Ара мен шыбын. Оспанхан Әубәкіров. Әдебиеттік оқу, 4 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Әдебиеттік оқу

Бөлім: Құндылықтар

Күні:

Сынып: 4

Мектеп: Нұр-Сұлтан қаласы

Мұғалімнің аты-жөні: Оразбекова Г.А

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

1.5 Тыңдалған шығарма бойынша пікір білдіру

Ара мен шыбын. Оспанхан Әубәкіров

Оқу мақсаттары

4.1.5.1 өз ойын, сезімін, көзқарасын өмірде болған, өзге шығармадағы ұқсас оқиғалармен салыстыра отырып білдіру.

4.3.2.1 таныс мәтінге жаңа кейіпкерлер қосу, жаңа сюжеттер енгізу, өлең (төрт жолды) жазу

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: өз ойы мен сезімін шығармадағы ұқсас оқиғалармен салыстыра отырып жеткізеді және өлең (төрт жол) жазады.

Көптеген оқушылар: өлең жазу барысында көркем-бейнелі сөздерді орынды қолдана алады.

Кейбір оқушылар: ойларын жеткізу барысында өзіндік пікірін дәлелдер арқылы ұсына алады.

Бағалау критерийлері

-өз ойы мен сезімін шығармадағы ұқсас оқиғалармен салыстыра отырып жеткізеді;

-шығарма мазмұны бойынша өлең жазады.

Тілдік мақсаттар

Пәнге қатысты лексика мен терминология: қыжыл, көздің былшығы, үйір, илеу, ызың,... т.б.

Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы:

1. Ара мен шыбынның іс-әрекетіне баға бер.

Құндылықтарды дарыту

Оқушылар тапсырмаларды топта және жұпта орындау барысында бір-біріне құрмет көрсетеді.

Өзара ынтымақтастықта болады.

Пәнаралық байланыстар

Көркем-бейнелі сөздерді қолданып, өз ойын білдіруде сөйлемдегі сөздердің байланысын сақтау кезінде қазақ тілі пәнімен байланыс жасалады.

АКТ қолдану дағдылары

https://www.youtube.com/watch?v=HMbHD4cWSFs

Жайық өзені туралы бейнебаян

Бастапқы білім

Көркем-бейнелі сөздерді біледі, өлең жаза алады

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-3 минут

Ширату жаттығу. «Бес тамшы» стратегиясы арқылы бастапқы білімді бекіту, сабақ мақсатын анықтау. Еденге бес тамшы суреті қойылады. Оқушылар мүдірмей әр қадамын баса отырып көркем сөздерді (бал жинайды, жәндік, еңбекқор, ұшады) қолданып ара туралы сөйлем құрастырады.

Тапсырма соңында қорытынды шығарылады. Мұғалім: оқушыларға берілген сөздер туралы сұрап, неге олай қолданғанын талдайды.

Сабақ мақсаты: өлеңдегі көркем-бейнелі сөздерді тауып, өз ойы мен сезімін сол сөздерді қолдана отырып жеткізеді және өлең (төрт жол) жазады. Бағалау критерийін бірлесе құрастыру немесе таныстыру.

Түрлі-түсті қима қағаздан тамшы суреттері

Слайд № 4

Қосымша №2,3

Слайд №2,3

Сабақтың ортасы

4-12 минут

13-20 минут

21-33 минут

34-36 минут

1-тапсырма

(Ө,Ұ) О.Әубәкіровтің «Ара мен шыбын» - (YouTube) мультфильмін тамашалау.

Ой қозғау:(жәндіктер туралы мультфильм көру) (сын тұрғысынан ойлау)

Мультфильмде не көрдіңіздер?

Ара мен шыбын туралы не білеміз?

Ара мен шыбынның табиғатта алатын орны қандай?

Тағы қандай жәндік осы мультфильмге қосар едіңіз?

  • Мұғалім өлеңді 2-3 қайтара оқып береді. (МТ)
  • Оқушылар мұғалім оқып отырғанда қолдарындағы түрлі-түсті стикерлерге өлеңнен түсінген көркем-бейнелі сөздерді жазып отырады. (Ұ,Т,ЖЖ).
  • Оқушылар өз топтарында көркем-бейнелі сөздерді анықтап, тізімін құрастырады.
  • Тізімнің ішінен дұрыс деп есептеген сөздердің үшеуін мұғалімге тапсырады.
  • Мұғалім барлық топтардың берген сөздерінен қайта тізім құрастырып, экраннан көрсетеді.

Қосымша мәлімет:

Автор туралы қысқаша дерек.

Оспанхан Әубәкіров - 1934 жылы туып, 1986 жылы қайтыс болған. Ол Алматы облысы Жамбыл ауданы Қарақастек ауылында дүниеге келген. Құрманғазы атындағы Алматы Өнер институтының театр факультетін бітірген. Оның «Қоңырау», «Бөдене», «Күлкіңіз келе ме?», «Анау мен Мынау», «Бір дорба», т. б. көптеген жинақтары бар. Оспанхан Әубәкіров – талантты сатирик. Сатирик деп адамның бойындағы теріс қылықтарды сынап, мысқылдап жазатын жазушыны айтамыз.

Саралау: «Қарқын» тәсіліне сүйене отырып, топ ішіндегі негізгі тапсырмаларды түсіндіруде көмек қажет ететін оқушыларға біршама уақыт беріледі. Қарқыны жылдам оқушылардың мүмкіндіктерін ескере отырып, қосымша тапсырма ұсынуға болады.

(ҚБ): «Бас бармақ» әдісі арқылы әр топ бір-бірлерінің жауаптарын бағалайды.

2-тапсырма

(МК, Ж) «Атаулар туралы үш сұрақ» әдісі. Өлеңнен анықтаған сөздерді қатыстырып, өз ойың мен сезімің бойынша өлең мазмұнын қысқартып айт

1.Өлеңнен анықталған үш сөз тақтаға жазылады:

Еңбекқор, жалқау, қонақ

2.Осы атауларға қатысты мынандай сұрақтарға жауап бер:

  • Қайда? Бұл сөздерді сен бұрынырақта қайда және қандай мағынада кездестіріп едің?
  • Қалай? Өлеңде осы сөздерді кімге қолданғанына мысалдар келтіре аласың ба?
  • Қандай? Осы өлең бойынша өз ойың мен сезімің қандай?

3.Мұғалім бірнеше оқушының пікірін тыңдайды.

Саралау: сұрақтар қойып бір қатар жауаптар алу үшін «диалог және қолдау арқылы» сұрақ қоюда қиналатын оқушыларға көмек көрсетіледі.

(ҚБ): Ауызша мадақтау. Жарайсың! Тамаша! Керемет! сөздерін айту арқылы бағаланады.

3-тапсырма

(Т). «Даралық, ұқсастық» әдісі. «Графикалық органайзер» арқылы өлеңдегі Ара пен Шыбынды салыстыра отырып, толтырады.

  • Ара пен Шыбынның өзіне ғана тән еркешеліктерін белгіленген бөліктеріне толтырады.
  • Ортаға олардың ұқсастығын, айырмашылығын жазады.

Ара Шыбын

3. Толтырған органайзерді ортаға шығып әр топ қорғайды.

Саралау: оқушылардың қажеттіліктеріне қарай қолау беріледі.

ҚБ «Смайликпен» бағалау әдісі. Топтар бір –бірін тыңдайды, стикерлерге смайликтер суретін салып, оны бағаланған топ үстеліне жапсырады

4-тапсырма

(Т) Модельдеу әдісі.

«қуыс», «тесік», «ұйықтайды», «жасырынады» деген сөздерді қатыстырып, сөздер бойынша әңгіме құрастыру тапсыралады.

Шыбынның үйін, көзіңе елестетіп бейнелеп жазып бер.

Үлгі:

ұрастырған нұсқасы)

Суреттерде көбіне шыбын ұясын көрмедім. Сондықтан шыбын қуыс, тесік жерлерде болатын шығар, қабырғаға жабысып ұйықтайтын болар.

2. Құрастырған әңгімелерін басқа топтарға береді, топтар сауаттылығын тексереді. . «Таңба» қояды.

Саралау: Диалог пен қолдау көрсету тәсілі бойынша әңгіме жазуға қиналған оқушыны ойланту үшін және бірқатар жауап алу үшін алдын ала дайындалған сөздерді беріле отырып, оқушылар ынталандырылады.

(ҚБ): «Таңба қою» «Өте жақсы»- тапсырманы жоғары деңгейде орындағанда қойылады, «Жақсы» - жақсы орындағанда қойылады, «Талпын» - орташа деңгейде орындағанда қойылады түрлі түсті таңбасымен бағалау.

А4, түрлі-түсті қарындаш,

қалам,

түрлі-түсті стикерлер

https://www.youtube.com/watch?v=IPv2tBMGJhw -

Слайд № 5

Қосымша № 1

Слайд № 6

Қосымша № 4

Слайд № 7

Слайд № 8

Қосымша № 5

Сабақтың соңы

37-40 минут

Рефлексия: «Табыс сатысы» әдісі: кәдімгі сатының суреті. Оқушылар алдын-ала дайындалған плакатқа өздері таңдаған баспалдаққа стикерлер (қалауынша түсіндірмесімен) жабыстырады.

1- Баспалдағы МЕН .....БІЛЕМІН

2- Баспалдағы МЕН .....ТҮСІНЕМІН

3-Баспалдағы МЕН ......ҚОЛДАНАМЫН

Слайд № 9

Қосымша № 6

Сатының суреті, стикер

Саралау: «Қарқын» тәсіліне сүйене отырып, топ ішіндегі негізгі тапсырмаларды түсіндіруде көмек қажет ететін оқушыларға біршама уақыт беріледі. Қарқыны жылдам оқушылардың мүмкіндіктерін ескере отырып, қосымша тапсырма ұсынуға болады.

2-тапсырмада сұрақтар қойып бір қатар жауаптар алу үшін «диалог және қолдау арқылы» көмек көрсетіледі.

3-тапсырмада «Ресурс» арқылы оқушылардың қажеттіліктеріне қарай қолау беріледі.

4-тапсырма Диалог пен қолдау көрсету тәсілі бойынша өлең жазуға қиналған оқушыны ойланту үшін және бірқатар жауап алу үшін алдын ала дайындалған сұрақтарды беріле отырып, оқушылар ынталандырылады.

Дескриптор:

1.Өлеңді тыңдайды.

2.Өлеңдегі көркем-бейнелі сөздерді анықтап, тізімін құрастырады.

3. Өз ойы мен сезімі бойынша өлең мазмұнын қысқартып айтады.

4.Сұрақтарға жауап береді.

5. Өлең құрастырады.

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Дәрісханада жұмыс ережелерін сақтау. Оқушылардың дұрыс отыруын қадағалау.

Сабақ бойынша рефлексия

Жалпы баға. Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу