Шығарманың түрлі жанры бойынша шығармашылық жұмыс жазу. Әдебиеттік оқу, 4 сынып, нұсқаулық.


Пән: Әдебиеттік оқу

Бөлім: Табиғат құбылыстары

Сынып: 4

Сабақ тақырыбы:

3.2. Шығарманың түрлі жанры бойынша шығармашылық жұмыс жазу

Оқу мақсаттары

4.1.4.1 сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді/ нақыл сөздерді, вербалды емес тілдік құралдарды қолдану;

4.3.2.1 таныс мәтінге жаңа кейіпкерлер қосу, жаңа сюжеттер енгізу, өлең (төрт жолды) жазу

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар: сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді қолданады;

Көпшілік оқушылар: нақыл сөздерді пайдаланып, туған жер туралы ойын айтады;

Кейбір оқушылар: шығармашылық жұмысын сурет түрінде ұсынады.

Бағалау критерийлері:

өлеңді түсініп оқиды;

өз сөзімен түсінгенін айта алады;

мақал-мәтелдерді орынды қолданады;

туған жер туралы ойын жеткізе алады;

шығармашылық жұмыс жасайды.

Тірек сөздер: Ағын су, көк орман, бетегедей киіз,ауылдай таулар, сұлулық көзіндей көл, малта тас, қия құз, жақпар сарай, бура тастар.

https://www.youtube.com/watch?v=uW41Uru-dSU

Сабақ барысы

І. Сабақтың басы

Ширату тапсырмасы: Сынып оқушылары мақал-мәтелдер жазылған қағаздар арқылы топтарға бөлінеді

Әрбір топ мақал-мәтелдің мағынасын түсіндіреді

Сәкен Сейфуллиннің «Көкшетау» өлеңін тыңдау , жетелеуші сұрақтар қою арқылы сабақ тақырыбына болжам жасау. (С.Сейфуллин "Көкшетау". Оқыған Мукашева Жанель)

•Мына өңір сендерге таныс па?

•Отбасылық немесе сыныппен барғандар бар ма?

•Көкшеде өздерің болған жерлерін атап беріңдерші?

https://www.youtube.com/watch?v=uW41Uru-dSU – тамашалау немесе басқа нұсқасын да таңдауға болады.

ІІ. Сабақтың ортасы

1-тапсырма

(ЖЖ,Т) «Үштік» әдіс (Ойлан, жұптас, бөліс)

«Көкшетау» өлеңін оқу үшін топтағы оқушылар бірнеше жұптан бөлінеді: бірінші оқушы оқиды немесе айтады, екінші оқушы тындайды, үшінші оқушы түртіп алады, кейін өз пікірін айтады.

Саралау: Оқушылардың есте сақтау қабілеті сақталады. Өз ойын ашық айта алады

Б «Бас бармақ»

Оқушылар өлеңді оқып болған соң, қаншалықты түсінгендерін бағалау.

2-тапсырма

(Т) «Даналық ағашы» әдісі арқылыорындалады. Оқушылар ішінен бір жүргізуші сайланады. Жүргізушінің қолында қорап немесе сандықша болуы керек. Оқушылар тақырып бойынша ашық сұрақтар құрастырып, жүргізушіге береді. Сұрақтар құрастырылып біткен соң, оқушылар сандықшадан кез келген сұрақты алып, дауыстап оқиды, толық жауап беруге тырысады. Қойылған сұрақпен берілген жауап бағаланады.

Үлгі: Өлеңнің екінші шумағында табиғатты қалай суреттеген?

Өлеңнің үшінші шумағында аталған Оқжетпес туралы не айта аласың?

Көкшетауды барып көргендегі әсеріңмен бөлісші.

Өлеңнен қандай әсер алдың?(өмірмен байланыстыру)

Саралау:Сыныптастарының жауаптарын ықылас

Б «Бір- бірін бағалау»

Топтар бір -бірінің жұмысын бағалау арқылы әр топ жұмысында нені жақсарту керектігін анықтайды

3-тапсырма

(Т,Ұ)«Данышпан үкілер» әдісі

І топ Өлеңмен жұмыс істеудің негіздері.

Өлеңнен негізгі (жаңа) ұғымдарды тауып, оларды алфавиттік ретте жазыңыз. Сізге жаңалық болған ақпаратты жазыңыз.

І І топ Маңызды өмірлік даналық.

Өлеңнің негізгі ойын бір сөйлеммен білдіріңіз.

ІІІ топ Иллюстрациялық бейнелеу.

Өлеңнің негізгі ойын сурет арқылы бейнелеп көріңіз.

ІҮ топ Үлгі боларлық қорытынды.

Өлеңге сүйеніп кестені толтырыңдар.

Эпитет

Теңеу

Кейіптеу

Көркем тоғай

Бура тастар

Момақан тау

Масаты көл

Ағын судай өлең

Көк жібек жапырақ

Айдыны ала шұбар

Маужыраған көркем тоғай

Кеудесін көкке сермеген

Саралау: Оқушының логикалық ойлауы дамиды, жылдам ой түйіндейді.

Б «Смайликтер»

4-тапсырма

(Ұ) «Пазлдар» әдісі

Әр топ «Миқатырғыш пазлдар» арқылы жаңа кейіпкер қосады.

Берілген сөздерді жинайды.

Мен, таумын, мен таумын, жомарт, шипа. Сөз бөліктерді жылдам жинайды. Сөйлем құрастырады, рөлге еніп, өз ойын сахналап жеткізеді. Тапсырманы тиімді орындауға үйренеді

Саралау: Топта тиімді әрекет жасауға, рөлдерді бөлуге, жұмыс сапасын жақсартуға, ортақ мақсатқа жетуге үйренеді.

Б «Екі жұлдыз,бір тілек»

Екі жұлдыз - Жұмыстарындағы ұнағаны

Бір тілек - Жақсартуға болады

ІІІ. Сабақтың соңы

Рефлексия: «Бір ауыз сөз»

Оқушылар стикерлерге сабақ туралы бір ғана сөз жазып, оны тақтаға жапсырады. Өз ойларын түсіндіріп береді. Стикерлерге сабақты бағалайтын келесі сөздерді жазуға болады (оларды тақтаға алдын-ала тақтаға жазып қойған дұрыс): ұнады, пайдалы, қажет, білдім, үйрендім, қызықтым, ұмтылдым, есте сақтадым т.б



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу