Шығарманың түрлі жанры бойынша шығармашылық жұмыс жазу. Теңіз суы неге ащы? (филиппин ертегісі). Әдебиеттік оқу, 3 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Пән: Әдебиеттік оқу

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Су – тіршілік көзі

Күні:

Сынып: 3

Мектеп: Қарағанды қ.

Мұғалімнің аты-жөні: Шадетова А.К.

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

3.2 Шығарманың түрлі жанры бойынша шығармашылық жұмыс жазу

Теңіз суы неге ащы? (филиппин ертегісі)

Оқу мақсаттары

3.3.2.1 шығарма кейіпкеріне хат/ертегі (кейіпкер қосу, соңын өзгерту ...)/ өлең (төрт жолды)/әңгіме (оқығаны, көргені бойынша) жазу

3.2.2.1 қолдануға (практикалық), бағалауға негізделген сұрақтар қою және жауап беру

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: шығарманың мазмұны бойынша сұрақтар қоя алады және жауап береді, шығарма кейіпкеріне хат жазады

Көптеген оқушылар: ертегі бойынша ашық және жабық сұрақтар қоя алады, хат жазуда кейіпкердің ерекшелігін ескеріп жазады

Кейбір оқушылар: кейіпкердің жасаған іс-әрекетіне баға бере отырып хат жазады

Бағалау критерийлері

  • шығарманың мазмұнын бойынша қолдану, бағалау сұрақтарын құрастырады;
  • шығарма кейіпкеріне хат жазады

Тілдік мақсаттар

Оқушылар: шығарманың кейіпкерін сипаттай алады, мінез-құлқын бағалай отырып, әңгімелей алады, сұрақтар құрастыра алады, ойын толық жеткізіп жауап береді.

Пәнге тән лексика мен терминология: ангола, селк ете қалды

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

  •  Неліктен теңіз суы ащы, ал өзен суы тұщы болады деп ойлайсың?
  •  Анголаның орнында болсаң сен не істер едің?

Құндылықтарды дарыту

Шығарма мазмұнына байланысты бірлікке, ынтымақтастыққа, татулыққа тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыстар

Жаратылыстану пәнінен алған білімдерін еске түсіріп, теңіз сулары жайлы не білетіндерімен бөліседі.

АКТ қолдану дағдылары

https://www.youtube.com/watch?v=nkqQxCBbCdI

Бастапқы білім

мәтін бойынша сұрақтар құрастыра алады, кейіпкерді сипаттай алады, өлеңнің ұйқасқа құрылатынын біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-6 минут

Ширату жаттығуы

; МК) «Жасырын сөздер» ойыны

Бір оқушы ортаға шақырылады. Мұғалім артында тұрып, бірнеше сөздерді жасырады (параққа жазып көрсетуге болады), ал қалған оқушылар орнында тұрып ым-ишара арқылы ғана сол сөзді түсіндіреді. Ортадағы оқушыға қандай сөз жасырылғанын табу ұснылады. Жаттығуды орындау барысында оқушылардың қиялы дамиды, белсенділігі артады.

Сабақтың тақырыбына байланысты үлгі суреттер: достық, бірлік, қол ұшын беру, теңіз, ащы

Оқу мақсатын хабарлау.

  • Шығарманың мазмұны бойынша сұрақтар құрастырып жауап беруді, сюжеттің дамуын болжауды, хат жазуды үйренеміз. Оқушылармен бағалау критерийін құрастыру немесе таныстыру.

Слайд №4

Қосымша №1

Слайд №2,3

Сабақтың ортасы

7-12 минут

13-22 минут

23-33 минут

34-37 минут

1-тапсырма

(Т) Теңіз суының дәмі қандай?

1. Берілген сұрақ бойынша оқушылар өз топтарында ортақ бір шешімге келеді. Топтың барлық мүшелерінің ойы тыңдалады.

2. Әр топ өз жұмыстарын «Кезбе тілші» әдісі бойынша таныстырып шығады. Әр топтан бір тілші жіберіледі. Тілші сұрақты қояды, оқушылар өз жауаптарын береді. Тілші ретінде микрофон ұстаған оқушы жіберіледі. Микрофонды оқушыларға мұғалім береді. Тілші ретінді 4 оқушы таңдалады. Тілшілер кезекпен барлық топтарды тыңдайды.

3. Барлық топтардың жұмыстары тыңдалады. Тілшілер өздеріне ұнаған бір жауаппен бөліседі.

Саралау: Диалог және қолдау көрсету тәсілі арқылы топтың ішіндегі қолдауды қажет ететін оқушыға мәтін мазмұнына байланысты жетелеуші сұрақтар қоя отырып қолдау көрсетіледі.

Қ/Б. Мадақтама. Оқушылардың берілген тапсырма бойынша орындаған іс-әрекетін «Тамаша!» «Жарайсың!» «Керемет!» сөздерімен бағалау.

2-тапсырма

(МК, Ұ) «Аялдама» әдісі бойынша оқушыларға «Теңіз суы неге ащы? филиппин ертегісін аялдау арқылы бөліктермен оқу ұсынылады. Оқушылар мәтінді оқи бастағанда мұғалім аялдаманың белгісін көрсете отырып, алдымен бірінші бөлікті оқытады. Әр аялдамада оқыған бөліктеріне оқушылар сұрақтарға жауап береді. Сұрақтар қою арқылы әр топ ақылдасып ойларын ортаға салады.

Үлгі сұрақтар:

1-аялдама: Адамдар Анголадан неліктен көмек сұрады?

2-аялдама: Адамдарды теңізге неге ертіп келеді?

3-аялдама: Теңіздің суы неге ащы?

Сұрақтарға жауап алынады.

Мұғалім мәтін мазмұны бойынша әр аялдама сұрақтарын ауыстыра алады.

Әңгімені тұтас оқып болған соң, қайта шолып оқуға уақыт беріледі. Түсініксіз сөздермен жұмыс жүргізіледі.

Саралау: Қорытынды арқылы саралау. Барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып, олардың əрқайсысының өздерінен не күтетіндігін түсінгендеріне көз жеткізу керек. (ҚБ) Оқушыларды мәтінді оқып түсінгендері «Басбармақ» әдісі арқылы өзара бағаланады.

3-тапсырма

(Т) «Қалың және жұқа сұрақтар» әдісін қолдана отырып ертегі мазмұны бойынша қолдануға, практикалық бағалауға негізделген сұрақтар қояды және жауап беру тапсырылады.

Мұғалім мәтін мазмұнына байланысты біржақты қысқа жауапты талап ететін «Жұқа сұрақ» және толық жауапты талап ететін «Қалың сұрақ» үлгілерін дайындап, таратады.

Үлгі сұрақтар:

«Жұқа сұрақ»

«Қалың сұрақ»

  •  Ертегі кейіпкерлері кімдер?
  •  Ангола кім?
  •  Неліктен теңіз суы ащы, ал өзен суы тұщы болады деп ойлайсың?
  •  Анголаның орнында болсаң сен не істер едің?

Тақырыпты қарастырғаннан кейін әр топқа үш «жұқа» және үш «қалың» сұрақ құру ұсынылады. Оқушылар бір-біріне құрастырған сұрақтарды қойып, мәтіннен жауаптарын оқиды.

«Жұқа сұрақ» біржақты қысқа жауапты талап етеді. «Қалың сұрақ» таратылып жазылған толық жауапты талап етеді.

Саралау. Қорытынды тәсілі арқылы жүргізіледі. Кейбір оқушылар жауабы оңай қарапайым сұрақтар құрауы мүмкін. Қабілеті жоғары оқушылар кең көлемді, жауабы ойландыратын күрделі сұрақтар құрауы мүмкін. Оқушылардың деңгейлеріне қарай әртүрлі сұрақтар мен жауаптар күтіледі.

(ҚБ) Оқу мақсатына сәйкес «Бағдаршам» әдісі арқылы оқушылардың қойылған сұрақтары мен жауаптары мұғаліммен бағаланады.

4-тапсырма

(МК, Ө) «RAFT әдісі арқылы оқушыларға «Аноглаға» хат жазу тапсырылады. Оқушылар мәтін кейіпкері атынан өзіне жазбаша тапсырма жазу арқылы кейіпкердің атынан талқылау, баяндау, ой жүгірту, әңгімелесу іс-әрекеттерін жүзеге асыра отырып, сыни ойлау дағдылары дамиды.

Мұғалім кейіпкерге хат жазудың үлгісін ұсынады.

R-рөлі, A- аудиториясы,

F- формасы, T-тақырыбы

Жазылым жұмысы тақырып таңдаудан басталады. Тақырып бойынша рөл белгіленеді. Келесіде оқушы жазылым жұмысының формасы мен аудиториясын таңдайды. Хаттың соңында өзіндік пікірін жазады.

Саралау: Диалог және қолдау көрсету. Қолдауды қажет ететін оқушыға сұрақ қоюға немесе сюжеттің дамуына сүйеніп талдауға бағыт беруге болады.

Қ/Б. Мұғалім тарапынан кері байланыс (мадақтау). Ұтымды тақырып бағаланады. Жарайсың! Өте ұтымды сұрақ қойдың. Мәнді жауабың үшін ризамыз.

Слайд №5

Қосымша №3

Слайд №6

Қосымша №4

Слайд №7

Қосымша №5

Қосымша №6

Слайд №8

Сабақтың соңы

38-40 минут

Рефлексия «Кубик» (ҰЖ)

Әр жағына әр түрлі сұрақ жазылған жеңіл кубикті мұғалім оқушыларға лақтырады. Қағып алған оқушы өзіне қарап тұрған жағындағы сұрақ бойынша жауап беріп кері байланыс жасайды.

-Бүгінгі сабақтан алған 3 қызықты ақпаратты ата.

-2 есте сақтайтын нәрсені ата.

-Сен үшін қиындық тудырған не?

-Қай тапсырма саған ұнады?

-Сабаққа байланысты бір сұрақ.

-Келесі сабақтан не үйренгің келеді?

Қосымша №7

Слайд №9

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

1-тапсырма. Диалог және қолдау көрсету тәсілі арқылы топтың ішіндегі қолдауды қажет ететін оқушыға мәтін мазмұнына байланысты жетелеуші сұрақтар қоя отырып қолдау көрсетіледі.

2-тапсырма. Қорытынды арқылы саралау. Барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып, олардың əрқайсысының өздерінен не күтетіндігін түсінгендеріне көз жеткізу керек.

3–тапсырма. Қорытынды тәсілі арқылы жүргізіледі. Кейбір оқушылар жауабы оңай қарапайым сұрақтар құрауы мүмкін. Қабілеті жоғары оқушылар кең көлемді, жауабы ойландыратын күрделі сұрақтар құрауы мүмкін. Оқушылардың деңгейлеріне қарай әртүрлі сұрақтар мен жауаптар күтіледі.

4-тапсырма Диалог және қолдау көрсету. Қолдауды қажет ететін оқушыға сұрақ қоюға немесе сюжеттің дамуына сүйеніп талдауға бағыт беруге болады.

Дескрипторлар:

  • кейіпкерге қатысты пікір білдіреді;
  • кейіпкердің іс-әрекетіне баға бареді;
  • мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтар құрастырады;
  • мәтін бойынша қойылған сұрақтарға жауап береді;
  • хат жазуда сөйлемдегі сөздерді байланысын табады;
  • сөздерді, сөйлемдерді сауатты жазады.

Бағалау әдістері:

«Смайл» әдісі, «Басбармақ» әдісі, «Бағдаршам» әдісі,

Интербелсенді тақтамен жұмысты орынды, тиімді қолдану

Сабақ бойынша рефлексия

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу