👈 қаріп өлшемі 👉

Шығарма мазмұны бойынша сұрақтар қою және жауап беру. Мұхтар Әуезов «Аңшы». Әдебиеттік оқу, 4 сынып, сабақ жоспары.


Пән: әдебиеттік оқу

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мамандықтар әлемі

Күні:

Сынып: 4

Мектеп: Нұр-Сұлтан қаласы, Халықаралық мектебі

Мұғалімнің аты-жөні: Жанбосынова Н.С.

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

2.2 Шығарма мазмұны бойынша сұрақтар қою және жауап беру

Мұхтар Әуезов «Аңшы»

Оқу мақсаттары

4.2.1.2 шығарманы іштей көз жүгіртіп, шолып, түртіп алып, сұрақтар қоя отырып, қажетті ақпаратты тауып, белгі қойып оқу, талдау жасап оқу, сын тұрғысынан бағалап оқу

4.2.2.1шығарманы қайта құруға, интерпретациялауға және бағалауға негізделген сұрақтар қою және жауап беру

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: шығармадан қажетті ақпаратты тауып оқиды, шығарма мазмұны бойынша сұрақтар қоя алады;

Көптеген оқушылар: шығармадан қажетті ақпаратты анықтайды, қолдануға, бағалауға негізделген сұрақтар қояды және оған жауап бере алады.

Кейбір оқушылар: шығармадан қажетті ақпаратты тауып салыстырады, бағалауға негізделген сұрақтар қоя алады жауап бере алады, мысалдар келтіре өз ойын айтады.

Бағалау критерийлері

  • шығармадан қажетті ақпаратты оқып табады;
  • шығарманың мазмұнын бойынша бағалау сұрақтарын құрастырады;

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Мәтінге сәйкес бағалау сұрақтарын қоя алады, сұрақтарға байланысты қажетті ақпаратты тауып жауап бере алады.

Пәнге тән лексика мен терминология:

Сөздік жұмысын жүргізу.Өрлеп-

Шабытты-

Судыр қағып-

түрілген-

от бүркіп-

қылмаңдаған-

кекшиіп-

жембасарымен-

тегеурінімен-

қарбаласып-

ұйлығып-

борбайлап-

Құндылықтарды дарыту

Ынтымақтастық құндылығы топтық жұмыстар арқылы оқушылар бойына дарытылады.

Жұптық жұмыс жасау кезінде ойын еркін айтқыза отырып, ашықтық құндылығына тәрбиеленеді.

Пәнаралық байланыстар

Мәтін бөліктері бойынша, жоспар құруда қазақ тілі және аңшылық туралы әңгімелей отырып дүниетану пәнімен байланыс орнатылады.

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта, https://www.youtube.com/watch?v=YunTBgogVCY

Бастапқы білім

Мәтінді дауыстап, түсініп оқиды, шығарманың тақырыбы мен негізгі ойын біледі, кейіпкердің іс-әрекетіне баға береді. Шығарма құрылымын біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-5 мин

Ширату жаттығуы

Сабақтың басында ширату жаттығуы

Оқушыларды «Қ, Б, А, Қ,» қима әріптеріне берілген суреттерді таңдау арқылы 4 топқа біріктіреміз.

1-топ: «Қаршыға»

2-топ: «Қаз»

3-топ: «Бозжорға»

4-топ: «Аңшы»

Оқушылар қима әріптерді таңдап ол туралы өз ойын айтады, топтарға бірігеді.

https://www.youtube.com/watch?v=YunTBgogVCY «Аңшы» мультфильмі

Сабақ тақырыбы және оқу мақсаттарымен таныстыру

Оқушылармен бағалау критерийін құрастыру немесе таныстыру

Слайд №1-2

Қосымша 1

Сабақтың ортасы

6-8 минут

9-15 минут

16-21 минут

22-29 мин

30-37 мин

  • тапсырма

(Ө) «Белгіле» әдісі бойынша «Аңшы» әңгімесін оқиды.

1. Әңгімені жеке оқиды

2. Шығармадағы белгілеген сөздер бойынша жұмыс. Сөздердің мағынасын сөздіктен қарайды.

Аңшы — аң аулауды кәсіп еткен адам.[1] Оны құсбегі, бапкер деп те атайды. Қазақ аңшылыққа: “Бүркітші үстіңді бүтіндейді, қыбыңды қандырады, қақпаншы қарныңды тойғызады, тұзақшы аш қалдырмайды...” деп тіршіліктің бір тұтқасы ретінде қараған. Кейде аңға көңіл көтеру үшін де шығады. Ит жүгіртіп, құс салу серілік салтанат деп саналған. Қазақ ішіндегі А-лар қолданған құралы, істеген амалына қарай былайша жіктеледі:

  • Саятшы — аңға қан сонарда шығады. Қыран бүркіт, ұшқыр тазы, түзу мылтық пайдаланады. Бұзау тіс қамшы, сойыл да ұстайды.
  • Мерген — садақпен, мылтықпен аң атады. Аю, қасқыр, бұғы, марал, арқар, елік, таутеке, қарақұйрық т.б. аң алады.
  • Қақпаншы — аңды қақпанмен аулайды. Түлкі, қасқыр, суыр секілді аңдардың ініне, жүретін жолына қақпан құрады.
  • Моршытүлкі, күзен секілді аңдардың ініне түтін салып, іннен шыға қашқанда ұстайды.

Саралау: қарқын тәсілі арқылы cараланады. Кейбір оқушыларға қосымша уақыт беріледі.

Б. Өзіндік бағалау. Бағдаршам түстері арқылы оқушылар өздерін бағалайды.

2-тапсырма

(ЖЖ) «Көршіңізге айтыңыз» әдісі арқылы «Аңшы» әңгімесі бойынша сұрақтар құрастыру тапсырылады.

1.Әр оқушы әңгіме бойынша жеке 3 сұрақ құрастырады.

2.Құрастырған сұрақтарды жұпта талқылайды.

- Аңшы аңға қай уақытта шығады?

- Аңды немен аулайды?

-Аңшыға дабыл не үшін керек?

Саралау: Қабілеті төмен оқушылардың тапсырма орындауына көмек беріледі, ал қабілетті оқушылар өтілген тақырып бойынша өз тұжырым жасауға ынталандырылады.

Б. «Бағдаршам»

Сабақтан алған әсерлерін төмендегі түстер арқылы көрсету:

Жасыл түс – сабақтан жаңа идеялар байқадым.

Сары түс – жаңа сабаққа көңілім толды.

Қызыл түс – бүгінгі сабақ сезіміме ерекше әсер етті.

(ҚБ) дескриптор бойынша бағалау.

  • мәтінді түсініп, қатесіз оқиды;
  • мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді;
  • мәтіндегі оқиғаға қатысты ойын айтады;

(Ж) 3-тапсырма

(МК, ЖЖ) «Ашық микрофон» әдісіне сүйеніп диалог құрады. Оқушылар мәтін мазмұнына сәйкес сұрақтарды жалғастырып, жауап береді.

Үлгі:

Әңгіменің авторы кім?

Қандай шығармаларын білесің?

Аңға қандай құстарды салады?

Саршегір деген не? Мәтіннен сипаттайтын жерін тауып оқы

Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтижелер күтіледі. Оқушылар бірге жұмыс жасап, ақпаратты іздеуге немесе өз идеяларын айтуға үйренеді. Мәтін құрастыруда кейбір топтарға мұғалім қолдау көрсетеді.

Б. Бір жұпты басқа жұп ауызша бағалайды. «Өте жақсы!», «Тамаша!», «Керемет!», «Жақсы!».

 

4-тапсырма

( МК, Ө) «Төрт сөйлем» тәсілімен сызбаны пайдаланып, өз сөзімен түсіндіреді.

1. Пікір. Берілген сөздер бойынша өзіндік пікірін бір сөйлеммен айтады.

2. Дәлел. Өз пікірін бір сөйлеммен дәлелдейді

3. Мысал. Пікірін өмірмен байланыстырып, мысал келтіреді.

4. Қорытынды. Тақырып бойынша қорытынды шығарады

Саралау: Барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып, не түсінгендеріне көз жеткізу.

 Б: Әр топтың өзін – өзі бағалауы.

 

5-тапсырма

(Т) Оқушыларға мақал – мәтелдің мағынасын түсіндіру ұсынылады.

1. Аңшының кешіккеніне сүйсін.

2. Ит иесі үшін, құс тамағы үшін алады.

3. Аңды не көрінбеген атады, не ерінбеген атады

4. Түлкі алған итке сын жоқ

Саралау: үлгерімі төмен оқушыларға қолдау көрсетіледі.

Б «Қошеметтеу» әдісі арқылы бағаланады.

Слайд №4

Қосымша 2

Слайд №5

Слайд №6

Слайд №7

Қосымша 5

Сабақтың соңы

38-40 мин

Рефлексия: Кері байланыс: «Бес саусақ»

Бас бармақ- өте жақсы

Балаң үйрек -ұсынысым бар

Ортан терек - жақсы

Шылдыр шүмек- шектеулі

Кішкентай бөбек - нашар

Слайд №8

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау. 1-тапсырманы орындауда қарқын тәсілі арқылы cараланады. Кейбір оқушыларға қосымша уақыт беріледі.

2-тапсырманы орындауда қабілеті төмен оқушылардың тапсырма орындауына көмек беріледі, ал қабілетті оқушылар өтілген тақырып бойынша өз тұжырымын жасауға ынталандырылады.

3-тапсырманы орындауда тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтижелер күтіледі. Оқушылар бірге жұмыс жасап, ақпаратты іздеуге немесе өз идеяларын айтуға үйренеді. Мәтін құрастыруда кейбір топтарға мұғалім қолдау көрсетеді.

4-тапсырма барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып, не түсінгендеріне көз жеткізу.

Өзіндік бағалау. Бағдаршам түстері арқылы оқушылар өздерін бағалайды. «Бағдаршам» әдісі. Бір жұпты басқа жұп ауызша бағалайды. Әр топтың өзін – өзі бағалауы. «Қошеметтеу» әдісі арқылы бағаланады.

Дескриптор

Дескриптор бойынша бағалау.

  • мәтінді түсініп, қатесіз оқиды;
  • мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді;
  • мәтіндегі оқиғаға қатысты ойын айтады;

Сабақ бойынша рефлексия

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы даойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік, қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?


Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:


Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» Айлакер-алаяқтар интернетте делдалдарды қалай және қандай мақсатпен іздейді 26.11.2022
» Түркия: Ыстанбұлда тағы жарылыс 17.11.2022
» Қазақстандықтар тісін тегін емдете алады: Шарттары қандай? 08.11.2022

Пікір жазу



Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы