Шығарманың түрлі жанры бойынша шығармашылық жұмыс жазу. Табиғат. Ақселеу Сейдімбек. Әдебиеттік оқу, 4 сынып, сабақ жоспары.
Пән: Әдебиеттік оқу
Бөлім: Табиғат құбылыстары
Сынып: 4Мектеп: Астана қаласы, № 54 мектеп-лицей
Мұғалімнің аты-жөні: Оразбекова Г.А
Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
Сабақ тақырыбы
3.2 Шығарманың түрлі жанры бойынша шығармашылық жұмыс жазу
Табиғат Ақселеу Сейдімбек
Оқу мақсаттары
4.2.1.1 шығарманы дауыстап түсініп/ рөлге бөліп/ мәнерлеп/ теріп оқу;
4.3.2.1 шығарма кейіпкеріне хат/ ертегі (кейіпкер қосу, соңын өзгерту...)/ өлең (төрт жолды)/ әңгіме (оқығаны, көргені бойынша) жазу.
4.3.4.1 мұғалімнің көмегімен шығарманың құрылымын, стилін жетілдіру, өз бетінше орфографиялық, пунктуациялық қателерді табу және түзету.
Сабақ мақсаттарыБарлық оқушылар: өз ойын көркем-бейнелі сөздермен жеткізеді;
Көпшілік оқушылар: суретті пайдаланып, талдау ретінде эссе жаза алады;
Кейбір оқушылар: орфографиялық, пунктуациялық қателерді табады және түзетеді.
Бағалау критерийлері
•мәтінді қатесіз түсініп оқиды;
•суретті пайдаланып эссе жазады;
•орфографиялық, пунктуациялық қателерді табады және түзетеді;
Тірек сөздер Ең сұлу, ең қымбатты, жер беті, қайталанбас сұлулық, ерекше төзімді, ғылыми-техникалық прогресс.
Құндылықтарды дарыту Топтық,жұптық жұмыстарды орындау барысында ынтымақтастық орта қалыптастыру. Өмір бойы білім алу, ашықтық құндылықтарды насихаттау.
Пәнаралық байланыстар Сөйлемнің тыныс белгілері, сөздердің дұрыс жазылуы, сөйлемдегі сөздердің байланысы арқылы қазақ тілі пәнімен байланыс жасалады.
АКТ қолдану дағдылары Интербелсенді тақта
Алдыңғы білімді игеру Мәтінді түсініп оқиды, сіретті қолданып әңгімелей алады, сөздердің дұрыс жазылуын біледі.
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
Сабақтың басы
Топтарға біріктіру:
Түстерді таңдау арқылы топтарға бірігу
Ширату тапсырмасы: «Еден-төбе-мұрын» ойыны
Ойынның шарты: Жүргізуші сұқ саусағымен біресе төбені, біресе еденді, біресе мұрнын көрсетеді және “төбе”, “еден”, “мұрын” деп айтып тұрады. Жүргізуші кейде айтқан сөзі мен қимылын керісінше жасап, қатысушыларды жаңылыстыруға тырысады. Кім қателессе, орнына отырады. Соңында қалған үш адам жеңімпаз деп танылады.
Сабақ тақырыбы және оқу мақсаттарымен таныстыру
Оқушылармен бағалау критерийін құрастыру немесе таныстыру
Сабақтың ортасы
Ой қозғау
-Ақселеу Сейдімбек кім?
-Ол туралы не білесің?
Қосымша мәлімет:
Ақселеу Сланұлы Сейдімбек
(1942 - 2009 жыл) Атасу ауылы, Жаңаарқа ауданы, Қарағанды облысында дүниеге келеген. Жазушы, әдебиет зерттеуші, ғалым, филология ғылымының докторы, профессор
1-тапсырма
(МК, Ж,ОТ) «Болжау» стратегиясы бойынша суретке қарап әңгімелеу арқылы тақырыпқа болжам жасайды .
Саралау: қабілеті төмен оқушылар мен қабілеті жоғары оқушылар бірлесе жұмыс жасап, өз ойларын айтуға үйренеді.
(Б) «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалау
2- тапсырма
(ОТ, МК, Т) «Бірлесіп оқу» әдісі арқылы берілген мәтінді оқып шығады.
«Бір сөйлем» әдісі арқылы алдымен топта, одан соң жұптаса отырып кестені толтырады.
Мәтін тақырыбы
Жазушының тақырыпты түсіну сөйлемі, тұжырымы
Көркем ойды дамыту
Қорытынды
Саралау. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтижелер күтіледі. Кейбір оқушыларға өлеңді мәнерлеп оқуда екпіннің дұрыс қойылуын, дауыс ырғағын көрсету қажет болады. Дайындалуға қосымша уақыт беріледі.
ҚБ «Қол шапалақтау»
3- тапсырма
(Ө, С, Қ) «Кір жайғыш» әдісі арқылы өздері әкелген Астананың суреттерін таныстыра отырып, іледі.
Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтижелер күтіледі. Қарасөзбен өз ойын жеткізуде кейбір топтарға мұғалім қолдау көрсетеді.
(Б) оқушылар бірін – бірі смайлик арқылы бағалайды
4-тапсырма (дәптермен жұмыс)
(Ө; Ж) «Еркін жазу» әдісі «Табиғат» тақырыбына өз ойларын эссе ретінде жазады. Жұмысты жеке жазуға уақыт беріледі. Жұпта талқылайды, бір – бірінің жұмысын талдайды. «Ыстық орындық» әдісі арқылы топ алдында өз жұмысын оқиды.
Саралау. Тапсырма бойынша саралау жүргізіледі, әртүрлі нәтиже күтіледі. Кейбір оқушылар сөз тіркестерін жазуы мүмкін. Қабілеті төмен оқушыларға сөздер мен сөз тіркестері ұсынылады.
(Б) «Желкенді кеме» әдісі арқылы бағалау.
Желкенді үш түске бояу қажет.
1. Егер сабақ саған бәрі түсінікті болса, желкенді жасыл түс.
2.Тапсырманы орындауда қиындықты кездестірген болсаң, желкенді сары түс.
3. Егер саған тапсырма қиын болып, мұғалімнің көмегі қажет болса, желкенді қызыл түс.
Сабақтың соңы
Рефлексия: «Кемпірқосақ»
Тақтадағы кемпірқосақ суретіне өз есімдері жазылған стикерлерді желімдейді. Олар ең төмендегі күлгін түстен жоғары орналасқан қызыл түске стикерлерді желімдеу арқылы өздерінің сабақтағы түсінік (немесе көңіл-күй) деңгейін білдіреді.
Ескерту. Сынып оқушыларының ерекшелігіне байланысты мұғалім тапсырмаларды ауыстырырып бере алады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?