Шығарма мазмұны бойынша сұрақтар қою және жауап беру. Ырыс – Сыр (аңыз). Әдебиеттік оқу, 4 сынып, сабақ жоспары.


Қысқамерзімдіжоспар

Пән: Әдебиеттік оқу

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Менің Отаным – Қазақстан Күні:

Сынып: 4

Мектеп: Қарағанды қаласы

Мұғалімнің аты-жөні: Шадетова А.К.

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

2.2 Шығарма мазмұны бойынша сұрақтар қою және жауап беру

Ырыс – Сыр (аңыз)

Оқу мақсаттары

4.2.2.1 шығарманы қайта құруға, интерпретациялауға және бағалауға негізделген сұрақтар қою және жауап беру

4.2.1.1 шығарманы дауыстап түсініп, рөлге бөліп, мәнерлеп оқу, теріп оқу, шапшаң оқу

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: мәтінді түсініп оқиды, интерпретациялауға негізделген сұрақтар қояды және жауап береді;

Көптеген оқушылар: интерпретациялауға негізделген ашық сұрақтар қояды және жауап береді;

Кейбір оқушылар: сұрақтарды негіздей алады.

Бағалау критерийлері

  • интерпретациялауға негізделген сұрақтар қояды
  • сұрақтараға жауап береді.

Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминология: оңтайланыпты, айла, барар жері, басар тауы жоқ, арып-ашып

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

  • Аңыз қалай басталады? Айдаһардан құтылу үшін ағайындылар қандай айлаға барады? Бейнебаянда қандай өзен жайлы айтылған?

Құндылықтарды дарыту

Өз ісіне сенімділікпен, жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу, бойларында адамгершілік қасиеттерін дарыту.

Пәнаралық байланыстар

Сырдария өзені туралы бейнебаяннан алған ақпаратты түсініп, талдау барысында жаратылыстану мен математикадан алған білімдеріне сүйенеді.

АКТ қолдану дағдылары

https://www.youtube.com/watch?v=MVcnbhQ4Sbs

Сырдария өзені туралы бейне ақпарат

https://www.youtube.com/watch?v=QPPKIZHYKhk

Ш. Қалдаяқовтың «Сыр сұлуы» әні

Алдыңғы білімді игерулері

Мәтіннен ақпаратты таба алады, мәтін мазмұны бойынша сұрақтар құрастыра алады

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-3 минут

Ширату тапсырмасы

(Ұ, МК, Т) «Сұрақтар жаңбыры» әдісі.

1. Ш. Қалдаяқовтың «Сыр сұлуы» әні тыңдау.

https://www.youtube.com/watch?v=QPPKIZHYKhk

2. Сынып оқушылар санына қарай бірнеше топқа бөлінеді. Әр топқа тыңдаған өлең бойынша сұрақтар құрастыру тапсырылады. Ол үшін бірнеше қима қағаздарға бөлініп таратылады. Әр топ белгілі уақыт арасында сұрақтар құрастырып, бір-біріне лақтырады. Қағып алған сұрақтарға жауап береді, сол арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашылады.

Сабақ мақсатымен таныстыру. қажетті ақпаратты тауып оқиды, шығарма мазмұны бойынша сұрақтар қоя алады. Бағалау критерийімен таныстыру.

Слайд № 4

Слайд № 2,3

Сабақтың ортасы

1-тапсырма

(МК, Ұ) Бейнебаян көрсету https:// www. youtube.com/watch?v=MVcnbhQ4Sbs

1. «Сырдария өзені» бейнебаянды көрсету

2.«Сұрақ жауап» әдісімен тыңдалған ән мен көрген бейнебаянды не байланыстыратыны жайлы анықтау.

Сұрақтар үлгісі:

  • Бейнебаянда қандай өзен жайлы айтылған?
  • Қандай өзендердің қосылған тұсынан басталады?
  • Ұзындығы қанша км?
  • Алдындағы өлең мен бейнебаяндағы өзеннің айырмашылығы бар ма?

Саралау. Диалог және қолдау көрсету тәсілі арқылы оқушылардың сұрақтарға жауап беру кезінде ынталандыру үшін сөзбен қолдау көрсетіледі.

(ҚБ) От шашу» әдіс арқылы сұрақтарды талқылау кезінде дұрыс мағыналы жауап берген оқушылар қол шапалақтау арқылы бағаланады.

2- тапсырма

«Ырыс – Сыр» аңызды оқу.

(Т) «Аялдама» әдісі бойынша оқушылар аңызды аялдау арқылы бөліктерге бөліп оқиды.

1. Оқушылар аңызды оқи бастағанда мұғалім аялдаманың белгісін көрсете отырып, тоқтатады.

1-аялдама: Алдымен бірінші бөлікті оқиды. Мұғалім сұрақ қояды. (Аңыз қалай басталады? Айдаһардан құтылу үшін ағайындылар қандай айлаға барады?). Оқушылар сұрақтың жауабын аңыздан тауып белгі қояды.

2-аялдама: Екінші бөлікті оқиды. Мұғалім тоқтатып, сұрақ қояды. (Екі жігіт байлардың ызғарынан қорқып, қайда кетеді? Оларға кім жолығады?). Оқушылар сұрақтың жауабын мәтіннен тауып белгі қояды.

3-аялдама: Үшінші бөлікті оқиды. Мұғалім тоқтатып, сұрақ қояды. (Қария бұларға қандай кеңес береді?). Оқушылар сұрақтың жауабын мәтіннен тауып белгі қояды.

4-аялдама: Төртінші бөлікті оқиды. Мұғалім тоқтатып, сұрақ қояды. (Ағайындылардың келген жері қалай аталады? Ол жер қандай екен?). Оқушылар сұрақтың жауабын мәтіннен тауып белгі қояды.

2. Ертегіні тұтас оқып болған соң, қайта шолып оқуға уақыт беріледі. Түсініксіз сөздермен жұмыс жүргізіледі.

Саралау: қорытынды бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтижелер күтіледі. Сұраққа жауап беруде, кейбір оқушыларға мұғалім қолдау көрсетеді.

Қ/Б: «Бағдаршам» әдісі арқылы оқушылардың қойылған сұрақтары мен жауаптары мұғаліммен бағаланады.

3-тапсырма

(Т) ««Жаңғақ» әдісі. Белгілеген ақпараттарды қолданып ертегі бойынша сұрақтар құрастыр.

1.Оқушылар өз қалауымен 6 адамнан топқа бірігеді.

2.Топтағы әрбір оқушыға қиылған қағаз беріледі, ал топтың ортасына сұрақтар салатын ыдыс қойылады (себет, қапшық, қорап т.с.с).

3.Әрбір оқушы кесілген қағазға 1 сұрақтан жазады, сонан соң кесілген қағазды жаңғақтың формасына ұқсатып бүктеп, ортадағы қорапқа салады немесе тастайды.

4.Топтағы әрбір оқушы кезегімен ыдыстан сұрақтар жазылған «жаңғақты» ашып, оқып және оған жауап береді. Егер оқушы сұраққа жауап берсе, онда сұрақ жазылған қағаз өзінде қалады. Егер оқушы сұраққа жауап бере алмаса, онда басқа оқушылар жауап береді.

«Жаңғақ» бір оқушыдан екінші оқушыға ретімен домалау қажет. «Жаңғақты» қораптан алар кезде де осы реттілік сақталуы тиіс.

5.Сұрақтарға жауап берілгеннен кейін, қай оқушыда «жаңғақ» саны көп болса, сол оқушыға баға қойылады.

Саралау: қарқын тәсілі арқылы саралауды қолдануға болады. Кейбір оқушылар басқаларына қарағанда жылдам жұмыс істейді. Қосымша тапсырмаларды көп күш жұмсауды талап ететін оқушылар үшін қолдануға болады. Негізгі тапсырмаларды түсіндіруде көмек қажет ететін оқушыларға біршама уақыт беріледі.

ҚБ: Бұл тапсырма «Жапондық бағалау» әдісі (оқушылар бір-біріне баға береді) арқылы бағаланады.

4-тапсырма

Ж. «ПОПС» формуласы. «Ырыс–Сыр» аңызының басты идеясы неде? Жұптағы талқылаудан соң өз ой қорытындысын «ПОПС» формуласы бойынша жазбаша түсіндіреді.

Бірінші сөйлем: «Менің ойымша аңыздың басты идеясы - ....»

Екінші сөйлем: «Себебі,оны былай түсіндіремін...»

Үшінші сөйлем: «Оны мына мысалдармен, фактілермен дәлелдей аламын...»

Төртінші сөйлем: «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім...»

ҰЖ. «2 бұрыш» әдісі. Оқушылар қалаулары бойынша өз жазғандарын оқи алады. Қалған оқушылар сыныптасының позициясына келісу/келіспеуін лайықты бұрышты таңдау арқылы көрсетеді.

Саралау: Қорытынды саралау тәсілі. Бір тапсырма беріледі, бірақ жалғыз «дұрыс» жауаптың бағытында жұмыс істеуден гөрі оқушылар өздерінің мықты жəне əлсіз тұстарына қарай жауап берулері күтіледі.

Қ/Б: Мен ………. деген өз ойымды өзгерттім.

 Мен …………. туралы көп білдім.

 Мені …… таң қалдырды.

 Мен … сездім.

 Мен………… басқаша қарайтын болдым

Слайд № 5

Қосымша № 2

Слайд № 6

Қосымша № 3

Слайд № 7

Қосымша №4

Сұрақтар салатын ыдыс қойылады (себет, қапшық, қорап т.с.с).

Слайд № 8

Сабақтың соңы

Рефлексия: «Кубик» әдісі. Әр жағына әр түрлі сұрақ жазылған жеңіл кубикті мұғалім оқушыларға лақтырады. Қағып алған оқушы өзіне қарап тұрған жағындағы сұрақ бойынша жауап беріп кері байланыс жасайды.

  • Бүгінгі сабақтан алған 3 қызықты ақпаратты ата.
  • 2 есте сақтайтын нәрсені ата.
  • Сен үшін қиындық тудырған не?
  • Қай тапсырма саған ұнады?
  • Сабаққа байланысты бір сұрақ.
  • Келесі сабақтан не үйренгің келеді?
  • (Ө) Оқушылар осы сұрақтарына кезекпен жауап береді.

Слайд № 9

1 тапсырма– Диалог және қолдау көрсету тәсілі арқылы оқушылардың сұрақтарға жауап беру кезінде ынталандыру үшін сөзбен қолдау көрсетіледі.

2 тапсырма – қорытынды бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтижелер күтіледі. Сұраққа жауап беруде, кейбір оқушыларға мұғалім қолдау көрсетеді.

3 тапсырма – Қарқын тәсілі арқылы саралауды қолдануға болады. Кейбір оқушылар басқаларына қарағанда жылдам жұмыс істейді. Қосымша тапсырмаларды көп күш жұмсауды талап ететін оқушылар үшін қолдануға болады. Негізгі тапсырмаларды түсіндіруде көмек қажет ететін оқушыларға біршама уақыт беріледі.

4 тапсырма – Уақыт бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушылаға ұсынылады. Оқушылар қарқындарына қарай жауап беріп өз ойларын дәлелдеп еркін айтады, пікірлерін өзгерте алады.

Дескрипторлар:

  • аңызды түсініп оқиды;
  • қажетті ақпаратты белгілейді
  • аңыздың мазмұны бойынша сұрақтар құрастырады;
  • бейнебаяндағы ақпаратты түсінеді

Демалыс кезіндегі қауіпсіздікті сақтау, өз заттарына ұқыптылықпен қарау.

АКТ-ны оқу барысында орынды және шығармашылықпен қолдана білу құзыреттілігін арттыру

Сабақ бойынша рефлексия

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы даойланыңыз)?

1:

2:

Сабақтыжақсартуға не ықпалетеалады (оқытутуралы да, оқутуралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу