👈 қаріп өлшемі 👉

Шығарманың түрлі жанры бойынша шығармашылық жұмыс жазу М.Жұмабаев «Балалық шақ». 3 сынып. Әдебиеттік оқу


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: әдебиеттік оқу

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Уақыт

Күні:

Сынып: 3

Мектеп: Қарағанды қаласы

Мұғалімнің аты-жөні: Майбасова Ү.А.

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

3.2 Шығарманың түрлі жанры бойынша шығармашылық жұмыс жазу

М.Жұмабаев «Балалық шақ»

Оқу мақсаттары

3.2.1.1 шығарманы дауыстап түсініп, рөлге бөліп, мәнерлеп, теріп оқу;

3.3.2.1 шығарма кейіпкеріне хат/ ертегі (кейіпкер қосу, соңын өзгерту...)/ өлең (төрт жолды)/ әңгіме (оқығаны, көргені бойынша) жазу

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: өлеңді қатесіз, дауыстап оқиды, мазмұнын түсінеді, оқығаны бойынша ойын жазады

Көптеген оқушылар:. Өлеңді мәнерлеп оқиды, оқығаны бойынша мысалдар келтіре отырып өз ойын жазады;

Кейбір оқушылар: шығарманы мәнерлеп оқиды, оқығаны, көргені бойынша мысалдар келтіре отырып жазады, өз ойын дәлелдеп, қорытындылайды.

Бағалау критерийлері

  • Өлеңді қатесіз дауыстап, мәнерлеп оқиды;
  • Өз ойын жүйелеп айтады;
  • Оқығаны бойынша өз ойын әңгімелеп жазады;
  • Сөйлемдерді қатесіз жазады,

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Бөлім тақырыбына байланысты өмірдің әр кезеңі туралы айта алады. Дауыс ырғағын сақтап, мәнерлеп оқуды үйренеді, мәтін мазмұын бойынша ойын толық жеткізеді.

Пәнге тән лексика мен терминология

тек жүрме, қайтпас уақыт, бос өткізбе, үйрену, жирену.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер

  • Балалық шақты немен теңейді?
  • Санасыз адам ненің қадірін білмейді дейді?
  • Уақыттың қадірін қалай түсінер едіңдер?

Құндылықтарды дарыту

Топтық, жұптық жұмыс арқылы оқушылардың бойында еңбекқорлық, жолдастық, сыйластық, адамгершілік құндылықтарын дарыту; өздеріне деген сенімдерін, жұмыс орындау барысында жауапкершілікті арттыру; өмір бойы білім алу, ашықтықты насихаттау

Пәнаралық байланыстар

Адамның өсу кезеңдерін салыстырып, әңгімелеу арқылы жаратылыстану пәнімен байланыс жүзеге асырылады.

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақтадан оқушылар тақырыпқа байланысты сұрақтарды талдап, жауап береді.

«Балалық шаққа саяхат» әнінің сүйенмелдеуімен сергіту сәті орындалады.

https://www.youtube.com/watch?v=LThy8uXi534

Бастапқы білім

Шығарманың жанрын, өлеңнің ұйқасқа құрылатынын біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

Ширату тапсырмасы

«Доп лақтыру»ойыны.

Оқушылар шеңберге тұрады. Адамның өсу кезеңіне қатысты бала, оқушы, жігіт, қыз, ата деген сөздерге мағыналас сөздер айтып, біріне бірдоп лақтырады. Мысалы бала болса – онда ойыншық деген жауап болу керек. Оқушы десе – кітап, оқулық. Ата десе – таяқ. Ойын соңында әр жаз кезеңіне сай заттар болатынына назар аударылады.

Саралау: мағыналас сөздерді айтуға қиналған оқушыларға диалог және қолдау көрсету тәсілі арқылы сөзбен қолдау көрсетіледі. Мысалы, бала сөзіне қандай сөз айтар едің?

Оқу мақсатын хабарлау:

Бүгінгі сабақта біз өлеңді саналы түрде түсініп оқимыз, сосын өлеңді оқығанға сүйене отырып хат жазуды үйренеміз.

Оқушылармен бағалау критерийін қарастыру немесе таныстыру.

Қосымша №1

доп

Слайд №2

Сабақтың ортасы

5 минут

5 минут

7 минут

7 минут

4 минут

1-тапсырма

(Ұ; Т; МК)

«Қақпа» әдісі арқылы оқушыларға М.Жұмабаевтің «Балалық шақ» өлеңін саналы түрде, қажетті ақпаратты тауып оқып, белгілеп отыру тапсырылады. Өз бетінше оқуға 4-5 минут уақыт аралығы беріледі.

Іштей саналы түрде түсініп оқу алдында өлең мазмұнында кездесетін түсініксіз немесе уақыт тақырыбын білдіретін сөздерге талдау жасалады Сөздер тақтаға жазылып іліп қойылады:

ілгері күнді сағалау,

жоқ ойдан түңілу,

уақыттың дәмін татып қалу,

белді бекем буу,

надандық

Мұғалім тақтада қақпаның суреті мен кестені іліп қояды. Сыныпты екі топқа бөледі. Мұғалім мәтін мазмұнынан бір сөзді немесе сөз тіркестерін айтады. Әр топтан бір оқушы сол сөзді кестеге толтырады. Бір оқушы сөздікпен жұмыс істейді. Келесі оқушыға сөйлем құрастыру ұсынылады. Бір оқушы гол салады. Жұмыс барысында оқушылардың рөлдерін ауыстырып отырған дұрыс.

Сөз

Біз қалай түсіндік

Сөйлем құрастыр

Сөздіктегі мағынасы

Саралау. Қарқын тәсілі арқылы. Іштей түсініп оқуда оқушылардың деңгейіне байланысты уақытты белгілеу жоспарланады.

(ҚБ) «Смайликтер» арқылы топтық бағалау.

2-тапсырма

(Ж; Т) «Кірпіш» стратегиясын қолдана отырып, «Балалық шақ» өлеңінен өздері үшін маңызды сөздерді кірпіштерге түсіреді және пікірлерін білдіреді.

Мұғалім А4 парағына бейнеленген кірпіштердің суреттерін және мәтін мазмұны бойынша дайындалған сұрақтар таратады. Кірпіш суреттеріне жекелеп отырып, мәтін мазмұны бойынша сөздерді жазады. Оқушылар сөздерді алып, жұптасып оқиды. Бір-бірін толықтырады. Кірпіштерге жазылған жауаптарын топта талқылайды. Топтарталқылау соңында ішінен 5 маңызды ақпаратты стикерге жазып тақтадағы кірпіштерге қайта іледі және түсіндіреді.

Сұрақтар үлгісі:

  • Өлеңде автордың айтайын дегенін бір сөзбен жеткіз? (Жастық)
  • Балалық шақты немен теңейді? (Патшаның тағы)
  • Санасыз адам ненің қадірін білмейді дейді? (Жастықтың)
  • Жастық деген не? (Бағасыз уақыт, алтын)
  • Өлеңнен қандай қорытынды шығаруға болады? (Әрбір уақыттың қадірін білу керек. бүгінгі уақыт ертең қайтып келмейді.)

Саралау Қорытынды тәсіл. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Жұптағы қабілеті жоғары оқушы қабілеті төмен оқушыға ой бөлісіп,идеясын ортаға салып көмектеседі. Оқушыларға өз ойын еркін айтуға, дәлелдеп айтуға, өздігінен шешім қабылдауға мүмкіндік беріледі.

(ҚБ) «Басбармақ» әдісі арқылы топтық бағалау жүргізіледі.

3-тапсырма

, ОТ) «Күн бұлт» әдісімен екі топқа ақынның өлеңіне сүйене отырып «Постер» құру арқылы мазмұнын талдау ұсынылады. Әр топқа А4парағында күннің және бұлттың сызбалары беріледі. Адамның мінез-құлқына қатысты пікірлерді өлеңдегі сөз тіркестері немесе сөйлемдерге сүйеніп жазу ұсынылады.

Саналы адамға қатысты пікірлеркүнге орналастыру

Балалық шағын бағалайды. Патшаның тағы деп ойлайды.Уақытын текке өткізбейді. Жас кезінде білім, өнер үйренеді. Балалық шақты бағалауға тіл жетпейді. Жастық-алтын деп есептейді. Бағасыз деп ойлайды.

Санасыз адамға қатысты пікірлер – бұлтқа жазу

Бос жүреді. Уақытын бағаламайды. Уақытын еркелеп бос өткізеді.

Саралау. Диалог жəне қолдау көрсету. Кейбір оқушыларға тапсырманы орындау барысында жан-жақты əрі нақты көмек қажет болады. Оқушыларды ойланту үшін жəне бірқатар жауаптар алу үшін алдын ала дайындалған сұрақтарды қоюға болады. Бұл əдісті қолдану барысында сөзбен қолдау көрсету жəне ынталандыру да маңызды рөл атқарады.

Б) «Екі жұлдыз бір тілек» әдісі арқылы . оқушылар құрылған постерлері бойынша талдауларын өзара бағалайды.

Сергіту сәті. Тақырыпқа байланысты Мадина Садуақасованың «балалық шаққа саяхат» әніне мұғалімнің нұсқауымен қимыл-қозғалыс жаттығулар жасау.

4-тапсырма

(Ұ; Ө)

Сөздерді орнына қойып, сөйлемді аяқтап жазу тапсырылады. Оқыған өлеңі бойынша өз ойын жазады. Жұмысты жазу кезінде М.Жұмабаевтің «Балалық шақ» өлеңіндегі автордың өсиетін пайдалану ескертіледі.

... жүгір, жоқ ... түңіл.

Ойынға, білімге

Ойдан, тойдан

Қайтпас уақыттың дәмін ... ...

Татып қал, ауыз ти.

Жастықтың салты-...

Үйлену, үйрену

Өнер қуып, надандықтан ...

Жирену, үйрену

Саралау:Қорытынды саралау тәсілі.

Барлық оқушылар бір тапсырманы орындаса да олардың нəтижелері əртүрлі болады. Бір тапсырма беріледі, бірақ жалғыз «дұрыс» жауаптың бағытында жұмыс істеуден гөрі оқушылар өздерінің мықты жəне əлсіз тұстарына қарай жауап берулері күтіледі.

(ҚБ) Дескрипторлар бойынша бағалау:

  • өлеңді қатесіз, мәнерлеп оқиды;
  • өз ойын айтады;
  • сөйлемдегі сөздерді байланысын табады
  • сөздерді, сөйлемдерді сауатты жазады.

Қосымша №2

Слайд №3

Қақпа суреті

Қосымша №3

Слайд №4

А4 парақтары

Кірпіш суреттері

Сұрақтар жазылған парақтар

Қосымша №4

Слайд №5

Парақшалар

«Балалық шаққа саяхат» әні

https://www.youtube.com/watch?v=LThy8uXi534

  • Қосымша №5
  • Слайд №6
  • Қалыптастыру шы бағалауға арналған

тапсырмалар жинағы 25-бет

Сабақтың соңы

7 минут

Рефлексия. Рефлексия: «Бәрі менің қолымда»

Флипчартқа алақан бейнеленген плакат ілінеді.

Бас бармақ – «Бұл тақырып бойынша әлі ізденіс қажет».

Сұқ саусақ – «Бұл мәселе бойынша нақты нұсқаулар берілді».

Ортан терек – «Маған бұл ұнамады».

Шылдыр шүмек – «Психологиялық эстафета».

Кішкене бөбек – «Маған бұл жерде жетпеді…».

Үйге тапсырма: Ақын М.Жұмабаев қатысты деректер қарастырып келу, ол туралы әңгімелеу.

Қосымша №6

Саралау

Ширату жаттығуы.

Мағыналас сөздерді айтуға қиналған оқушыларға диалог және қолдау көрсету тәсілі арқылы сөзбен қолдау көрсетіледі.

1-тапсырма

Қарқын тәсілі арқылы. Іштей түсініп оқуда оқушылардың деңгейіне байланысты уақытты белгілеу жоспарланады.

2-тапсырма

Қорытынды тәсіл. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Жұптағы қабілеті жоғары оқушы қабілеті төмен оқушыға ой бөлісіп, идеясын ортаға салып көмектеседі. Оқушыларға өз ойын еркін айтуға, дәлелдеп айтуға, өздігінен шешім қабылдауға мүмкіндік беріледі.

3-тапсырма

Диалог жəне қолдау көрсету. Кейбір оқушыларға тапсырманы орындау барысында жан-жақты əрі нақты көмек қажет болады. Оқушыларды ойланту үшін жəне бірқатар жауаптар алу үшін алдын ала дайындалған сұрақтарды қоюға болады. Бұл əдісті қолдану барысында сөзбен қолдау көрсету жəне ынталандыру да маңызды рөл атқарады.

4-тапсырма

Қорытынды саралау тәсілі.

Барлық оқушылар бір тапсырманы орындаса да олардың нəтижелері əртүрлі болады. Бір тапсырма беріледі, бірақ жалғыз «дұрыс» жауаптың бағытында жұмыс істеуден гөрі оқушылар өздерінің мықты жəне əлсіз тұстарына қарай жауап берулері күтіледі.

Дескрипторлар:

  • өлеңді қатесіз, мәнерлеп оқиды;
  • өз ойын айтады;
  • сөйлемдегі сөздерді байланысын табады
  • сөздерді, сөйлемдерді сауатты жазады.

«Смайликтер» арқылы топтық бағалау.

«Басбармақ» әдісі арқылы топтық бағалау.

«Екі жұлдыз бір тілек» әдісі арқылы бағалау. Оқушылар бірін-бірі бағалайды.

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

АКТ-ны оқу барысында орынды және шығармашылықпен қолдана білу құзыреттілігін арттыру

Сабақ бойынша рефлексия


Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:


Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» Айлакер-алаяқтар интернетте делдалдарды қалай және қандай мақсатпен іздейді 26.11.2022
» Түркия: Ыстанбұлда тағы жарылыс 17.11.2022
» Қазақстандықтар тісін тегін емдете алады: Шарттары қандай? 08.11.2022

Пікір жазу



Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы