Ы. Алтынсарин «Таза бұлақ» 1-ші сабағы. Әдебиеттік оқу, 3 сынып, нұсқаулық.


Бөлім: Су- тіршілік көзі

Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин «Таза бұлақ».

Оқу мақсаттары:

3.1.4.1 сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді/ нақыл сөздерді, вербалды емес тілдік құралдарды қолдану;

3.1.3.1 шығармадағы кейіпкерлердің мінез-құлқы мен іс-әрекетіне, ондағы оқиғаларға сүйеніп, сюжеттің дамуын болжау;

Сабақ мақсаттары:

  • Мәтінді түсініп оқиды.
  • Сюжеттің дамуын болжайды;
  • Сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді / нақыл сөздерді қолданады;

Бағалау критерийлері:

  • Мәтінді бөліктерге бөліп оқиды, дамуын болжайды.
  • Кейіпкердің мінез- құлқы мен іс-әрекетіне баға беріп, хат жазады.
  • Жазған хатын сынып ортасында таныстырады, сұрақтарға жауап береді.

Қажетті ресурстар: Қосымша 1; презентация; оқулық, 83-84 беттер.

Мұғалімге арналған ұсыныстар.

І. Сабақтың басы

Ширату тапсырмасы

Оқушылар берілген сөз тіркестерін қолданып, шағын әңгімені жеке дәптерде жазады: үш жолаушы, бұлақ, шөлдері қанғанша, тастағы жазу, таза бұлақтай бол.

Құрған әңгімелерін жұпта оқып береді. Топ атынан бір оқушы өз еркімен әңгімесін ортаға салады.

Сабақтың тақырыбы мен мақсаты таныстырылады. Бағалау критерийлері оқушылармен бірлесе құрастырылады немесе таныстырылады.

ІІ. Сабақтың ортасы

1-тапсырма

Ы.Алтынсариннің «Таза бұлақ» әңгімесін 3 бөлімге бөліп оқиды.

(Ж) Оқушылар мәтінді түсініп оқиды. Оқу барсыныда түсініксіз сөздерді түртіп, белгілеп отырады. Түсініксіз сөздердің мағынасын сөздіктен қарайды: дерт (ауру), рақат (ләззат), қынарда (жағасында), жанабында (маңайында), дәптерлеріне жазады.

1 бөлігін: 1-ші абзацтан «Сонда бір жолаушы тұрып былай дейді...» -ге дейін оқиды.

- Кімнің әңгімесі автордың ойымен сәйкес келді?

-Неліктен тасқа «Жолаушы болсан осы таза бұлақтай таза бол» деп жазған?

- Бірінші және екінші жолаушы тастағы жазуды қалай түсіндіруі мүмкін?

(Б) Болжамы сәйкес келген топ «Қошеметтеу» арқылы бағаланады.

2 бөлігін: «-Бұл жазылған ақыл сөз екен....» -нен бастап, «Сен не ойлайсың?» -деп сұрады»-ға дейін оқиды.

- Кімнің болжауы автордың ойымен сәйкес келді?

- Екі жолаушының қайсысының ойы дұрыс деп ойлайсыңдар? Неліктен?

- Үшінші жолаушының жауабы қандай болуы мүмкін? Болжап көрейік.

3 бөлігін: Мәтінді соңына дейін оқиды.

- Кімнің болжауы автордың ойымен сәйкес келді?

- Ы.Алтынсарин осы әңгіме арқылы бізге қандай ой салғысы келіп отыр?

Саралау. Қабілеті жоғары 1-2 оқушыға дауыстап оқытуға болады. Оқиға желісі әңгімеге сәйкес келген оқушыларды мадақтау ұсынылады.

2- тапсырма.

Мәтіннен суреттегі бұлақ сипатталған жолдарды тауып оқы. Бұлаққа қатысты көркем сөздерді дәптеріңе жазып ал.

3-тапсырма

«Кейіпкерге хат» мәтіндегі бір кейіпкерді таңдап, оған хат жазады.

«Автор орындығы» әдісі арқылы оқушылар өз еркімен шығармасын таныстырады.

(ҚБ) дескриптор:

- ойын жүйелі, түсінікті жеткізеді;

- хат мазмұнымен таныстыруда нақыл сөздерді қолданады;

- кейіпкердің мінез-құлқын сипаттайды;

Сабақ бойынша екі тапсырма аз. Тағы бір тапсырма қосыңыз. Шығармашылық бағыттағы немесе өлең жанрна байланысты қайталау тапсырмасын беруіңізге болады.

ІІІ. Сабақтың соңы

Рефлексия

«+»

(ұнады)

« - » (түсініксіз болды)

қызықты болды

[attachment=26257:nsauly_-taza-bla.docx]
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу