.com/watch?v=quJdLQPP4ZU

 3-тапсырма Жазылым, айтылым, тыңдалым.

 ; МК) «Түйінді сөздер» әдісі.

 Нұсқау: Мұғалім оқылған мәтіннің ішінен қарамен жазылған сөздерді әр топқа бөліп береді. Оқушылар топ болып бірігіп сол сөздердің анықтамасын, мағынасын ашып, автордың идеясы неде екенін басқа топтарға түсіндіреді. Ойларын дәлелдеу үшін мысал келтіреді.

 1-топ: «Есептеп үйрен уақытты,

  Еңбегің зая кетпейді»

 2-топ: «Өлшенер уақыт – іспенен,

  Не істедің бүгін күнімен?!»

 3-топ: «Уақытын дұрыс жұмсайтын

  Адамдар нағыз данышпан!»

 4-топ: «Бір күні босқа өтпепті,

  Яссауи, Шоқан, Абайдың.»

 5-топ: «Қадірін білген уақыттың,

 Қазақтан шыққан ұлылар...»

 

 Коммуникативтік тәсілдемеге негіздей отырып, оқушылардың тыңдалым-айтылым, жазылым дағдылары қалыптасырылады. Осы тапсырманы орындау кезінде оқушылардың түсініп алу икемділігін, өз пікірін ашық айтуға үйренеді. Ашықтық құндылығын дарытылады.

 Саралау: Қарқын тәсілі арқылы қарқыны жылдам кейбір топтарға өлеңнің жанрлық ерекшеліктеріне сипаттама беруді ұсынуға болады.

 (ҚБ) «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі бойынша бағалау жүргізіледі.

 

 Қалыптастырушы бағалау тапсырмасы.

 4-тапсырма (Ө; Ұ) «Бинго» ойыны.

 Сабақта танысқан нақыл сөздер мен «Уақыт қадірі» өлеңінің жанрын анықтап, сәйкестендіріп сызу ұсынылады.

 

 

 Уақыт .... кілті

 Есептеп үйрен уақытты…

 Уақыттың бос өткені ….

 Өлшенбес сағат тілімен...

 Өмірдің мәнін ұғып ал …

 

 

 

 Өлең

 

 

 Нақыл сөз

 Уақытын дұрыс жұмсайтын...

 

 

 Өлең жанрына тән ерекшеліктерді сипаттап айтып беру сұралады.

 «Бинго» ойыны арқылы оқушылардың өздігінен орындаған тапсырмалары бойынша жауап беру ұсынылады. Оқушылардың алдарына сандар жазылған парақшалар немес текшелер таратылады. Мұғалім бингоны айналдырады. Бингоға түскен сандарға байланысты сол оқушы мәтіндердің жанрын анықтайды.

 Саралау. Диалог пен қолдау көрсету тәсілі бойынша мәтіндердің жанрын анықтауда қиналған оқушыны ойланту үшін және бірқатар жауап алу үшін алдын ала дайындалған сұрақтарды беріле отырып, оқушылар ынталандырылады.

 (ҚБ) Дескрипторлар арқылы бағалау жүргізіледі.

 Дескрипторлар:

  •  мәтіндердің жанрын анықтайды;
  •  өлеңнің жанрлық ерекшеліктерін сипаттайды.
  •  уақытты бағалау туралы ойын айтады;
  •  сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді қолданады.

 

 Сабақтың соңы.

 Қорытынды.

  5-тапсырма

 (Ұ) «Микрофон» әдісі

 Оқушылар қолдарына микрофон ұстап бүгінгі өткен сабақтағы мәтін мазмұнына байланысты сұрақ қояды, екінші оқушы жауап береді.

 Оқушылар жылдам әрі тұжырымды ойлауға дағдылана отырып, сыни ойлау дағдыларын дамытады. Құнды ой жинақтап, ойын анық айтуға дағдыланады.

 Рефлексия: «Бастағы қалпақ» әдісі

 Оқушылар дөңгелене, шеңбер құрып тұрады. Музыка қосылады, сол уақытта оқушы басындағы қалпағын келесі оқушының басына кигізеді, ол келесі оқушының басына кигізеді т.с.с. Музыка тоқтағанда қалпақ кімнің басында сол бүгінгі сабақ туралы өз ойын ортаға салады.

 

 Ескерту. Сынып оқушыларының ерекшелігіне байланысты мұғалім тапсырмаларды ауыстырырып орындай алады.

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу