алу
👈 қаріп өлшемі 👉
қосу

«Жеңіс күні» Қайрат Жұмағалиев. Әдебиеттік оқу, 4 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Әдебиеттік оқу

Бөлім:Демалыс мәдениеті. Мерекелер.

Күні:

Сынып:

Мектеп: Қарағанды облысы, Балқаш қаласы.

Мұғалімнің аты-жөні: Аханова Айдана Кынаровна

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

«Жеңіс күні» Қайрат Жұмағалиев

Оқу мақсаты

3.2.8.2 мұғалімнің көмегімен көркем шығарма үзіндісін басқа үлгідегі (иллюстрация, музыка (күй), мультфильм) нұсқасымен салыстыру

3.2.2.1 қолдануға (практикалық), бағалауға негізделген сұрақтар қою және жауап беру

Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар: шығарманы түсініп оқиды, мазмұнына сәйкес көрсетілген бейнематериал нұсқасымен салыстырады және сурет бойынша сипаттап айтады.

Көптеген оқушылар: шығарма мазмұнына сәйкес көрсетілген бейнематериал нұсқасымен салыстырады және сурет бойынша сипаттауда көркем- бейнелі сөздерді орынды қолданады. Сұрақтар қояды және жауап береді.

Кейбір оқушылар: өз ойын білдіруде, сурет бойынша сипаттауда көркем- бейнелі сөздерді орынды қолданады, тақырыпқа сәйкес сұрақтар құрастырады.

Бағалау критерийлері

  • мәтін бойынша сұрақтар қояды және жауап береді;
  • көркем шығарманы басқа үлгідегі нұсқасымен салыстыра сипаттайды.

Тірек сөздер

Жеңіс, қайнауда шынығады, батамен көгерер, тосты бәрін құлағын.

Құндылықтарды дарыту

Топтық, жұптық жұмыс жасату арқылы оқушылар ортасында ынтымақтастықты қалыптастыру, Ұлы Отан соғысындағы батырларымыздың көрсеткен ерлігін насихаттау арқылы тұлға бойында «Қазақстандық патриотизм мен азаматтық жауапкершілікті» сіңіру.

Пәнаралық байланыстар

Өз ойын білдіруде, «Шатысқан оқиға» әдісінде мәтінді құрастыруда сөйлемдегі сөздердің байланысын, мәтіннің құрылымдық бөліктерін сақтау кезінде қазақ тілі пәнімен байланыс жасалады.

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта

Алдыңғы меңгерілген білім

Сын тұрғысынан бағалап оқуды, оқиғаның сюжетін дұрыс жүйелеуді, шығарманың түрлі жанры бойынша шығармашылық жұмыс жазуды біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

1-5 минут

Ширату тапсырмасы

(ҰЖ) 1- тапсырма

Сөз жұмбақты шеш!

М

А

Й

Д

А

Н

Д

А

Д

Ә

У

Л

Е

Т

І

Н

Ш

Ү

А

Ы

Ш

Р

Ң

І

Н

К

Ө

Г

Е

  • Болат қайнауда шынығады,

Батыр .... шынығады.

  • Батыр- елдің ...,

Бал құрақ- көлдің сәулеті.

  • Жүк ауырын... көтереді,

Ел ауырын ер көтереді.

  • ... ер жеңсе- тасымас,

Жеңілсе- жасымас.

  • Отан ... отқа түс- күймейсің.
  • Жаңбырменен жер ....,

Батамен ер көгерер.

2- тапсырма

  • Торкөздердегі сөзді оқы.
  • Қазақтың қыздарынан тағы кімдерді білесің?
  • Мақал- мәтелдерге ортақ тақырып ойлап тап.
  • Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру;
  • Бағалау критерийлерімен таныстыру.

Интербелсенді тақта

Слайд №1-3

«Сабақтың ортасы

6-10 минут

11-17 минут

18-20 минут

21-23 минут

24-27 минут

28- 31 минут

32-34 минут

34-38 минут

  •  «Жеңіс күні» қай күн? Қалай түсінесіндер? Жеңіс күні – 9- мамыр туралы не білеміз?
  •  Оқушылардың жауабын тыңдау.

Ұлы Отан соғысы туралы айтылған балалардың жауаптарын тыңдату, салыстыру. https://www.youtube.com/watch?v=UCIZfjVGyIc

  • Балалар Ұлы Отан соғысы туралы не біледі екен?

3- тапсырма

Тыңдалым

  • Қайрат Жұмағалиев «Жеңіс күні» өлеңімен танысамыз. Өлеңді тыңдату.

Сұрақтар:

  • Ақын өлеңінде не туралы айтылған?
  • Қуаныш, мереке, бақыт.
  • Жеңіс күні қай күн?
  • Бейбіт күн мен соғыс күнді қалай түсінесің?
  • Біздерге бейбіт өмірді кімдер сыйлады?
  • Қазіргі кезде қаламызда Жеңіс күні қалай тойланады?

4- тапсырма

Өлең авторы туралы мәліметті түсініп оқиды. Сызбаны толтырады.

Қай жерде Кім? Шығармалары

дүниеге келген?

5- тапсырма

Өлеңдегі сұрақ бойынша берілген жолдарды қайталап оқы. Осы сұраққа қалай жауап берер едің?

(ТЖ) «Шатасқан оқиға» әдісі бойынша мәтінмен жұмыс.

  •  Мәтін бөліктерге бөлінген. Сол бөліктердің мазмұнын түсіне отырып, шатаспай, тұтастай құрастырасыздар.
  •  Мәтінге бірігіп ат қойыңдар.

 Барлық соғысқа жарамды ер азаматтар соғысқа аттанды. Ал әйел азаматтар соғысқа аттанған азаматтардың тамағы мен киімдерін жеткізіп тұрды, балаларға қарады, ерлердің істейтін ауыр жұмыстарын істеді .

 Ұлы Отан соғысы 1941 жылы 22 маусым күні таң алдында басталды. Фашистік Германия Совет үкіметінің жерін басып алу мақсатында соғыс жариялады.

 Осы сұрапыл соғыс 1945 жылдың 9 мамырына дейін жалғасты. Елін, жерін, халқын қорғаған ержүрек батырлардың арқасында біз бейбітшілік заманға жеттік. Біздер олардың ерлігін ешқашан есімізден шығармаймыз. 

 Сол кезде біздің қазақтың балалары үйлерінде бейқам ұйықтап жатқан болатын. Олар алдында не тұрғанын білмеді. Сол жылдары біздің халқымыз көп қиын күндерді бастарынан өткізді. Бұл соғысқа көптеген ұлттан адамдар қатысты.

 «Сұра және жауап бер» ойыны арқылы өлең мазмұнына байланысты сұрақтар қою және жауап беру.

  • Мәтін бойынша сұрақтар дайында.
  • Жұбыңа сұрақ қой және оның қойған сұрақтарына жауап бер.

Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Қабілеті жоғары оқушы қабілеті төмен оқушыға көмектеседі. Жұпта тапсырманы бірлесіп орындайды.

(ҚБ) Дескриптор:

  • мәтін бойынша сұрақтар дайындайды;
  • сұрақтарға толық жауап береді.

Бағалау: «Басбармақ» әдісі арқылы өзін- өзі бағалау. Кері байланыс ұсыну.

Сергіту сәті «Айна» әдісі

Оқушылар жұпқа бөліне отырып, қарама- қарсы тұрады. Қарама- қарсы тұрған оқушының қимылын, іс- әрекетін қайталау қажет. (Көңілді музыка қойылып тұрады.)

«Ұлы Отан соғысы» туралы бейнефильм көрсету.

https://www.youtube.com/watch?v=Hw4Zl9ZwS4k

Мәтінде батыр ерлігін, сұрапыл соғыс жылдарын қалай сипаттап көрсеткен? Ал бейнефильмде ше? Ұлы Отан соғысын, батыр ерлігін салыстыра отырып сурет бойынша сипаттап айт.

Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма оқушылардың барлығына ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Кейбір оқушыларға қолдау көрсетіледі.

(ҚБ) Дескриптор:

  • Соғыс кезіндегі әйел азаматтардың еңбегін сипаттап айтады;
  • Батырлардың ерлігін сипаттап айтады;
  • Жеңіс күніндегі тағзымды сипаттап айтады.

Бағалау: оқушылар өздерін «Жетістік баспалдағы» арқылы бағалайды.

Бейнематериал:

https://www.youtube.com/watch?v=UCIZfjVGyIc

Оқулық, 128- бет.

Жұмыс дәптері №2

Қосымша №1

Желім, А-3 форматтағы қағаз.

«Ұлы Отан соғысы» туралы бейнефильм

https://www.youtube.com/watch?v=Hw4Zl9ZwS4k

Слайд №7

Сабақтың соңы

38-40 минут

Рефлексия. «Өзін- өзі талдау кестесі» бойынша. Қажетті нұсқасын қоршайды.

Мен сабақта жұмыс істедім

белсенді/ белсенді емес

Мен өзімнің жұмысыма

ризамын / риза емеспін

Сабақ мен үшін...

қысқа / ұзақ болды

Мен сабақта

Шаршаған жоқпын / шаршадым

Менің көңілім

жақсарды / шамаланды

Сабақтың мазмұны мен үшін

Түсінікті/ түсініксіз болды

пайдалы/ пайдасыз болды

Үй тапсырмасы

қызықты / қызықсыз болды

жеңіл / ауыр болды

Маркерлер.

Қосымша №2

Саралау

Төмендегі саралау тапсырмаларын сынып оқушыларының қажеттілігіне қарай мұғалім өз өзертіп отыруы қажет.

Бағалау

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

«Тапсырма бойынша саралау» «Сұра және жауап бер» тапсырмасында жүргізіледі. Тапсырманы орындау кезінде қабілеті оқушы өз ойын көркем- бейнелі сөздерді қолдану арқылы жеткізеді. Оларға мадақтау, ынталандыру мақсатында қолдау көрсетілсе, барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып, олардың түсінгендеріне көз жеткізу керек.

«Нәтиже арқылы саралау» негізінде «Сурет бойынша сипаттау» тапсырмасы орындалады. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Қабілеті жоғары оқушының және мұғалімнің көмегін қажет ететін оқушыларға қолдау беріледі.

«Басбармақ», «Жетістік баспалдағы» әдісі арқылы бағалау.

Дескриптор:

  • мәтін бойынша сұрақтар дайындайды;
  • сұрақтарға толық жауап береді.
  • соғыс кезіндегі әйел азаматтардың еңбегін сипаттап айтады;
  • батырлардың ерлігін сипаттап айтады;
  • Жеңіс күніндегі тағзымды сипаттап айтады.

Сергіту сәті:

«Айна» әдісі

Оқушылар жұпқа бөліне отырып, қарама- қарсы тұрады. Қарама- қарсы тұрған оқушының қимылын, іс- әрекетін қайталау қажет.

Сабақ бойынша рефлексия

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы даойланыңыз)?

1:

2:

Сабақтыжақсартуға не ықпалетеалады (оқытутуралы да, оқутуралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?


Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:


Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» Оқушылардың соңғы қоңырау мерекесі 1 маусымда өтеді 05.02.2023
» Ультракүлгін лак кептіргіштер қатерлі ісік ауруын тудыруы мүмкін 02.02.2023
» Қазақстанға 5G қашан келеді? 28.01.2023

Пікір жазу



Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы