«Жеңіс күні» Тұманбай Молдағалиев. Әдебиеттік оқу, 4 сынып, нұсқаулық.


 Бөлім: Демалыс мәдениеті. Мерекелер.

 Сабақ тақырыбы: Кейіпкердің іс-әрекетін бағалау. «Жеңіс күні» Тұманбай Молдағалиев.

 

 Оқу мақсаттары:

 3.2.6.1 кейіпкердің портретін сипаттау, оның іс-әрекеті мен мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып, бағалау

 3.2.3.1. шығарманың тақырыбын анықтау және негізгі ойды білдіріп тұрған мәтін бөлігін/сөйлемді анықтау

 

 Сабақ мақсаттары:

 Барлық оқушылар: шығармадағы кейіпкердің мінез-құлқы мен іс-әрекетіне, оқиғаларға сүйеніп сюжеттің дамуын болжайды, негізгі ойды білдіріп тұрған мәтін бөлігін анықтайды;

 Көптеген оқушылар: шығармадағы кейіпкерлердің мінез-құлқы мен іс-әрекетіне, ондағы оқиғаларға сүйеніп, сюжеттің дамуын болжайды, мәтінде сипатталған кейіпкердің сырт көрінісін өз сөзімен түсіндіре алады;

 Кейбір оқушылар: кейіпкерлердің іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып бағалайды, өз ойың өмірмен байланыстыра дәлелдейді.

 

Бағалау критерийлері

  • кейіпкердің іс-әрекетін, мінез-құлқын сипаттайды;
  • кейіпкердің іс-әрекетіне баға береді;
  • мәтіндегі негізгі ойды білдіріп тұрған бөліктерді анықтайды.

 Сабақ барысы

І. Сабақтың басы: Сабақ басында ширату тапсырмасында «Жақсы сөз» әдісі арқылы ұйымдастырылады. Ол үшін:

 Оқушыларға тақтадағы «Ұлы Отан соғысының ардагеріне» қатысты 10 сөз айту ұсынылады. Оқушылар суретке қатысты сөздерді параққа жазып, айтады. Оқушылармен бірге жазылған сөздер қорытындыланады.

 Бұл сөздердің адамның мінез-құлқы мен іс-әрекетіне байланысты болуы мүмкін бе?

 Қорытындылау негізінде сабақтың тақырыбы мен оқу мақсаты анықталады.

 Мұғалім тарапынан сабақ мақсатын анықтау үшін «Біз не істедік?» «Не байқадыңдар?» деген сұрақтар қойылады. Жаттығу бойынша ойларын қортындылап, сабақ тақырыбы және оқу мақсаттарымен таныстыру. Оқушылармен бағалау критерийін қарастыру немесе таныстыру. Демек, біз бүгінгі сабақта кейіпкердің мінез-құлқы мен іс-әрекетіне, оқиғаларға сүйеніп сюжеттің дамуын болжайды, негізгі ойды білдіріп тұрған мәтін бөлігін анықтап бағалаймыз.

 

ІІ. Сабақтың ортасы:

 

 1-тапсырма

 (ЖЖ, Ө,Т). «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі арқылы орындалады.

 Тапсырманы орындау бойынша нұсқаулық.

 «9 мамыр-Жеңіс күні» қандай мереке. Не үшін ол мереке тойланады? сұрағына өз білетініңе сүйеніп жауап беріп» деген тапсырма беріңіз.

 1. Ойлан. Оқушылар сұрақ бойынша жеке ойланады.

 2. Жұптас. Өз жұбына не ойлайтынын айтады.

 3. Бөліс. Жұптар 9 мамыр мерекесі жайлы өздерінің бір ойын ортаға салады

 4. 1941-1945 жылдар туралы бейнежазбаны көреді. https://yandex.kz/video/search?text

 Саралау: Қорытынды тәсілі арқылы оқушылардың қабілеттеріне қарай сұрақтар беріледі.

 Б: «Жапондық бағалау» әдісі арқылы оқушылардың сұраққа жауап берулері өзара бағаланады.

 

 2-тапсырма

 Тапсырманы орындау бойынша нұсқаулық.

 , Ж, Т) Тұманбай Молдағалиевтың «Жеңіс күні» әңгімесіндегі кейіпкерлердің мінез-құлқы мен іс-әрекетіне, оқиғаларға сүйеніп, сюжеттің дамуын әрі қарай болжа.

 1. Оқушыларға мәтіннің үзінділерін жеке оқуды тапсырыңыз. Оқып отыра кейіпкерді, оның іс-әрекеті мен мінез-құлын анықтап кестеге жазуды түсіндіріңіз.

Кейіпкер

Мінез-құлқы

Іс-әрекеті

 

 2.Толтырған кесте бойынша өз жұмыстарын топта ортаға салып қорғауды ұйымдастырыңыз.

 Саралау: Диалог және қолдау көрсету тәсілі арқылы топтың ішіндегі кейіпкерге сипаттама беруде қолдауды қажет ететін оқушыға сөзбен қолдау көрсетіледі.

 Б: «Қолмен белгі беру» әдісі арқылы бағаланады.

 Басбармақ жоғарыға қарай = Мен түсінемін.

 3-тапсырма

 (Ұ) «Болжамдар шеңбері» әдісі

 Тапсырманы орындау бойынша нұсқаулық.

 «Кестеге сүйеніп сюжеттің дамуын болжа. Әрі қарай кейіпкер бұл мерекені тойлай ма? Ойыңмен бөліс» деген тапсырманы барлық сыныпқа беріңіз.

 1.Оқушылар шеңбер бойына тұрғызылады. Әр оқушы сюжеттің дамуын болжап, өз ойын 1 сөйлеммен жеткізеді. Кезекпен жалғастырып отырады.

 2.Барлық оқушылар шеңбер бойында ортақ бір қортындыға келеді.

 3.Әңгіменің жалғасын жеке түсініп оқу тапсырылады.

 4.Сюжет өз болжамдарына қаншалықты сәйкес/сәйкес еместігін анықтайды.

 Саралау: «Қорытынды» тәсілі бойынша оқиға желісін болжай отырып, өз пікірін айтуда әртүрлі дәлелдемелер жасалуы мүмкін.

 Б: Бұл тапсырма «Жапондық бағалау» әдісі (оқушылар бір-біріне баға береді).

 4-тапсырма

 Тапсырманы орындау бойынша нұсқаулық.

 , МК) «ҰТМП формуласы» әдісі.

 Негізгі ойды білдіріп тұрған мәтін бөлігін анықтап, «ҰТМП формуласы кестесін толтыруды беріңіз.

Ұ – ұстаным немесе көзқарас

Алғашқы сөйлем (ұстаным/ позиция) төмендегі сөздерден басталуы тиіс: «Менің ойымша, .......

Т – түсіндіру немесе негіздеу

Екінші сөйлем (өз ұстанымын түсіндіру, негіздеу) келесі сөзден басталады:) «Себебі, .........»

М – мысал

Үшінші сөйлем (өз ұстанымының дұрыс екенін іс-жөнінде дәлелдеу. Келесі сөзден басталады: «Мен мұны келесі мысалдармен дәлелдеймін...»

П – пайымдау немесе нәтиже

Төртінші сөйлем (нәтижесі, талдау, пайымдау) келесі сөздерден басталады.

«Осыларға сүйене отырып, мен мынандай қорытындыға келдім...»

 

 1.Оқушылар ортадағы плакатқа кестені сызып, мәтінннің негізі ойын білдіріп тұрған бөлігін анықтап жазады.

 2. Жазған жұмыстарын жалпы топта талқылайды.

 Саралау: Диалог және қолдау көрсету тәсілі арқылы топтың ішіндегі қолдауды қажет ететін оқушыға мәтін мазмұнына байланысты жетелеуші сұрақтар қойыла отырып, қолдау көрсетіледі.

 Б.: «Бағдаршам» әдісі арқылы бағаланады. Жасыл түс – барлығын жаздым, түсінікті болды. Қызыл түс –екі бағанын жаздым, түсінбеген жерлерім бар. Сары түс – барлығын жазған жоқпын, түсінбедім.

 

ІІІ. Сабақтың соңы:

 Рефлексия: «Үш көмекші» әдісі »

 Оқушылардың тақырыпты түсінгендігін немесе түсінбегендігін анықтау.

 1.Әр оқушы алдыларынан үш стикерден алады.

 2.Бірінші стикерге білім алушылар бүгінгі сабақтан не сезінгендерін жазады да жүректің астына іледі (жабыстырады).

 3.Екінші стикерге білім алушылар сабақта бастары арқылы не ойланғандарын жазып, бастың астына іледі (жабыстырады).

 4.Үшінші стикерге сабақта қолдары арқылы не істеді, не істеп үйренді соны жазып қолдың астына іледі (жабыстырады).

 Ескерту. Сынып оқушыларының ерекшелігіне байланысты мұғалім тапсырмаларды ауыстырырып орындай алады.

 

 

[attachment=26353:nsauly-kejipkerlerdi-is-reketin-baalau-2.docx]
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу