Шығарманың мазмұнын түсіну. «Бурабай туралы аңыз» . Әдебиеттік оқу, 4 сынып, дидактикалық материал.


Бурабай туралы аңыз

 Ертеректе Көкшетау жерінде аппақ, әдемі бура мекен етіпті. Ол өзгелерден саяқ, жалғыз жүретін. Бура қалың орман ішін кезіп, шөліркегенде Күміскөлге келіп шөлін басатын еді. Күміскөл - оның тыныстайтын сүйікті жері.

 Бура ерекше қасиетке ие болған. Елге қауіп-қатер, соғыс, жұт төнгенде, боздап, елдің тынышын алатын. Оның белгісіне үйреніскен халық бураны айрықша жақсы көріп, қадірлеген.

 Күндердің күнінде елге зұлым жау шабады. Бура әдеттегідей белгі беріп, бәрі тығылып үлгеріп, жан сақтап қалады. Бәріне бура себеп екенін білген зұлымдар оның ізінен түсіп, өлтірмек болады. Ну орманда жүрген бура зәлімдерге кез болады. Олардың бірі садағын кезеп, дәл бураның жүрек тұсын көздейді. Садағын атып кеп жібергенде жебе кеуде тұсынан кіріп, өркешінен шығады. Жан дауысы шыға аңырап, боздаған бура зұлымдарға қарай жүгіреді. Атына қамшысын басқан олар бытырай қаша жөнеледі. Бір сәтте бура кері бұрылып, Күміскөлге беттейді. Сүйікті мекеніне келіп, жата кетеді. Осылайша жан тапсырады. Мұнан кейін жұрт бұл жерді Бурабай атап кеткен.

 

1-қосымша.

Сұрақтарға жауап бер.

  • Аңызды оқушылар іштей оқиды.
  • Мазмұнын топта бір-біріне айтып береді

Маңызды тұстарын анықта. «Борт журналын» толтырады. Оқушылар келесі сұрақтарға жауап жазады

2-қосымша

Берілген тақырып бойынша маған не белгілі?

Мен не білемін?

Аңыздан қандай жаңалық туралы білдім?

3-қосымша

[attachment=26374:didakt_-mater_-shyarmany-mazmnyn-tsinu.docx]
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу