Шығарманың түрлі жанры бойынша шығармашылық жұмыс жазу. Табиғат. Ақселеу Сейдімбек. Әдебиеттік оқу, 4 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Әдебиеттік оқу

Бөлім: Табиғат құбылыстары

Сынып: 4

Мектеп: Астана қаласы, № 54 мектеп-лицей

Мұғалімнің аты-жөні: Оразбекова Г.А

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

3.2 Шығарманың түрлі жанры бойынша шығармашылық жұмыс жазу

Табиғат Ақселеу Сейдімбек

Оқу мақсаттары

4.2.1.1 шығарманы дауыстап түсініп, рөлге бөліп, мәнерлеп,теріп оқу;

4.3.2.1 шығарма кейіпкеріне хат, ертегі (кейіпкер қосу, соңын өзгерту...), өлең (төрт жолды), әңгіме (оқығаны, көргені бойынша) жазу.

4.3.4.1 мұғалімнің көмегімен шығарманың құрылымын, стилін жетілдіру, өз бетінше орфографиялық, пунктуациялық қателерді табу және түзету.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: шығарманы түсініп оқиды, өз ойын көркем-бейнелі сөздермен жеткізеді;

Көпшілік оқушылар: өз ойын ауызша және жазбаша жеткізеді, орфографиялық, пунктуациялық қателерді табады.

Кейбір оқушылар: өз ойын дәлелдер келтіре отырып жазады, орфографиялық, пунктуациялық қателерді табады және түзетеді.

Бағалау критерийлері

  • мәтінді қатесіз түсініп оқиды;
  • өз ойын жазады;
  • орфографиялық, пунктуациялық қателерді тауып, түзетеді.

Тірек сөздер

Ең сұлу, ең қымбатты, жер беті, қайталанбас сұлулық, ерекше төзімді, ғылыми-техникалық прогресс.

Құндылықтарды дарыту

Топтық,жұптық жұмыстарды орындау барысында ынтымақтастық орта қалыптастыру. Өмір бойы білім алу, ашықтық құндылықтарды насихаттау.

Пәнаралық байланыстар

Сөйлемнің тыныс белгілері, сөздердің дұрыс жазылуы, сөйлемдегі сөздердің байланысы арқылы қазақ тілі пәнімен байланыс жасалады.

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта

Алдыңғы білімді игеру

Мәтінді түсініп оқиды, сіретті қолданып әңгімелей алады, сөздердің дұрыс жазылуын біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

1-5 минут

Топтарға біріктіру:Түстерді таңдау арқылы топтарға бірігу

Ширату тапсырмасы: «Еден-төбе-мұрын» ойыны

 Ойынның шарты: Жүргізуші сұқ саусағымен біресе төбені, біресе еденді, біресе мұрнын көрсетеді және “төбе”, “еден”, “мұрын” деп айтып тұрады. Жүргізуші кейде айтқан сөзі мен қимылын керісінше жасап, қатысушыларды жаңылыстыруға тырысады. Кім қателессе, орнына отырады. Соңында қалған үш адам жеңімпаз деп танылады.

Сабақ тақырыбы және оқу мақсаттарымен таныстыру

Оқушылармен бағалау критерийін құрастыру немесе таныстыру

Слайд №1-2

Сабақтың орт

6-10 минут

11-21 минут

22-30 минут

31-36 минут

Ой қозғау

-Ақселеу Сейдімбек кім?

-Ол туралы не білесің?

Қосымша мәлімет:

Ақселеу Сланұлы Сейдімбек 

(1942 - 2009 жыл) Атасу ауылы, Жаңаарқа ауданыҚарағанды облысында дүниеге келеген. Жазушы, әдебиет зерттеуші, ғалым, филология ғылымының докторы, профессор

1-тапсырма

(МК, Ж,ОТ) «Болжау» стратегиясы бойынша суретке қарап әңгімелеу арқылы тақырыпқа болжам жасайды .

Саралау: қабілеті төмен оқушылар мен қабілеті жоғары оқушылар бірлесе жұмыс жасап, өз ойларын айтуға үйренеді.

(Б) «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалау.

2- тапсырма

(ОТ, МК, Т) «Бірлесіп оқу» әдісі арқылы берілген мәтінді оқып шығады.

«Бір сөйлем» әдісі арқылы алдымен топта, одан соң жұптаса отырып кестені толтырады.

Шығарманың тақырыбы

Автордың ойы

Көркем сөздер

Қорытынды

Саралау. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтижелер күтіледі. Кейбір оқушыларға өлеңді мәнерлеп оқуда екпіннің дұрыс қойылуын, дауыс ырғағын көрсету қажет болады. Дайындалуға қосымша уақыт беріледі.

(Б )«Қол шапалақтау»

3- тапсырма

(Ө, С, Қ) «Кір жайғыш» әдісі арқылы өздері әкелген табиғат суреттерін көркем сөздерді қолдана отырып әңгімелеп айтады және суретті іледі.

Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтижелер күтіледі. Қарасөзбен өз ойын жеткізуде кейбір топтарға мұғалім қолдау көрсетеді.

(Б) Оқушылар бірін – бірі смайлик арқылы бағалайды.

4-тапсырма (дәптермен жұмыс)

(Ө; ЖЖ) «Еркін жазу» әдісі «Табиғат сұлулығы» тақырыбына өз ойын жазады. Жұмысты жеке жазуға уақыт беріледі. Жұпта талқылайды, бір – бірінің жұмысын талдайды. «Ыстық орындық» әдісі арқылы топ алдында өз жұмысын оқиды.

Саралау. Тапсырма бойынша саралау жүргізіледі, әртүрлі нәтиже күтіледі. Кейбір оқушылар сөз тіркестерін жазуы мүмкін. Қабілеті төмен оқушыларға сөздер мен сөз тіркестері ұсынылады.

(Б) «Желкенді кеме» әдісі арқылы бағалау.

Желкенді үш түске бояу қажет.

1. Егер сабақ саған бәрі түсінікті болса, желкенді жасыл түс.

2.Тапсырманы орындауда қиындықты кездестірген болсаң, желкенді сары түс.

3. Егер саған тапсырма қиын болып, мұғалімнің көмегі қажет болса, желкенді қызыл түс.

Слайд 3

https:www.googl Картинки по запросу природа

Природа

hi-news.ru

слайд 4, қосымша №1

Қосымша №2

Слайд 5

Слайд 6

Қосымша №3

Слайд 7

Сабақтың соңы

37-40 минут

«Кемпірқосақ»

Тақтадағы кемпірқосақ суретіне өз есімдері жазылған стикерлерді желімдейді. Олар ең төмендегі күлгін түстен жоғары орналасқан қызыл түске стикерлерді желімдеу арқылы өздерінің сабақтағы түсінік (немесе көңіл-күй) деңгейін білдіреді.

https:www.google.kz/search?q=картинки+радуга+для+детей

стикер, слайд 8

Саралау

1-тапсырмада Тапсырма арқылы саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Қабілеті төмен оқушылар өлеңді оқуға қосымша уақыт беруге болады.

2-тапсырмада

Сұраққа жауап беруде, кейбір оқушыларға мұғалім қолдау көрсетеді.

3-тапсырмада

Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтижелер күтіледі. Кейбір оқушыларға өлеңді мәнерлеп оқуда екпіннің дұрыс қойылуын, дауыс ырғағын көрсету қажет болады. Дайындалуға қосымша уақыт беріледі.

4-тапсырмада

Тапсырма бойынша саралау жүргізіледі, әртүрлі нәтиже күтіледі. Кейбір оқушылар сөз тіркестерін жазуы мүмкін. Қабілеті төмен оқушыларға сөздер мен сөз тіркестері ұсынылады.

Бағалау

«Жұлдызша» әдісі

«Жарайсыңдар!», «Өте жақсы»,«Керемет!» өздерімен мадақтау арқылы бағалау

«Қол шапалақтау» әдісі

«Бір-бірін бағалау»әдісі

Дескриптор

-сөйлеу барысында көркем сөздерді орынды қолданады;

-өз ойын жазады;

-орфографиялық, пунктуациялық қателерді табады және түзетеді.

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Топпен жұмыс жасауда қауіпсіздік ережесін сақтау

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсатына жеттім бе?

Оқушылар не үйренді?

Ынтымақтастық атмосферасы орнады ма?

Оқушылар арасындағы дифференциациялау бойынша іс-әрекеттер ұтымды болды ма?

Жоспарланған уақытты ұстандым ба?

Жоспардан қандай шегіністер жасадым және неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
» Мұғалімдер ұрлап жатыр: Петропавлда осындай жалған ақпарат таратқан әйел жауапқа тартылды.
» 🏡Үй алуды мақсат еткендерге тағы бір жағымды жаңалық😍
Пікір жазу