Ы. Алтынсарин «Таза бұлақ» 1-ші сабағы. Әдебиеттік оқу, 3 сынып, дидактикалық материал.
Қосымша 1
Тапсырма: Берілген сөздер мен сөз тіркестерінен әңгіме құрап жаз.
Үш жолаушы, бұлақ, шөлдері қанғанша, тастағы жазу, таза бұлақтай бол
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Қосымша 2
Таза бұлақ
1-бөлім
Бір бұлақтың басында үш жолаушы бір-біріне кез болыпты. Бұлақ бір тастақ жерден шығып жатыр екен. Айнала қалың ағаш, жапырақтары бұлақтың үстіне төгілген, суы мұздай салқын, шыныдай мөлдір, өте таза бұлақ екен.
Бұлақтың қайнап жатқан көзіне жақын жерге қазандай бір қара тасты қойыпты да, тасқа: «Ей, жолаушы, болсаң, осы таза бұлақтай бол!» - деп жазыпты.
Үш жолаушы бұлақтан шөлдері қанғанша су ішеді, тастағы жазуға көз түседі. Сонда бір жолаушы тұрып былай дейді:
2- бөлім
- Бұл жазылған ақыл сөз екен. Бұлақ күні-түні тынбай ағып, алыс жерлерге барады. Бара-бара кеңейіп, үлкейеді. Бұған жол-жөнекей кішкене бұлақтар қосылып,үлкен өзен болып кетеді.Мұнан мынадай ғибрат алуға болады.
Сондай адал қызмет қыл, ешуақытта жалқауланып, тоқталып қалма. Сөйтсең , ақырында сен де үлкейіп, мұратыңа жетесің дегені деп білемін,-дейді.
Сонда екінші жолаушы басын шайқап:
-Жоқ, мен олай ойламаймын,-дейді.-Бұл жазудың мағынасы сіздің ойлағаныңыздан гөрі тереңірек соқса керек: бұл бұлақ кім-кімге болса даяр, ыстықтағанды салқындатып, рахаттандырады. Сусағанның шөлін қандырады. Онысы үшін ешкімнен ақы дәметпейді. Олай болса, бұл «біреуге жақсылық етсең, ол жақсылығыңды ешкімге міндет етпе» деген ақыл болады.
Жолаушының үшіншісі-көркем жас жігіт үндемей тұрды. Жолдастары: «Сен не ойлайсың?» деп сұрады.
3-бөлім
Жігіт айтты:
- Менің ойыма бөтен бір нәрсе келеді. Бұл бұлақтың суы бір орында тынып тұрып, шөп-шалам түсіп, лай-қоқым болса, бұған адамнан гөрі айуан ынтық болар еді. Бұлақ күні-түні тынбай ағып, тазаланып тұрғаны үшін бұған адам ынтық. Олай болса, бұл жазудың мағынасы мынау: көңіліңді, бойыңды осы бұлақтай таза сақта. Бұлаққа қарасаң: күн түссе-күннің, шөп түссе-шөптің сәулесін көреміз. Ендеше, көңілің сол сияқты сыртқа ашық көрініп тұрсын деген ой ғой деймін,-депті.
Қосымша 3
«+» (ұнады) | « - » (түсініксіз болды) | қызықты болды |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?