Ы. Алтынсарин «Таза бұлақ» 1-ші сабағы. Әдебиеттік оқу, 3 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Пән: әдебиеттік оқу Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Су – тіршілік көзі Күні: Сынып: 3 | Мектеп: Астана қаласындағы Халықаралық мектебі Мұғалімнің аты-жөні: Ещанова Б.С. Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |||||||||||
Сабақ тақырыбы | Ы. Алтынсарин «Таза бұлақ» 1-ші сабағы. | |||||||||||
Оқу мақсаттары | 3.1.4.1 сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді/ нақыл сөздерді, вербалды емес тілдік құралдарды қолдану; 3.1.3.1 шығармадағы кейіпкерлердің мінез-құлқы мен іс-әрекетіне, ондағы оқиғаларға сүйеніп, сюжеттің дамуын болжау; | |||||||||||
Сабақ мақсаттары |
| |||||||||||
Бағалау критерийлері |
| |||||||||||
Тірек сөздер | Мәтін мазмұнымен танысу барысында оқушыларға тастақ (тасы көп жер), ғибрат (үлгі), ынтық (құмар) сөздерінің мағынасы түсініксіз болу мүмкін. | |||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Бұл сабақта оқушылар адам бойындағы еңбекқорлық, мақсатқа жету, адалдық құндылықтары жайлы түсінік алады. | |||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Бұлақтың пайдасын талдау барысында дүниетану пәнімен байланыс пайда болады. | |||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Сабақ презентациясын қолдануға арналған интербелсенді тақта | |||||||||||
Алдыңғы білімді игерулері | Шығарманың тақырыбы мен үзіндісіне (бастапқы бөліміне) сүйеніп, оқиғаның соңын болжай алады. Сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді, вербалды емес тілдік құралдарды қолдана алады. | |||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||
Сабақтың басы 1-7 мин | Ширату тапсырмасы Оқушылар берілген сөзтіркестерінен шағын әңгімені жеке дәптерде жазады: үш жолаушы, бұлақ, шөлдері қанғанша, тастағы жазу, таза бұлақтай бол. Құрған әңгімелерін жұпта оқып береді. Топ атынан бір оқушы өз еркімен әңгімесін ортаға салады. Сабақтың тақырыбы мен мақсаты таныстырылады. Бағалау критерийлері оқушылармен бірлесе құрастырылады немесе тасныстырылады | Слайд №1-3 | ||||||||||
Сабақтың ортасы 8-22 минут 23- 28 минут 29-36 минут | 1-тапсырма Ы.Алтынсариннің «Таза бұлақ» әңгімесін 3 бөлімге бөліп оқиды. (Ж) Оқушылар мәтінді түсініп оқиды. Оқу барсыныда түсініксіз сөздерді түртіп, белгілеп отырады. Түсініксіз сөздердің мағынасын сөздіктен қарайды: дерт (ауру), рақат (ләззат), қынарда (жағасында), жанабында (маңайында), дәптерлеріне жазады. 1 бөлігін: 1-ші абзацтан «Сонда бір жолаушы тұрып былай дейді...» -ге дейін оқиды. - Кімнің әңгімесі автордың ойымен сәйкес келді? -Неліктен тасқа «Жолаушы болсан осы таза бұлақтай таза бол» деп жазған? - Бірінші және екінші жолаушы тастағы жазуды қалай түсіндіруі мүмкін? (Б) Болжамы сәйкес келген топ «Қошеметтеу» арқылы бағаланады. 2 бөлігін: «-Бұл жазылған ақыл сөз екен....» -нен бастап, «Сен не ойлайсың?» -деп сұрады»-ға дейін оқиды. - Кімнің болжауы автордың ойымен сәйкес келді? - Екі жолаушының қайсысының ойы дұрыс деп ойлайсыңдар? Неліктен? - Үшінші жолаушының жауабы қандай болуы мүмкін? Болжап көрейік. 3 бөлігін: Мәтінді соңына дейін оқиды. - Кімнің болжауы автордың ойымен сәйкес келді? - Ы.Алтынсарин осы әңгіме арқылы бізге қандай ой салғысы келіп отыр? Саралау. Қабілеті жоғары 1-2 оқушыға дауыстап оқытуға болады. Оқиға желісі әңгімеге сәйкес келген оқушыларды мадақтау ұсынылады. 2- тапсырма Мәтіннен суреттегі бұлақ сипатталған жолдарды тауып оқы. Бұлаққа қатысты көркем сөздерді дәптеріңе жазып ал. 3-тапсырма. «Кейіпкерге хат» мәтіндегі бір кейіпкерді таңдап, оған хат жазады. «Автор орындығы» әдісі арқылы оқушылар өз еркімен шығармасын таныстырады. (ҚБ) дескриптор: - ойын жүйелі, түсінікті жеткізеді; - хат мазмұнымен таныстыруда нақыл сөздерді қолданады; - кейіпкердің мінез-құлқын сипаттайды; | Оқулық, 83-84 беттер Слайд №4-7 Қосымша 1 Түсіндірме сөздік | ||||||||||
Сабақтың соңы 37-40 минут | Рефлексия
| Слайд №8 | ||||||||||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||
1,2 - тапсырмалар «Тапсырма бойынша саралау» жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. | Өзін –өзі бағалау, мұғалімнің бағалауы, «Қошеметтер», «Плюс, минус, қызықты», «Автор орындығы»әдісі Дескриптор: - ойын жүйелі, түсінікті жеткізеді; - хат мазмұнымен таныстыруда нақыл сөздерді қолданады; - кейіпкердің мінез-құлқын сипаттайды; | |||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия
| ||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы даойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?