Түрлі дереккөздерден ақпарат алу. «Қазыбек бидің айтқаны». Әдебиеттік оқу, 3 сынып, дидактикалық материал.
Қосымша №1
Кoмплимeнттepдiң бұpқacыны
Мысалы:
- Сен сүйкімдісің,
- Бүгін өте көңілдісің,
- Сенің дауысың ұнайды,
- Саған бұл киім жарасады және т.б.
Қосымша №2
«Пазл»
Мәтін жазылған парақтың екінші пазл суреті түсіріліп, пазлдық сызық бойымен қиылады.
Қосымша №3
«Идея жинау»
Жеткеші сұрақтар:
Сурет бойынша не ойлайсың?
Өзің білетін және білгің келетін екі мәлімет айт.
Қосымша №4
Қазыбек бидің айтқаны
Аңыз
- Әке, мен Төле биге барып сәлем берейін, өзін көріп, сөзін тыңдағым келеді, – деп бала Қазыбек қолқа салғанда, әкесі:
- Балам-ау, ол – үлкен кемеңгер кісі, не деп барасың, алдында сөз таба алмай күлкі боласың, барма, – дейді. Бірақ Қазыбек қоярда-қоймай әкесінен рұқсат алып, біраз жолдасымен Төле бидің алдына сәлем бере келеді.
- Шырағым, «баз бала әкесінен өтіп туады, баз бала әкесіне жетіп туады, баз бала кері кетіп туады» деген. Сен соның қайсысың? – дейді Төле би сынап.
- Өткенімді алдымдағы өмірім біледі. Өз ойымша, әкеме жетіп тудым-ау деймін, – дейді Қазыбек сөзден тосылмай.
- Ә, шырағым, жарайсың, – деп, Төле би балаша жадырап, ри- залығын білдіреді.
- Алысыңыз қандай? – дейді Қазыбек те сыпайы сұрақ қойып.
- Алысым жақын болды.
- Тәттіңіз қандай болды?
- Тәттім шырын болды.
- Несиеңіз қандай?
- Несием, шүкір, өніп жатыр. Қазыбек аулына келген соң, әкесі оның қасына ерген серіктері- нен: «Балам Төле бимен не деп сөйлесті?» – деп сұрағанында:
- Екеуі былай десіп әңгімелесті, бірақ мәнісіне түсіне алмадық, – дейді олар. «Онысы несі екен?» – деп қарт әке де түкке түсінбей таңғалады. Сонда жұмбақ сырды Қазыбектің өзі айтып береді:
- Төле бидің «алысым жақын болды» дегені – қос жанарын айт- қаны. «Тәттім шырын болды» дегені – ұйқысының қашқанын білдіргені. «Шүкір, несием өніп жатыр» дегені – балаларының жақсы бағып, жақсы күтіп отырғанын түсіндіргені, – дейді.
Үлгі сұрақтар:
-Қазыбек би әкесінен қайда жіберуін сұрайды?
-Неліктен әкесі оны жібергісі келмеді деп ойлайсыңдар?
-Қазыбек қандай сөздердің мағынасын айтып берді?
Қосымша №5
«Шахмат»
Төле бидің сөздері:
1-топ : «Алысым жақын болды» дегенім –
2-топ: «Тәттім шырын болды» дегенім –
3-топ: «Несием өніп жатыр» дегенім –
Қосымша №6
Кесте үлгісі:
Төле би | Әйтеке би | Қазыбек би |
Дескрипторлар: .
-мәтіннен қажетті ақпаратты анықтайды;
-үзіндіні мәнерлеп, қатесіз оқиды;
-кейіпкерге мінездеме береді;
-мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді;
-мәтіннің мазмұнына сәйкес ақпараттар жинақтайды.
Қосымша №7
Рефлексия
«Шабадан, еттартқыш, қоқыс жәшігі
Бүгінгі сабақта алған ақпараттар қажетті болса, чемоданның тұсына жазыдар, әлі де оқуым керек, толықтыруым керек дегендері болса, еттартқыштың тұсына жазыңдар, керек емес болған, артық дүниені қоқыс жәшігінің тұсына жазыңдар.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?