Әдеби шығарманың жанрын анықтау Алмас Темірбай «Уақыттың қадірі». 3 сынып. Әдебиеттік оқу


Қысқа мерзімді сабақ жоспарының шаблоны

Пән:

Әдебиеттік оқу

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Уақыт.

Күні:

Сынып: 3

Мектеп: Қарағанды қаласы

Мұғалімнің аты-жөні: Майбасова Ү.А.

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

2.4 Әдеби шығарманың жанрын анықтау

Алмас Темірбай «Уақыттың қадірі»

Оқу мақсаттары

3.1.4.1 сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді/ нақыл сөздерді, вербалды емес тілдік құралдарды қолдану

3.2.4.1 өлең, мысал, нақыл сөз, аңыз, бата, әңгіменің жанрлық ерекшеліктерін анықтау

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: шығарманың жанрлық ерекшелігін біледі, сөйлеу барысында вербалды емес тілдік құралдарды қолана алады;;

Көптеген оқушылар: шығарманың жанрлық ерекшелігін анықтай алады,сөйлеу барысында мақал- мәтелдерді, вербалды емес тілдік құралдарды қолданады;

Кейбір оқушылар:

Шығарманың жанрлық ерекшелігін анықтап, салыстыра алады, өз ойын жеткізуде мақал- мәтелдерді, вербалды емес тілік құралдарды қолданып, дәлелдейді.

Бағалау критерийлері

  • Шығарманың жанрлық ерекшеліктерін анықтайды
  • Шығарманың жанрлық ерекшеліктерін салыстырады;
  • Сөйлеу барысында вербалды емес тілдік құралдарды қолданады;
  • Өз ойын жеткізуде мақал- мәтелдерді қолданады

Тілдік мақсаттар

Тірек сөздер

Оқушылар:

Сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді,нақыл сөздерді, вербалды емес тілдік құралдарды қолданады.

Өлең, мысал, нақыл сөз, аңыз, бата, әңгіменің жанрлық ерекшеліктерін анықтауды үйренеді.

Пәнге қатысты лексикамен терминология:

Ғылым, талапты,үйрену, жирену.

Құндылықтарды дарыту

Ынтымақтастық құндылығын топтық жұмыстар арқылы оқушылар бойына дарытылады

Жұптық жұмыс жасау кезінде ойын еркін айтқыза отырып, ашықтық құндылығына тәрбиеленеді.

Пәнаралық байланыстар

Өзін-өзі тану – Мәтін мазмұны бойынша еңбек, данышпан, жауапкершілік сөздеріне талдау жасалады

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта. «Уақыттың қадірі» өлеңінің үзіндісін тыңдалады https://www.youtube.com/watch?v=2Z_fl4qR6JU

Бастапқы білім

Сөйлеу барысында вербалды емес тілдік құралдарды қолдана алады, шығарманың жанрлық ерекшелігін біледі

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

3 мин.

3 мин

1 мин

Ширату жаттығуы

(Ұ) «Тізбектер» әдісі

Оқушылар тізбектеле тұрады. Мұғалім Уақыт тақырыбына байланысты суреттерді интербелсенді тақтадан көрсетеді де, оқушыларға суретке қатысты бір сөз айтуын ұсынады. Келесі тұрған оқушы оны жалғастырады, яғни тақырыпқа қатысты келесі сөз айтады. Осылайша жалғаса береді. Оқушылардың санына байланысты бір немесе бірнеше айналым жасауға болады.

Коммуникативтік тәсілдемеге негіздей отырып, тыңдалым-айтылым дағдыларын дамыталады. Ойын кезінде бірлесіп жұмыс жасау арқылы ынтымақтастыққа тәрбиеленеді.

(Б). «Смайлик әдісі» бойынша тақырыпқа сай дұрыс жауап берген балаларды бағалауға болады.

Бастапқы білімді қайталау.

(Ұ; МК) «Миға шабуыл» әдісі арқылы оқушыларға нақыл сөздің мағынасын ашуға байланысты және денсаулықтың адам өміріндегі маңызы туралы сұрақтар қойылады. Оқушылардың тез жауап берулері қадағаланады. Оңай сұрақтардан бастап қиындатуға болады.

Үлгі сұрақ:

-«Ауырмайтын ем іздегенше...» дегенді қалай түсінесіңдер?

- Ең ұзақ күн дегенді қалай түсінесіңдер?

- Уақытты тоқтатып қоюға бола ма?

Сабақтың тақырыбы, оқу мақсатымен таныстыру. Бағалау критерийімен таныстыру немесе бірлесе құрастыру..

Слайд №2

Қосымша №1

Слайд №3

Қосымша №2

Сабақтың ортасы

7 мин

7 мин

2 мин

7 мин

5 мин

1-тапсырма

(ЖЖ) «1 минуттағы ой» әдісі.

Оқушылар интербелсенді тақтадан тапсырманы көргенде ойларына не түсті, соны 1 минут ішінде жазады. Суреттерге қарап, нақыл сөздер құрастырады және түсіндіреді Егер оқушылар сөздерінің ішінде ерекше сөздер болса, сол сөзді не үшін жазды, бұл тақырыпқа (не айтылған сөзге қандай қатысы бар) соны айтып берулері керек. Үлгі ретінде тақырыпқа байланысты бірнеше нақыл сөздер ұсынылады:

Уақыт — жан- жақты дамудың кілті.

Уақыттың бос өткені - өмірдің бос кеткені. .

(Мұғалім басқа да нақыл сөздерді ұсына алады)

Саралау. Саралаудың қорытынды тәсіліне сүйене отырып, барлық оқушыларға бағытталған нұсқау беріп, олардың әрқайсысының өздерінен не күтетіндігін түсінгендеріне қол жеткізуге қолдау көрсетіледі.

(ҚБ). Бір жұпты басқа жұп ауызша бағалайды. «Өте жақсы!», «Тамаша!», «Керемет!», «Жақсы!».

2 тапсырма

(Ұ, Т, МК) Оқушыларға Алмас Темірбайдың «Уақыттың қадірі» атты өлеңінің үзіндісін тізбектеп, мәнерлеп оқу ұсынылады.

«Бумеранг» әдісі.

Әр топ мүшелері оқылған мәтінді түсіну үшін сұрақтар құрастырады. Сұрақтарын келесі топқа береді. Олар сол сұрақтарға жауап береді. Оқушылардың барлығы да қатысады. Тақырыптың ішінде қалып қойған бөлімдері болса, мұғалім өзі әр топқа сұрақ қоюына болады.

Үлгі сұрақтар:

  • « Есептеп үйрен уақытты» дегенді қалай түсінер едіңдер?
  • Автордың негізгі идеясы неде деп ойлайсыңдар? ?

Саралау: Диалог және қолдау көрсету тәсіліне сүйене отырып, топтың ішіндегі қолдауды қажет ететін оқушыға сөзбен қолдау көрсетіледі.

(ҚБ) «Ашық-жабық» әдісі арқылы бағаланады. Оқушылар жауаптары дұрыс болса топтар біріне бірі ашық алақан, дұрыс емес болса жабық алақан көрсетіп отырады.

Сергіту сәті

«Сиқырлы сөздер» ойыны

Нұсқау:

Оқушылар шеңберге тұрады. Мұғалім кез-келген өтінішті айтады, оқу мақсатына байланысты оқушы оны вербалды емес тілдік құралдарды қолдана отырып әдепті түрде айтуы керек. Мысалы: Айнаш, дәптерді бер. «Айнаш, өтінемін дәптерді берші». Арман жолдан ары тұр. Гаухар музыканы өшір. т.б.

(Уақыттың жетуіне қарай ізеттілік, әдептілікті қолдану туралы мультфильм ұсынуға болады).

3-тапсырма

, МК) «Түйінді сөздер» әдісі.

Нұсқау: Мұғалім оқылған мәтіннің ішінен қарамен жазылған сөздерді әр топқа бөліп береді. Оқушылар топ болып бірігіп сол сөздердің анықтамасын, мағынасын ашып, автордың идеясы неде екенін басқа топтарға түсіндіреді. Ойларын дәлелдеу үшін мысал келтіреді.

  • топ: «Есептеп үйрен уақытты,

Еңбегің зая кетпейді»

  • топ: «Өлшенер уақыт – іспенен,

Не істедің бүгін күнімен?!»

  • топ: «Уақытын дұрыс жұмсайтын

Адамдар нағыз данышпан!»

  • топ: «Бір күні босқа өтпепті,

Яссауи, Шоқан, Абайдың»

  • топ: «Қадірін білген уақыттың,

Қазақтан шыққан ұлылар...»

Коммуникативтік тәсілдемеге негіздей отырып, оқушылардың тыңдалым-айтылым, жазылым дағдылары қалыптасырылады. Осы тапсырманы орындау кезінде оқушылардың түсініп алу икемділігін, өз пікірін ашық айтуға үйренеді.Ашықтық құндылығын дарытылады.

Саралау: Қарқын тәсілі арқылы қарқыны жылдам кейбір топтарға өлеңнің жанрлық ерекшеліктеріне сипаттама беруді ұсынуға болады.

(ҚБ) «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі бойынша топтық бағалау жүргізіледі.

4-тапсырма

(Ө; Ұ) «Бинго» ойыны.

Сабақта танысқан нақыл сөздер мен «Уақыт қадірі» өлеңінің жанрын анықтап, сәйкестендіріп сызу ұсынылады.

Уақыт ...... кілті

Есептеп үйрен уақытты…

Уақыттың бос өткені ….

Өлшенбес сағат тілімен...

Өмірдің мәнін ұғып ал …

Өлең

Нақыл сөз

Уақытын дұрыс жұмсайтын...

Өлең жанрына тән ерекшеліктерді сипаттап айтып беру сұралады.

«Бинго» ойыны арқылы оқушылардың өздігінен орындаған тапсырмалары бойынша жауап беру ұсынылады. Оқушылардың алдарына сандар жазылған парақшалар немес текшелер таратылады. Мұғалім бингоны айналдырады. Бингоға түскен сандарға байланысты сол оқушы мәтіндердің жанрын анықтайды.

Саралау. Диалог пен қолдау көрсету тәсілі бойынша мәтіндердің жанрын анықтауда қиналған оқушыны ойланту үшін және бірқатар жауап алу үшін алдын ала дайындалған сұрақтарды беріле отырып, оқушылар ынталандырылады.

(ҚБ) Дескрипторлар арқылы бағалау жүргізіледі.

Дескрипторлар:

  • мәтіндердің жанрын анықтайды;
  • өлеңнің жанрлық ерекшеліктерін сипаттайды.
  • уақытты бағалау туралы ойын айтады;
  • сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді қолданады.

Интербелсенді тақта.

Оқулық

72 -бет

Слайд №4

Қосымша №3

Қосымша №4

Слайд №5

Жақсы әдеттер туралы мультфильм:

https://www.youtube.com/watch?v=quJdLQPP4ZU

Слайд №6

Қосымша №5

Слайд №7

Қосымша№5

Сабақтың соңы

5 мин

5-тапсырма

(Ұ) «Микрофон» әдісі

Оқушылар қолдарына микрофон ұстап бүгінгі өткен сабақтағы мәтін мазмұнына байланысты сұрақ қояды, екінші оқушы жауап береді.

Оқушылар жылдам әрі тұжырымды ойлауға дағдылана отырып, сыни ойлау дағдыларын дамытады. Құнды ой жинақтап, ойын анық айтуға дағдыланады.

Рефлексия: «Бастағы қалпақ» әдісі

Оқушылар дөңгелене, шеңбер құрып тұрады. Музыка қосылады, сол уақытта оқушы басындағы қалпағын келесі оқушының басына кигізеді, ол келесі оқушының басына кигізеді т.с.с. Музыка тоқтағанда қалпақ кімнің басында сол бүгінгі сабақ туралы өз ойын ортаға салады.

Слайд№8

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

1- тапсырма. Саралаудың орытынды тәсіліне сүйене отырып, барлық оқушыларға бағытталған нұсқау беріп, олардың әрқайсысының өздерінен не күтетіндігін түсінгендеріне қол жеткізуге қолдау көрсетіледі.

2-тапсырма: Диалог және қолдау көрсету тәсіліне сүйене отырып, топтың ішіндегі қолдауды қажет ететін оқушыға сөзбен қолдау көрсетіледі.

3-тапсырма: Қарқын тәсілі арқылы қарқыны жылдам кейбір топтарға өлеңнің жанрлық ерекшеліктеріне сипаттама беруді ұсынуға болады.

4-тапсырма: Диалог пен қолдау көрсету тәсілі бойынша мәтіндердің жанрын анықтауда қиналған оқушыны ойланту үшін және бірқатар жауап алу үшін алдын ала дайындалған сұрақтарды беріле отырып, оқушылар ынталандырылады.

Дескрипторлар:

  • мәтіндердің жанрын анықтайды;
  • өлеңнің жанрлық ерекшеліктерін сипаттайды.
  • уақытты бағалау туралы ойын айтады;
  • сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді қолданады.

Бағалау әдістері

«Смайлик әдісі»

Ауызша мадақтау «Өте жақсы!», «Тамаша!», «Керемет!», «Жақсы!».

«Ашық-жабық» әдісі

«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі

«Бастағы қалпақ» әдісі

Топқа бөлуде парта мен орындықтарды реттеп орналастыру.

Электр жүйесін тексеру.

Сабақ бойынша рефлексия

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы даойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу