Шығарманың мазмұнын түсіну. Оралхан Бөкей «Апамның астауы». Әдебиеттік оқу, 4 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: әдебиеттік оқу

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Құндылықтар

Күні:

Сынып: 4

Мектеп: Нұр- Сұлтан қаласы, Халықаралық мектебі

Мұғалімнің аты-жөні: Жанбосынова Н.С.

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

    • Шығарманың мазмұнын түсіну

Оралхан Бөкей «Апамның астауы»

Оқу мақсаттары

4.1.1.1 шығарманың мазмұнын толық түсіну, кейбір тұстарын нақтылау, оқиғаның себеп-салдарын анықтау үшін сұрақтар қою және жауап беру

4.2.6.1 кейіпкердің, кейіпкерлердің іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып, салыстырып бағалау

Сабақ мақсаттары

  • мәтінді түсініп оқиды;
  • нақтылау сұрақтарын қояды;
  • негізгі ойды анықтайды;
  • кейіпкердің іс - әрекетін мәтіннен табады;
  • кейіпкерді сипаттап, салыстырып бағалайды.

Бағалау критерийлері

  • мәтіннің негізгі ойын анықтайды;
  • мәтін мазмұнын түсіндіріп, айтады;
  • негізгі сауалдарға жауап іздейді;
  • мәтін мазмұны бойынша сұрақтар әзірлейді;
  • кейіпкерлердің мінез- құлқын сипаттайды;

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Мәтін мазмұны бойынша кейіпкердің мінез-құлқы мен іс-әрекетін сипаттай алады.

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларға адамгершілік тәрбиесі, ұлттық құндылықтар насихатталады, ашықтық, өмір бойы білім алу, еңбек дәріптеледі.

Пәнаралық байланыстар

Өз ойын жеткізуде сөйлемдердің байланысын сақтау кезінде қазақ тілі пәнімен байланыс жасалады.

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта видео, https://www.youtube.com/watch?v=rxWPsXLRgA4

Бастапқы білім

Мұғалімнің көмегімен шығарманың тақырыбы және негізгі ойды анықтай алады.

Кейіпкердің сыртқы келбетін сипаттау, мінез-құлқы мен іс-әрекетін бағалай алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

1-5 мин

Ширату тапсырмасы

https://www.youtube.com/watch?v=dGB8Qa59yxs «Асыл әжем» әнін тыңдату (1 мин) Сұрақтарға жауап алу:

Ән кім туралы?

Әже деген кім?

Өз әжең туралы не айтар едің?

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстырылады, бағалау критерийлері оқушылармен бірге құрастырылады немесе мұғалім айтады.

Слайд №1-3

Сабақтың ортасы

6-13 минут

14-19 минут

20-25 мин

26-35 мин

1-тапсырма

(Ж, Ұ) Оралхан Бөкей «Апамның астауы» әңгімесін зерделеп оқиды.

Түсініксіз сөздердің мағынасын алдарында жатқан сөздіктен іздеп, анықтайды (қиыр жайлап, шет қонып- алыста жүру, шатырланбаған тоқал ағаш там- шатыры жоқ ағаш үй, жер- көкті шарқ ұрып шарласа- жер бетін аралап, іздесе, тоң-мұз, сүңгі – мұз, мұқым- барлық, арық ашаң – арықтау, тарамыс- сіңір, тыртық- жараның ізі (шрам), қара нардай- мықты, құндыздай- осы жерде қатар-қатар, мая- үйме шөп, шұрқыраған- толыған, ұсақ мал- қой, ешкі, терек- ағаш түрі, келі-тары, бидай, төркіні- әйелдің өз жұрты, өз туыстары, құлық-сұмдық- жаман мінез, қылық, пенде- адам, жарықтық- қайтыс болған адамның атын атамай, жарықтық дейді, тәкаппар- намысшыл)

Саралау. Қабілеті жоғары 1-2 оқушыға дауыстап оқытуға болады. Оқушылардың мүмкіндіктері ескеріледі. Қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсетіледі.

(Б) Оқушылардың өзін – өзі бағалауы.

2- тапсырма

(Ө;Т) Әңгіме бойынша оқушылар жеке сұрақтар құрсатырады. Құрастырған сұрақтарын топта талқылайды. «Кездейсоқ таңдау» әдісі арқылы оқушылар бір – біріне сұрақатар қояды.

  • Әңгіме кімнің атынан баяндалады?
  • Автор апасына неге еркеледі деп ойлайсың?
  • Жазда балалар апасымен қалай дайындалады?
  • Апасы қандай адам деп ойлайсың?
  • Әңгіменің негізгі ойын анықта.
  • Әжесін сипаттайтын тұстарды тауып оқы.

Саралау. Тапсырма баойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Кейбір оқушылар 1-2 сұрақ құрастыруы мүмкін.

(ҚБ) Дескриптор бойынша бағалау:

  • әңгіменің мазмұнын түсінеді;
  • әңгіме мазмұны бойынша нақтылау сұрақтарын құрастырады;
  • әңгіменің негізгі ойын анықтайды;
  • кейіпкерлерін анықтайды және оларды сипаттайды.

3-тапсырма

(Ө;Т) Оқушыларға әңгімеден Бұқтырма өзенін сипаттайтын тұсты тауып оқу тапсырылады.

- Мәтіннен көркем сөздерді табу.

-Астау неден жасалады? Астауды сипаттап айт.

Саралау. Қабілеті жоғары оқушы қабілеті төмен оқушылармен бірлесе тапсырманы орындайды. Өзара бір – біріне қолдау көрсетіп, көмектеседі.

(Б) «Бас бармақ» әдісі бойынша бағалау.

4-тапсырма

(ЖЖ,Т) Оқушыларға «Менің әжем» тақырыбына эссе жазу ұсынылады. Тапсырманы орындамас бұрын оқушылармен бірлесіп критерий құрастыру.

  • мазмұны тақырыбына сәйкес келеді;
  • мәтіннен көркем-бейнелі сөздерді қолданады;
  • сөйлемдегі сөздер мен сөз тіркестері байланысқан;
  • қатесіз жазады.

Оқушыларға тапсырманы орындау үшін уақыт беріледі. «Автор орындығы» әдісі арқылы жұмыстарын оқиды.

Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтижелер күтіледі. Мұғалім қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсетеді. Жазуға қосымша уақыт берілуін ескереді.

(Б) «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы бағаланады.

Слайд №4

Қосымша 1

Түсіндірме сөздік

Слайд №5

Қосымша 2

Қосымша 3

слайд №6

слайд №7

Сабақтың соңы

36-40 мин

Рефлексия «Мұғалімге жеделхат» тақтасына оқушылар стикер жапсыру арқылы орындалады.

Оқушылар өздеріне жақын сөйлемді таңдап, айтылған ойды жалғастырады:

- бүгінгі сабақта мен....түсіндім, ...білдім, ....көзімді жеткіздім.

- бүгін сабақта қуантқаны.....

- мен өзімді.....үшін мақтар едім.

- маған ерекше ұнағаны.....

- сабақтан соң маған........келді.

- бүгін маған..........сәті түсті.

- қызықты болғаны.....

- ......қиындық тудырды.

- менің түсінгенім.....

- енді мен......аламын.

Слайд №8

Қосымша 4

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

1-3 тапсырмаларда тапсырма бойынша сарала. жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Мұғалім топтарды аралап, әр топқа қолдау көрсетеді, бағыттайды. Қабілеті төмен оқушы мен қабілеті жоғары оқушы тапсырманы бірлесе орындайды, өзара бір – біріне көмектеседі.

«Бас бармақ»,«Екі жұлдыз, бір тілек», «Автор орындығы» әдісі арқылы бағаланады

Дескриптор:

-әңгіменің мазмұнын түсінеді;

-әңгіме мазмұны бойынша нақтылау сұрақтарын құрастырады;

-әңгіменің негізгі ойын анықтайды;

-кейіпкерлерін анықтайды және оларды сипаттайды.

Сабақ бойынша рефлексия

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы даойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік, қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу