Шығарма мазмұны бойынша сұрақтар қою және жауап беру. «Дельфин мінген Демеубай» Мұхтар Құрманалин. Әдебиеттік оқу, 3 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: әдебиеттік оқу

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Демалыс мәдениеті. Мерекелер

Күні:

Сынып: 3 сынып

Мектеп: Қарағанды қаласы

Мұғалімніңаты-жөні: Шадетова А.К.

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

2.2. Шығарма мазмұны бойынша сұрақтар қою және жауап беру

«Дельфин мінген Демеубай» Мұхтар Құрманалин

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.2.2.1 шығарма мазмұны бойынша қолдануға (практикалық), бағалауға және шығармашылыққа негізделген сұрақтар қою және жауап беру

3.3.1.1 мұғалім көмегімен оқылған шығарманы логикалық бөліктерге бөліп, әр бөлікке ат қойып жоспар құру

3.3.4.1 мұғалімнің көмегімен шығарманың құрылымын, стилін жетілдіру, өз бетінше орфографиялық, пунктуациялық қателерді табу және түзету

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: шығарма мазмұны бойынша бағалауға негізделген сұрақтар қояды және жауабын шығармадан таба алады, бөліктерге бөліп, жоспар құра алады, өз бетінше орфографиялық, пунктуациялық қателерді табады және түзетеді.

Көптеген оқушылар: қойылған сұрақтардың жауабын шығармадан тауып, себептерін түсіндіре алады, орфографиялық, пунктуациялық қателерді ережелерге сүйеніп табады және түзеті.

Кейбір оқушылар: жоспар құруда шығармадан негізгі ұғымдарды анықтап, құрай алады

Бағалау критерийлері

  • шығарма мазмұны бойынша бағалауға негізделген сұрақтар қояды;
  • қойылған сұрақтардың жауабын шығармадан таба алады;
  • мәтінді логикалық бөліктерге бөліп, әр бөлікке ат қоюда шығармашылық тұрғыданы қарастыра алады.

Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминология: дельфинарий, бапкер, шабандоз

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Автор әңгімеге неге «Демеубайдың дельфині» деген тақырып қойды деп ойлайсың? Шығармаға басқаша қандай тақырып қояр едің?

Құндылықтарды дарыту

Жұппен және топпен бірлескен жұмыс әрекеттері негізінде ынтымақтастық, өз ойын ашық жеткізген кезде ашықтық құндылықтары дамиды.

Пәнаралық байланыстар

Оқушылар орфографиялық, пунктуациялық қателерді тауып түзеткенде қазақ тілі ережелеріне сүйенеді.

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақтадан сабаққа қатысты көрнекілктер мен слайд көрсетіледі.

Бастапқы білім

Мәтін мазмұны бойынша сұрақтар құрастыра алады және қателарді таба алады.

Сабақбарысы

Сабақтыңжоспарланғанкезеңдері

Сабақтағыжоспарланғаніс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-5 минут

Ширату тапсырмасы

(Ұ, МК, Т) «Кімнің жауабы» әдісі.

1.«Жазғы демалысты қалай өткіздің?» деген сұраққа жауап беру тапсырылдаы.

2.Ол үшін бірнеше қима қағаздар бөлініп таратылады. Әр оқушы белгілі уақыт арасында сұраққа жауап жазып, бір-біріне лақтырады. Қағып алған жауапты кімнің жазғанын анықтау керек.

Сабақ мақсатымен таныстыру. шығарма мазмұны бойынша бағалауға негізделген сұрақтар қояды және жауабын шығармадан таба алады, бөліктерге бөліп, жоспар құра алады, өз бетінше орфографиялық, пунктуациялық қателерді табады және түзетеді. Бағалау критерийімен таныстыру.

Слайд 2-4

Сабақтың ортасы

5-11 минут

12-21 минут

22-29 минут

30-36 минут

1-тапсырма

(Ж; Ұ, МК) Мұхтар Құрманалиннің «Дельфин мінген Демеубай» әңгімесін оқу ұсынылады. Мұғалім оқушыларға мәтінді оқуда түсініксіз сөздерді белгілеп оқу туралы алдын ала ескертеді. Мысалы, дельфинарий, бапкер, шабандоз.

Балалар қандай сөз түсініксіз болды?(мыс: «Шабандоз» ат бәйгесінде ат үстінде шабатын адам) Бұл сөзді сен қалай түсінесің? сұрақтары қойылып, оқушылардың жауабы тыңдалады.

Саралау: қорытынды бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтижелер күтіледі. Сұраққа жауап беруде, кейбір оқушыларға мұғалім қолдау көрсетеді.

Б: «Бағдаршам» әдісі арқылы оқушылардың қойылған сұрақтары мен жауаптары мұғаліммен бағаланады.

  • 2-тапсырма
  • (ЖЖ) «Қар кесегі» әдісі. Мәтін мазмұны бойынша сұрақ құрастыру тапсырылады.
  • 1. Шығарма мазмұны бойынша топ ішінде әр жұп бағалауға негізделген сұрақтар дайындап, келесі топтарға сұрақтарын лақтырады.

2. Қағып алған топ мүшелері сол сұрақтарға жауап береді.

3. Сұрақтардың жауабын шығармадан табады.

Сұрақтар үлгісі:

1.Дельфинарийде қандай оқиға болды?

2. Демеубайдың әрекеті туралы не айтасың?

3. Автор әңгімеге неге «Демеубайдың дельфині» деген тақырып қойды деп ойлайсың?

4. Шығармаға басқаша қандай тақырып қояр едің?

Саралау. қарқын тәсілі арқылы саралауды қолдануға болады. Кейбір оқушылар басқаларына қарағанда жылдам жұмыс істейді. Қосымша тапсырмаларды көп күш жұмсауды талап ететін оқушылар үшін қолдануға болады. Негізгі тапсырмаларды түсіндіруде көмек қажет ететін оқушыларға біршама уақыт беріледі.

Б: Бұл тапсырма «Жапондық бағалау» әдісі (оқушылар бір-біріне баға береді) арқылы бағаланады.

3-тапсырма

Әткеншек әдісі (Карусель) (ТЖ). Мәтінді бөліктерге бөліп, жоспар құрастыру ұсынылады.

Мұғалімнің көмегімен оқушыларға шығарманы бөліктерге бөлуге оңтайлы жағдай жасалады, плакаттар беріледі.

1.1-2 тапсырмада алынған мәтін мазмұны бойынша оқушылар мәтінді бөліктерге бөледі.

2. Сол бөліктер бойынша жоспар құрады.

3.Жұмыстарын келесі топқа өткізеді.

4.Оқушылар жұмыстары талқыланады.

Саралау: ресурс (дереккөз) арқылы саралау тәсілі жүзеге асады. Мұнда жоғары ойлау деңгейлі оқушылар мәтінге жоспар құру арқылы анағұлым күрделі сөздерді пайдалана отырып, дереккөздермен жұмыс істей алады. Сонымен қатар саралаудың тапсырма тәсілі бойынша жоспар құруда көмекті қажет ететін оқушыларға қажеттіліктеріне қарай қосымша жоспардың үлгісі ұсынылады.

Б: Мадақтау. Жарайсыңдар! Тамаша! Сен тамаша ой айттың! т.б.

4- тапсырма

(Т,Ұ) Мәтін үзіндісінен мағынасы сәйкес келмейтін қателерді тауып, дәптеріңе түзетіп жаз.

 Карточкаға жазылған келесі мәтін оқушыларға таратылады.( – Кәне, дельфинге мінгісі келетін кім бар – деп дауыстады. Жиналғандар бір-біріне қарасты. Ешкім орнынан қозғала қоймады. Осы кезде Демеубайда орнынан қозғалмады. Баспалдақпен төмен түсіп, бапкердің жанына жетіп барғысы келді. Ол әкесінің «Бар балам!» деген сөзін естімеген болу керек. Жұрт ду қол шапалақтап жатыр.)

  • Алдымен олар топтарында ойларын бөлісіп, қандай қателер бар екенін анықтайды.

3. Топтарға флипчарт қағаз таратылады. Оқушылар қағазға дұрыс нұсқасын жазады.

4. Топтар өз жұмыстарын қорғайды.

Саралау: Қорытынды саралау тәсілі. Бір тапсырма беріледі, бірақ жалғыз «дұрыс» жауаптың бағытында жұмыс істеуден гөрі оқушылар өздерінің мықты жəне əлсіз тұстарына қарай жауап берулері күтіледі.

Б: «Білім ағашы» Әрбір жапырақтың өзіне тән түсі бар: жасыл – «барлығын дұрыс істедім», сары – «қиындықтар болды», қызыл – «көп қателестім»

Слайд № 5

Қосымша № 1

Слайд № 6

Слайд № 7

Қосымша № 3

Слайд № 8

Қосымша № 4

Сабақтың соңы

37-40 минут

Кері байланыс:

Чемодан, еттартқыш, себет

Оқушыны алған білімін саралай білуге дағдыландыру

Тақырып бойынша алған керекті ақпараттарды чемоданның тұсына жазса, ал әлі де оқуым керек, толықтыруым керек дегендері болса, еттартқыштың тұсына жазады. Сонымен қатар керек емес болған, артық дүниені себеттің тұсына жазады. Осылайша мұғалім өткен сабақтан қандай білім алғанын біледі.

Слайд № 9

Саралау-оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

1-тапсырмада қорытынды саралау бойынша жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтижелер күтіледі. Сұраққа жауап беруде, кейбір оқушыларға мұғалім қолдау көрсетеді.

2-тапсырмада қарқын тәсілі арқылы саралауды қолдануға болады. Кейбір оқушылар басқаларына қарағанда жылдам жұмыс істейді. Қосымша тапсырмаларды көп күш жұмсауды талап ететін оқушылар үшін қолдануға болады. Негізгі тапсырмаларды түсіндіруде көмек қажет ететін оқушыларға біршама уақыт беріледі.

3-тапсырмада ресурс (дереккөз) арқылы саралау тәсілі жүзеге асады. Мұнда жоғары ойлау деңгейлі оқушылар мәтінге жоспар құру арқылы анағұлым күрделі сөздерді пайдалана отырып, дереккөздермен жұмыс істей алады. Сонымен қатар саралаудың тапсырма тәсілі бойынша жоспар құруда көмекті қажет ететін оқушыларға қажеттіліктеріне қарай қосымша жоспардың үлгісі ұсынылады.

4-тапсырмада Қорытынды саралау тәсілі. Бір тапсырма беріледі, бірақ жалғыз «дұрыс» жауаптың бағытында жұмыс істеуден гөрі оқушылар өздерінің мықты жəне əлсіз тұстарына қарай жауап берулері күтіледі.

«Бағдаршам» әдісі, «Бас бармақ» әдістерімен бағаланады.

Дескриптор

  • шығарманы оқиды:
  • шығарманың мазмұнын түсінеді:
  • шығарманың мазмұны бойынша сұрақ дайындайды;
  • қойылған сұрақтарға жауап береді;
  • дұрыс жауапты шығармадан табады;
  • шығарма мазұнын бөліктерге бөледі;
  • бөліктер бойынша жоспар құрайды;
  • қателерді табады және түзетеді.

Сабақ бойы оқушылардың денсаулығына қауіп төндіретін ешқандай жағдайлар болған жоқ, себебі пайдаланылған ресурстар өте тиімді,әрі бала денсаулығына залалсыз.

Сабақ бойынша рефлексия



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу