Шығарма мазмұны бойынша сұрақтар қою және жауап беру. Ырыс – Сыр (аңыз). Әдебиеттік оқу, 4 сынып, дидактикалық материал.


ҚОСЫМША 1

 Ырыс – Сыр (аңыз)

 

 Бұрынғы заманда Қарақұм мен Қызылқұмда байларға жалданып жүрген Ағыбай, Арнабай деген ағайынды екі жігіт болыпты, күндерде бір күн әлгі екі жігітке бір айдаhар тап болып, жұтуға оңтайланыпты. Сол кезде екеуі айла таба қойып, аузын ашқан сайын айдаhарға бір қойдан беріп отырып, қойды тауысады... Екі жігіт байлардың ызғарынан қорқып, беталды құла түзге қаңғып кетеді. Екеуінің де барар жері, басар тауы жоқ, келешегі бұлдыр. Сөйтіп келе жатса, бұлардың алдынан ақсақалды, ақ киімді шал шығып, жөн сұрайды. Жігіттер сырын жасырмай, қариядан ақыл сұрайды. Қария бұларға мынадай кеңес береді:

 – Балалар, сендердің ақ жүректеріңде арамдық жоқ, бірақ оны бай шіркіндер білуші ме еді? Енді сендер осы беттеріңнен аумай жүре берсеңдер, оттай жанған Қызылқұмнан шығып, нулы жерге, сулы жерге кез боласыңдар. Ол жерде адал еңбектеріңді аямай, тіршілік етсеңдер, жер сендерден байлығын аямас, – депті. Жігіттер:

 – Баба, ол қандай жер, аты не? – деп сұрапты, қария:

 – Ол жер аты – Сыр, – депті де ғайып болыпты.

 Бақыт іздеген жігіттер арып-ашып "өлдім" дегенде Сырға жетіпті. Сырдың шырын суын мейірлене ішіп-ішіп, қанып алған соң, ел іздейді, Сырды жағалай отырған көп ауылға келсе, бұлар егіншілердің ауылы екен.

 Олар да егіншілерге қосылып, егін салып, Сырдың суын ішіп, балығын жеп, күнелтеді. Еткен адал еңбектері өнімді болып, ұзамай әлгі екеуі мал-малданып, жан-жанданыпты дейді.

 

ҚОСЫМША 2

ҚОСЫМША 3

ҚОСЫМША 4

[attachment=26393:didaktikalyk-material-1.docx]
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу