Ара мен шыбын. Оспанхан Әубәкіров. Әдебиеттік оқу, 4 сынып, дидактикалық материал.


ҚОСЫМША 1

 Ара мен шыбын

 

 Ерте, ерте, ертеде,

 Бәлкім, одан да ерте ме,

 Шыбын келіп араға,

 Былай депті ызыңдап,

 Көзіменен мың ымдап.

 -Дауымыз жоқ арада,

 Жүрегіміз қыжылдап.

 Біздің үйге жүріңіз.

 Шай ішейік қызылдап.

 Қуырдақ та кеп қалар,

 Секіріп май, шыжылдап.

 Күтіп отыр сізді үйде,

 Мың-сан шыбын құжынап.

 Ара істен бас алмай,

 Былай дейді нығымдап:

 -Айтсам, шыбын, шынымды,

 Өзімнің де шайым бар.

 Шай табатын жайым бар.

 Ет десеңіз, етім бар,

 Май десеңіз, майым бар,

 Мал десеңіз, малым бар.

 -Айналайын, Арекем,

 Сол тамақтың барлығы

 Біз жақта да бар екен.

 Көріп тұрмын күйіңді.

 Дегенменен, Ареке,

 Көрсең еді үйімді,-

 Деп шыбекең қиылды.

 Қиылған соң қиын – ды.

 -Қонақ сыйлап күтетін,

 Бәлкім, сенің күшің бар.

 Бірақ менің дәп қазір

 Істейтұғын ісім бар.

 Құр қыдыру жаман-ау,

 Шаруама қарайын...

 Бірақ көңілің қалады – ау,

 Кешке қарай барайын,-

 Деп Аракең Шыбынға,

 Айтып еді жағдайын.

 Шыбын бұған кейіді,

 Қағып қойып таңдайын:

 -Кеш деген сөз кеш болар,

 Еңбегіңіз еш болар.

 Күндіз келіп кетіңіз

 Ақыл болар,

 Ес болар.

 -Олай болса, уәде-

 Кешкі сағат бес болар,-

 Деді Арекең баптанып,

 Шыбын кетті аттанып.

 Бас алмай шаруадан,

 Ара келді кешігіп.

 Ара келсе- шыбындар

 Жатып қапты шешініп.

 Қонақ күткен жайы жоқ,

 Қаймақ қатқан шайы жоқ.

 Үйі тастай қараңғы,

 Не шамының майы жоқ.

 Сүртіп көздің былшығын,

 Өзін- өзі дәу ұстап:

 «Шай қой!»- дейді бір шыбын,

 Бір шыбынға дауыстап.

 -қап, ел жатып қалды- ау,ә,

 Шай табатын жұғындап.

 Қараңғыда қайда ұшам,

 Аты – жөні жоқпырылдап,

 Денсаулықты шығындап.

 Жұрт та есігін тарс жапты,

 Тесіктерін тығындап.

 Болмаса, шай табар ем,

 О ғып, бұғып, ырымдап,-

 Деп, ол шыбын қысылып,

 Ашуланды шырылдып.

 -Жұрт есігін ашпаса,

 Бұл шыбындар қырылмақ,-

 Деп, Аракең шам жақты

 Шам жақты да, жан – жақты

 Қарап еді абайлап,

 Сыйып кетер уысқа,

 Кішкентай бір қуыста,

 Барлық шыбын жиылып,

 Жатыр екен үйіліп.

 Қарамады шайына,

 Қарамады майына,

 Ара кетті жайына.

 Егер осы шыбындар,

 Үйір болса жұмысқа,

 Жатпас еді үйіліп,

 Уыстай бір қуыста.

 Оспанхан Әубәкіров

 

 

 

 

 

ҚОСЫМША 2

ҚОСЫМША 3

ҚОСЫМША 4

Қайда? Бұл сөздерді сен бұрынырақта қайда және қандай мағынада кездестіріп едің?

Қалай? Өлеңде осы сөздерді кімге қолданғанына мысалдар келтіре аласың ба?

Қандай? Осы өлең бойынша өз ойың мен сезімің қандай?

____

ҚОСЫМША 5

Құрастырған нұсқасы.

Суреттерде көбіне шыбын ұясын көрмедім. Сондықтан шыбын қуыс, тесік жерлерде болатын шығар, қабырғаға жабысып ұйықтайтын болар. \

ҚОСЫМША 6

[attachment=26428:didaktiktikalyk-material-tydalan-shyarma-bojynsha-pikir-bildiru.docx]
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу