Шығарма мазмұны бойынша сұрақтар қою және жауап беру «Жеті өнерпаз» ертегі. Әдебиеттік оқу, 3 сынып, сабақ жоспары.


Қысқамерзімдіжоспар

Пән: Әдебиеттік оқу

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Өнер

Күні:

Сынып: 3

Мектеп: Қарағанды қаласы

Мұғалімнің аты-жөні: Шадетова А.К.

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

2.2 Шығарма мазмұны бойынша сұрақтар қою және жауап беру

«Жеті өнерпаз» ертегі

Оқу мақсаттары

3.2.1.2 шығарманы іштей саналы түрде түсініп, көз жүгіртіп/ шолып/ түртіп алып/ қажетті ақпаратты тауып/ белгі қойып/сын тұрғысынан бағалап оқу

3.2.2.1 қолдануға (практикалық), бағалауға негізделген сұрақтар қою және жауап беру

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: қажетті ақпаратты тауып оқиды, шығарма мазмұны бойынша сұрақтар қоя алады;

Көптеген оқушылар: шығармадан қажетті ақпаратты анықтайды, қолдануға, бағалауға негізделген сұрақтар қояды және оған жауап бере алады.

Кейбір оқушылар: шығармадан қажетті ақпаратты ақпаратты тауып салыстырады, бағалауға негізделген сұрақтар қойып, жауап бере алады, мысалдар келтіре өз ойын айтады.

Бағалау критерийлері

  • шығармадан қажетті ақпаратты табады;
  • шығарманың мазмұнын бойынша бағалау сұрақтарын құрастырады;
  • сұрақтараға жауап береді.

Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминология: бас уәзір, нөкер, жеті өнерпаз.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Ертегі қалай басталады? Ханның қызын құтқару үшін бас уәзір қайда барады? Жеті өнерпаздың қолынан келетін өнері қызды құтқаруға қалай көмектесті? Ертегідегі қай оқиға қиялға жатады?

Құндылықтарды дарыту

Өз ісіне сенімділікпен, жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу, бойларында адамгершілік қасиеттерін дарыту.

Пәнаралық байланыстар

Отбасы мүшелері туралы әңгімелеу кезінде дүниетану пәнімен байланыс жасалады.

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта

Алдыңғы білімді игерулері

Мәтіннен ақпаратты таба алады, мәтін мазмұны бойынша сұрақтар құрастыра алады

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-3 минут

Ширату тапсырмасы

Бастапқы білімді қайталау

(Ұ, МК, Т) «Сұрақтар жаңбыры» әдісі. Сынып оқушылар санына қарай бірнеше топқа бөлінеді. Әр топқа алдыңғы сабақтағы қарастырған мәтін бойынша сұрақтар құрастыру тапсырылады. Ол үшін бірнеше қима қағаздарға бөлініп таратылады. Әр топ белгілі уақыт арасында мәтін мазмұны бойынша сұрақтар құрастырып, бір-біріне лақтырады. Қағып алған сұрақтарға жауап береді, сол арқылы өткен сабақты мазмұндайды.

Сабақ мақсатымен таныстыру. қажетті ақпаратты тауып оқиды, шығарма мазмұны бойынша сұрақтар қоя алады. Бағалау критерийімен таныстыру.

Слайд № 4

Слайд № 2,3

Сабақтың ортасы

4-10 минут

11-17 минут

18-27 минут

28-35 минут

1-тапсырма

Ойлан, жұптас, бөліс. «Өнер түрлерін анықта. Қандай түрлерін білесің?».

1.Ойлан. Оқушылар сұрақ бойынша жеке ойланады.

2. Жұптас. Жұбына өз жауабы жайлы айтады.

3.Бөліс. Жұптар ақылдасып өз ойларын ортаға салады. Жауаптарын күн күлтешесіне жазады. Жақсы (сары жолаққа) мен жаманды (қоңыр жолаққа) ажыратып жазады.

Саралау: қорытынды арқылы саралау. Барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып, олардың əрқайсысының өздерінен не күтетіндігін түсінгендеріне көз жеткізу керек. Мұғалім тапсырма береді, бірақ жалғыз «дұрыс» жауаптың бағытында жұмыс істеуден гөрі оқушылар өздерінің мықты жəне əлсіз тұстарына қарай жауап береді.

Б: Мадақтау. Жарайсыңдар! Тамаша! Сен тамаша ой айттың! т.б.

2- тапсырма

«Жеті өнерпаз» ертігіні оқу.

(Т) «Аялдама» әдісі бойынша оқушылар ертегіні аялдау арқылы бөліктермен оқиды.

1. Оқушылар мәтінді оқи бастағанда мұғалім аялдаманың белгісін көрсете отырып, тоқтатады.

1-аялдама: Алдымен бірінші бөлікті оқиды. Мұғалім сұрақ қояды. (Ертегі қалай басталады? Ханның қызын құтқару үшін бас уәзір қайда барады?). Оқушылар сұрақтың жауабын мәтіннен тауып белгі қояды.

2-аялдама: Екінші бөлікті оқиды. Мұғалім тоқтатып, сұрақ қояды. (Жеті өнерпаздың қолынан келетін өнері қызды құтқаруға қалай көмектесті? Ертегідегі қай оқиға қиялға жатады?). Оқушылар сұрақтың жауабын мәтіннен тауып белгі қояды.

2. Ертегіні тұтас оқып болған соң, қайта шолып оқуға уақыт беріледі. Түсініксіз сөздермен жұмыс жүргізіледі.

Саралау: қорытынды бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтижелер күтіледі. Сұраққа жауап беруде, кейбір оқушыларға мұғалім қолдау көрсетеді.

Б: «Бағдаршам» әдісі арқылы оқушылардың қойылған сұрақтары мен жауаптары мұғаліммен бағаланады.

3-тапсырма

(Т) ««Жаңғақ» әдісі. Белгілеген ақпараттарды қолданып ертегі бойынша сұрақтар құрастыр.

1. Оқушылар өз қалауымен 6 адамнан топқа бірігеді.

2. Топтағы әрбір оқушыға қиылған қағаз беріледі, ал топтың ортасына сұрақтар салатын ыдыс қойылады (себет, қапшық, қорап т.с.с).

3. Әрбір оқушы кесілген қағазға 1 сұрақтан жазады, сонан соң кесілген қағазды жаңғақтың формасына ұқсатып бүктеп, ортадағы қорапқа салады немесе тастайды.

4. Топтағы әрбір оқушы кезегімен ыдыстан сұрақтар жазылған «жаңғақты» ашып, оқып және оған жауап береді. Егер оқушы сұраққа жауап берсе, онда сұрақ жазылған қағаз өзінде қалады. Егер оқушы сұраққа жауап бере алмаса, онда басқа оқушылар жауап береді.

«Жаңғақ» бір оқушыдан екінші оқушыға ретімен домалау қажет. «Жаңғақты» қораптан алар кезде де осы реттілік сақталуы тиіс.

5. Сұрақтарға жауап берілгеннен кейін, қай оқушыда «жаңғақ» саны көп болса, сол оқушыға баға қойылады.

Саралау: қарқын тәсілі арқылы саралауды қолдануға болады. Кейбір оқушылар басқаларына қарағанда жылдам жұмыс істейді. Қосымша тапсырмаларды көп күш жұмсауды талап ететін оқушылар үшін қолдануға болады. Негізгі тапсырмаларды түсіндіруде көмек қажет ететін оқушыларға біршама уақыт беріледі.

Б: Бұл тапсырма «Жапондық бағалау» әдісі (оқушылар бір-біріне баға береді) арқылы бағаланады.

Қалыптастырушы бағалау тапсырмасы:

 Мәтінді түсініп оқы. Сыныптасыңның әңгіме мазмұнын түсінгенін қалай тексерер едің? Сұрақтар құрастыр. Сыныптастарыңның сұрақтарына жауап бер.

 Қасым ұста іске жарайды-ау деген мүйіздерді жыл он екі ай бойы жинап жүретін. Оның ішінде киіктің, арқардың, сиырдың, серкенің мүйіздері де болатын. Ол соның бәрін күн тимейтін саялы қалтарысқа жинап қоюшы еді. Көктем шығып, ел жайлауға көшерде Қасым қыстау қасынан ағатын бұлақтың табанындағы қара қорыс, көкала сазды белшесінен қазып, мүйіздерді көміп кететін.

 Жаз өтіп, ел қыстауға оралғаннан бір, бір жарым айдан кейін Қасым ұста көктемгі көмбенің тоңын ойып, мүйізді үйге алып келеді. Оларды үйге әкелісімен жылы суға салып, саз-топырағын жуып тастайды. Ұста оларды барынша әрлеп, әсемдеп ожау, қамшы сап, құты-сауыт, тарақ, көзілдірік жасап шығаратын.

Дескриптор

- мәтін мазмұны бойынша қолдануға/бағалауға бағытталған сұрақтар қояды;

- мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді.

Слайд № 5

Қосымша № 2

Слайд № 6

Қосымша № 1, 3

Слайд № 7

Қосымша №

Сұрақтар салатын ыдыс қойылады (себет, қапшық, қорап т.с.с).

Слайд № 8

Сабақтың соңы

36-40 минут

Рефлексия. «Ұшақ» әдісі. Оқушылар жазбаша кері байланыс береді. Ақ парақтан алдын-ала дайындалған ұшақтарды бір-біріне ұшырып, сабақтан алаған әсерлерімен бөліседі.

  • Маған бүгінгі сабақ ұнады...
  • Маған бүгінгі сабақта түсініксіз болды...
  • Маған бүгінгі сабақта қиын болды...

Слайд № 9

Қосымша 4

1 тапсырма– Қорытынды арқылы саралау. Барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып, олардың əрқайсысының өздерінен не күтетіндігін түсінгендеріне көз жеткізу керек. Мұғалім тапсырма береді, бірақ жалғыз «дұрыс» жауаптың бағытында жұмыс істеуден гөрі оқушылар өздерінің мықты жəне əлсіз тұстарына қарай жауап береді.

2 тапсырма – қорытынды бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтижелер күтіледі. Сұраққа жауап беруде, кейбір оқушыларға мұғалім қолдау көрсетеді.

3 тапсырма – Қарқын тәсілі арқылы саралауды қолдануға болады. Кейбір оқушылар басқаларына қарағанда жылдам жұмыс істейді. Қосымша тапсырмаларды көп күш жұмсауды талап ететін оқушылар үшін қолдануға болады. Негізгі тапсырмаларды түсіндіруде көмек қажет ететін оқушыларға біршама уақыт беріледі.

4 тапсырма – Уақыт бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушылаға ұсынылады. Оқушылар қарқындарына қарай жауап беріп өз ойларын дәлелдеп еркін айтады, пікірлерін өзгерте алады.

Дескрипторлар:

  • ертегіні түсініп оқиды;
  • қажетті ақпаратты белгілейді
  • ертегінің мазмұны бойынша сұрақтар құрастырады;
  • қалыптастырушы бағалау тапсырмасын орындайды

Демалыс кезіндегі қауіпсіздікті сақтау, өз заттарына ұқыптылықпен қарау.

АКТ-ны оқу барысында орынды және шығармашылықпен қолдана білу құзыреттілігін арттыру

Сабақ бойынша рефлексия

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы даойланыңыз)?

1:

2:

Сабақтыжақсартуға не ықпалетеалады (оқытутуралы да, оқутуралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу