Шығарма мазмұны бойынша сұрақтар қою және жауап беру «Жеті өнерпаз» ертегі. Әдебиеттік оқу, 3 сынып, дидактикалық материал.


ҚОСЫМША 1

Жеті өнерпаз (қысқартып алынған)

(ертегі)

 Баяғы өткен заманда байлығы жұрттан асқан бір хан болыпты. Ай десе аузы, күн десе көзі бар Қаншайым деген жалғыз қызы болыпты. Күндердің бір күнінде Қаншайым қырық қыз нөкерімен сейіл құрып, суға түсуге барады. Суға түсіп бола берген кезінде Қаншайымды көктен бір қарақұс келіп, көтеріп алып кетеді. Қырық қыз шулап қала береді. Бірнеше күнге дейін ханға мұны естіртуге ел-жұрт бата алмайды. Соңында бір ақсақал келіп естіртеді.

 Хан есінен танып, тағынан құлап түседі.

 Ханның уәзірі Назар келіп, ханмен ақылдасып, былай дейді:

 – Мұхиттың ар жағында балықшы Сәлім деген бар, оның жеті өнерпаз баласы бар. Бір тапса, солар табады. Жаныма бес жүз әскер қосып беріп, темірден кеме соққыз да, мені соған жібер.

 Хан барлық айтқан керегін дайын қылып, бас уәзірді аттандырады. Назар мұхиттың ар жағындағы Сәлім шалға жетеді. Назар уәзір Сәлім шалға мән-жайының бәрін баян етеді. Сол арада Сәлім шал балаларын шақырып алып:

 – Айлық алыс, шет жерден сендердің өнеріңді естіп жетіпті. Егер тапсаңдар дүние-мүлкі мен қызын береді. Өнерді ішке сақтамай, сыртқа шығарыңдар! – дейді.

 Назарға еріп келген жеті өнерпазды көріп, хан қатты қуанып кетеді. Жеті өнерпаздың ішіндегі үлкені аспанға ұша біледі екен. Ол қызды көтеріп алып кеткен қарақұстың ізіне түсіп қуады. Бұлар көкте жеті күн, жеті түн ұшады, сегізінші күн дегенде құсты көреді. Қуғыншыларды сезіп қойып, қарақұс қызды алып тағы да аспанға ұшады.

 Жігіттердің үлкені екіншісіне: «Өнеріңді көрсет», – дейді. Екінші өнерпаз асқан мерген екен. Құстың екі қанатынан көздеп атқан оғы оның екі санын жұлып түседі. Қыз аспанда шыр айналып келіп, суға түседі. Үшінші жігіт сушыл екен, суға сүңгіп, қызды алып шығады.

 Бұлар енді судан жағаға шыққан кезде, бір үлкен айдаһар бәрін жұтып алады. Төртінші өнерпаз асқан ұста екен, қолындағы екі тасын бір-біріне соғып қалғанда үлкен қорған тұрғызылады.

 Айдаһар тас қорғанды сыртынан орап алып, қысып сыға бастайды. Бұлар қысылып өле жаздайды. Осы кезде бесінші жігіт өз өнерін көрсетеді. Ол жер астынан жол салғыш екен, қолындағы асыл тасын шаққанда, жер астынан жол салынып шығады. Бұлар жер асты арқылы жүріп, бірнеше күннен кейін жер бетіне шығады. Олар еліне апаратын жолдың қай жақта екенін біле алмай, адасады. Сонда алтыншы жігіт жол болжағыш екен, көзін сипаса, бір күндік жерден жолды көреді. Өнерпаздар арып-ашып, шаршайды, жаяу жүре-жүре табандары тесіледі, тамақтары жоқ, аш әлсіреп қалады. Жетінші жігіт тағам жасағыш екен. Қойнынан бір табақты алып, соғып қалса, тамақ дайын болады.

 Бұлар бірнеше күн жол жүріп, ханның ауылына жетеді. Хан жеті өнерпазға қатты риза болып, ат шаптырып той жасайды.

 Жеті өнерпазға:

 – Қызымды біреуің жолдас қылып алыңдар, – дейді.

 Сонда тұрып жеті өнерпаздың ең үлкені:

 – Бәріміз де өз өнерімізді көрсеттік, қайсымыздың өнеріміз артық болса, сол алсын, – дейді. Хан келіседі.

 

ҚОСЫМША 2

ҚОСЫМША 3

ҚОСЫМША 4

 

[attachment=25944:didak-mater-shyarma-mazmny-bojynsha-sratar-oju-zhne-zhauap-beru.docx]
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу