«Жеңіс күні» Қайрат Жұмағалиев. Әдебиеттік оқу, 3 сынып, нұсқаулық.
Пән: әдебиеттік оқу
Бөлім: Демалыс мәдениеті. Мерекелер.
Сабақ тақырыбы: «Жеңіс күні» Қайрат Жұмағалиев
Оқу мақсаттары: 3.2.8.2 мұғалімнің көмегімен көркем шығарма үзіндісін басқа үлгідегі (иллюстрация, музыка (күй), мультфильм) нұсқасымен салыстыру
3.2.2.1 қолдануға (практикалық), бағалауға негізделген сұрақтар қою және жауап беру
Сабақ мақсаттары:
Барлық оқушылар: шығарманы түсініп оқиды, мазмұнына сәйкес көрсетілген бейнематериал нұсқасымен салыстырады және сурет бойынша сипаттап айтады.
Көптеген оқушылар: шығарма мазмұнына сәйкес көрсетілген бейнематериал нұсқасымен салыстырады және сурет бойынша сипаттауда көркем- бейнелі сөздерді орынды қолданады. Сұрақтар қояды және жауап береді.
Кейбір оқушылар: өз ойын білдіруде, сурет бойынша сипаттауда көркем- бейнелі сөздерді орынды қолданады, тақырыпқа сәйкес сұрақтар құрастырады.
Бағалау критерийлері:
- мәтін бойынша сұрақтар қояды және жауап береді;
- көркем шығарманы басқа үлгідегі нұсқасымен салыстыра сипаттайды.
І.Сабақтың басы
Ширату тапсырмасы
(ҰЖ) 1- тапсырма
Сөз жұмбақты шеш!
М | А | Й | Д | А | Н | Д | А | |||||||||||
Д | Ә | У | Л | Е | Т | І | ||||||||||||
|
|
|
| |||||||||||||||
|
|
|
|
- Болат қайнауда шынығады,
Батыр .... шынығады.
- Батыр- елдің ...,
Бал құрақ- көлдің сәулеті.
- Жүк ауырын... көтереді,
Ел ауырын ер көтереді.
- ... ер жеңсе- тасымас,
Жеңілсе- жасымас.
- Отан ... отқа түс- күймейсің.
- Жаңбырменен жер ....,
Батамен ер көгерер.
2- тапсырма
- Торкөздердегі сөзді оқы.
- Қазақтың қыздарынан тағы кімдерді білесің?
- Мақал- мәтелдерге ортақ тақырып ойлап тап.
- Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру;
Бағалау критерийлерімен таныстыру.
ІІ. Сабақтың ортасы
- «Жеңіс күні» қай күн? Қалай түсінесіндер? Жеңіс күні – 9- мамыр туралы не білеміз?
- Оқушылардың жауабын тыңдау.
Ұлы Отан соғысы туралы айтылған балалардың жауаптарын тыңдату, салыстыру. https://www.youtube.com/watch?v=UCIZfjVGyIc
- Балалар Ұлы Отан соғысы туралы не біледі екен?
3- тапсырма
Тыңдалым
- Қайрат Жұмағалиев «Жеңіс күні» өлеңімен танысамыз. Өлеңді тыңдату.
Сұрақтар:
- Ақын өлеңінде не туралы айтылған?
- Қуаныш, мереке, бақыт.
- Жеңіс күні қай күн?
- Бейбіт күн мен соғыс күнді қалай түсінесің?
- Біздерге бейбіт өмірді кімдер сыйлады?
- Қазіргі кезде қаламызда Жеңіс күні қалай тойланады?
4- тапсырма
Өлең авторы туралы мәліметті түсініп оқиды. Сызбаны толтырады.
Қай жерде Кім? Шығармалары
дүниеге келген?
5- тапсырма
Өлеңдегі сұрақ бойынша берілген жолдарды қайталап оқы. Осы сұраққа қалай жауап берер едің?
(ТЖ) «Шатасқан оқиға» әдісі бойынша мәтінмен жұмыс.
- Мәтін бөліктерге бөлінген. Сол бөліктердің мазмұнын түсіне отырып, дұрыс, тұтастай құрастырасыздар.
- Мәтінге бірігіп ат қойыңдар.
Барлық соғысқа жарамды ер азаматтар соғысқа аттанды. Ал әйел азаматтар соғысқа аттанған азаматтардың тамағы мен киімдерін жеткізіп тұрды, балаларға қарады, ерлердің істейтін ауыр жұмыстарын істеді . |
Ұлы Отан соғысы 1941 жылы 22 маусым күні таң алдында басталды. Фашистік Германия Совет үкіметінің жерін басып алу мақсатында соғыс жариялады. |
Осы сұрапыл соғыс 1945 жылдың 9 мамырына дейін жалғасты. Елін, жерін, халқын қорғаған ержүрек батырлардың арқасында біз бейбітшілік заманға жеттік. Біздер олардың ерлігін ешқашан есімізден шығармаймыз. |
Сол кезде біздің қазақтың балалары үйлерінде бейқам ұйықтап жатқан болатын. Олар алдында не тұрғанын білмеді. Сол жылдары біздің халқымыз көп қиын күндерді бастарынан өткізді. Бұл соғысқа көптеген ұлттан адамдар қатысты. |
«Сұра және жауап бер» ойыны арқылы өлең мазмұнына байланысты сұрақтар қою және жауап беру.
- Мәтін бойынша сұрақтар дайында.
- Жұбыңа сұрақ қой және оның қойған сұрақтарына жауап бер.
Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Қабілеті жоғары оқушы қабілеті төмен оқушыға көмектеседі. Жұпта тапсырманы бірлесіп орындайды.
(ҚБ) Дескриптор:
- мәтін бойынша сұрақтар дайындайды;
- сұрақтарға толық жауап береді.
Бағалау: «Басбармақ» әдісі арқылы өзін- өзі бағалау. Кері байланыс ұсыну.
Сергіту сәті «Айна» әдісі
Оқушылар жұпқа бөліне отырып, қарама- қарсы тұрады. Қарама- қарсы тұрған оқушының қимылын, іс- әрекетін қайталау қажет. (Көңілді музыка қойылып тұрады.)
«Ұлы Отан соғысы» туралы бейнефильм көрсету.
https://www.youtube.com/watch?v=Hw4Zl9ZwS4k
Мәтінде батыр ерлігін, сұрапыл соғыс жылдарын қалай сипаттап көрсеткен? Ал бейнефильмде ше? Ұлы Отан соғысын, батыр ерлігін салыстыра отырып сурет бойынша сипаттап айт.
Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма оқушылардың барлығына ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Кейбір оқушыларға қолдау көрсетіледі.
(ҚБ) Дескриптор:
- Соғыс кезіндегі әйел азаматтардың еңбегін сипаттап айтады;
- Батырлардың ерлігін сипаттап айтады;
- Жеңіс күніндегі тағзымды сипаттап айтады.
Бағалау: оқушылар өздерін «Жетістік баспалдағы» арқылы бағалайды.
ІІІ. Сабақтың соңы
Рефлексия. «Өзін- өзі талдау кестесі» бойынша. Қажетті нұсқасын қоршайды.
Мен сабақта жұмыс істедім | белсенді/ белсенді емес |
Мен өзімнің жұмысыма | ризамын / риза емеспін |
Сабақ мен үшін... | қысқа / ұзақ болды |
Мен сабақта | Шаршаған жоқпын / шаршадым |
Менің көңілім | жақсарды / шамаланды |
Сабақтың мазмұны мен үшін | Түсінікті/ түсініксіз болды пайдалы/ пайдасыз болды |
Үй тапсырмасы | қызықты / қызықсыз болды жеңіл / ауыр болды |
Ескерту. Сынып оқушыларының ерекшелігіне байланысты мұғалім тапсырмаларды түрлендіріп бере алады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?