Түрлі дереккөздерден ақпарат алу. «Қазыбек бидің айтқаны». Әдебиеттік оқу, 3 сынып, нұсқаулық.


 

 

 Бөлім: Атақты тұлғалар

 Сабақ тақырыбы: 2.9 Түрлі дереккөздерден ақпарат алу

 «Қазыбек бидің айтқаны»

 

 Оқу мақсаттары:

 3.2.1.2 шығарманы іштей саналы түрде түсініп, көз жүгіртіп, шолып, түртіп алып, қажетті ақпаратты тауып, белгі қойып, сын тұрғысынан бағалап оқу

 3.2.9.1 шығарманың мазмұнына сәйкес түрлі дереккөздерден: иллюстрация, әдеби кітаптар, мультфильмнен нақты ақпаратты табу және ақпаратты сызба түрінде беру

 

 Сабақ мақсаттары:

 Барлық оқушылар: шығарманы түсініп оқиды, мазмұны бойынша дереккөздерден ақпарат таба алады;

 Көптеген оқушылар: шығарманы түсініп оқиды, шығарманың мазмұнына сәйкес нақты ақпаратты тауып сызба түрінде ұсынады;

 Кейбір оқушылар: шығарманы қажетті ақпаратты тауып оқиды, шығарманың мазмұнына сәйкес түрлі дереккөздерден нақты ақпаратты табады және ақпаратты сызба түрінде түсіндіре отырып ұсынады.

 

 Бағалау критерийлері:

  •  мәтін мазмұнын түсінеді;
  •  мәтіннің құрылымдық бөліктерін анықтайды;
  •  дереккеөздерден ақпараттарды табады;
  •  ақпаратты сызба түрінде береді.

Қажетті ресурстар: ақ парақ қағаздар, кестелер, шахмат тақтасының суреті, мәтіннің сюжеттік желісі бойынша таныстырылым.

 

 Сабақ барысы

 Сабақтың басы:

 Сабақтың басында ширату жаттығуы «Кoмплимeнттepдiң бұpқacыны» әдісі арқылы орындалады.

 Oқyшылap бepiлгeн yaқыт iшiндe бip пapaқ қaғaзғa өздepiнiң cүйiктi aдaмдapынaн ecтiгici кeлгeн кoмплимeнттi жaзу ұсынылады. Жaзып бoлғaн coң oқyшылap пapaқтapын дoмaлaқтaп, дoмaлaқ қapмeн aтысқан сияқты бip-бipiнe лaқтыpyы кepeк. Oқyшылapғa алдарына түскен «қap дoмaлaғының» біреуін aшып, ішіндегі сөзді oқып, өзіне айтылған комплимент тәрізді қабылдайды. Кoмплимeнттepдi бapлық oқyшылapдың кeзeктeciп oқyынa дa бoлaды.

 

 Бастапқы білімді қайталау «Пазл» әдісі жүргізіледі.

 Сыныпты оқушылар санына қарай бірнеше топқа бөлу ұсынылады. Әр топқа алдыңғы сабақтағы қарастырған мәтін қағазға түсіріліп, бірнеше қима қағаздарға бөлініп таратылады. Мәтін жазылған парақтың екінші пазл суреті түсіріліп, пазлдық сызық бойымен қиылады. Әр топ белгілі уақыт арасында мәтін мазмұны бойынша әңгіменің басы, ортасы, соңын пазл түрінде құрастырып, соған сәйкес өткен сабақтағы мәтінді мазмұндайды. Топта уақыт сақшысы мен бақылаушы таңдалады.

 Саралау. Қарқын тәсілі арқылы саралау жоспарланады. Тапсырманы орындау кезінде қарқыны жылдам топ ескеріліп, қосымша мәтін мазмұны бойынша сұрақтар құрастыруды ұсынуға болады.

 (ҚБ) Оқушыларды сабаққа ынталандыру үшін «Басбармақ» тәсілі арқылы әр топтың мәтін бөліктерін анықтап мазмұндауы өзара бағаланады.

 

 Сабақ тақырыбы және оқу мақсаттарымен таныстырылады.

 Оқушылармен бағалау критерийін құрастыру немесе таныстыру.

 

 

 Сабақтың ортасы:

 1-тапсырма

 «Идея жинау» әдісі арқылы орындалады.

 Оқушыларға бүгінгі сабақта қарастыратын мәтінге байланысты берілген сурет бойынша ой жинақтау, болжам жасау, білетіндері және білігісі келетіндері туралы ойларымен бөлісу ұсынылады.

 

 Жеткеші сұрақтар:

  •  Сурет бойынша не ойлайсың?
  •  Өзің білетін және білгің келетін екі мәлімет айт.

 Оқушыларға талқылауға дереккөздердер қосымша материалдар ұсынуға болады.

 Саралау: Диалог және қолдау көрсету тәсілі арқылы оқушыларды ынталандыра отырып, сөзбен қолдау көрсетіледі.

 (ҚБ): «Бағдаршам әдісі» бойынша тиісті түсін көрсету арқылы сурет бойынша ойларымен бөліскендір үш түрлі түспен бағаланады.

 2-тапсырма

 «Бірлескен оқылым» әдісімен «Қазыбек бидің айтқаны» аңызын ұжымда түсініп оқу ұсынылады. Сараптамалық оқуға назар аударылады. Мәтін мазмұнына байланысты талдау жасау үшін сұрақтар беріліп, бір партадағы жұптарға талдау ұсынылады.

 Үлгі сұрақтар:

  • Қазыбек би әкесінен қайда жіберуін сұрайды?
  • Неліктен әкесі оны жібергісі келмеді деп ойлайсыңдар?
  • Қазыбек қандай сөздердің мағынасын айтып берді?

 Саралау: диалог және қолдау көрсету тәсілі арқылы жұптағы қабілеті төмен оқушылар мен қабілеті жоғары оқушылар бірлесе жұмыс жасап, өз идеяларын айтуға үйренеді.

 (ҚБ) «Басбармақ» әдісі арқылы оқушылардың жауабын ұжымда бағалау ұсынылады.

 

 3 – тапсырма

 «Шахмат» әдісі арқылы әр топқа мәтіннен Төле бидің соңғы сөзін тауып оқып, шахмат ұяшықтарына өз ойын жазу тапсырылады.

 Әр топқа шахмат тақтасының суреті, Төле бидің сөдері таратылады. Оқушылар бос ақ ұяшықтарға өз ойларын кезекпен жазады, кейін ой бөліседі.

 Төле бидің сөздері:

 1-топ: «Алысым жақын болды» дегенім –

 2-топ: «Тәттім шырын болды» дегенім –

 3-топ: «Несием өніп жатыр» дегенім –

Мұғалім әр топтағы оқушылардың жазуын қадағалап жүреді. Барлық оқушы жазу мүмкіндігін алуы ескерілу керек.

 Саралау «Диалог және қолдау көресту» тәсілі арқылы қажетті ақпаратты мәтіннен қарастырып, сыни бағалау беріп ойын жазуда қиналатын оқушыларға сөзбен ынталандырып, қолдау көрсетіледі.

 (ҚБ) «Жетістік баспалдағы» әдісі арқылы оқушылардың мәтін мазмұнын түсінуде қай баспалдақта тұрғандығын анықтайды. Баспалдақ тақтаға ілінеді (ватманда, қағаз парағында), балалар орындаған жұмысты магниттермен немесе стикерлермен өздері қалаған баспалдаққа орналастырады.

 

 4-тапсырма

  Қалыптастырушы бағалау

 «Ассоциация» жаттығуы арқылы жоғарыда қарастырылған мәтін мазмұнына сәйкес оқушылардың анықтаған негізгі ойыларын толықтырып, бекіту үшін түрлі дереккөздерден үш би туралы ақпарат жинау ұсынылады. Жинаған ақпараттармен кесте толтыру тапсырылады.

 Кесте үлгісі:

Төле би

Әйтеке би

Қазыбек би

 Саралау. «Қарқын» тәсілі арқылы қарқыны жылдам оқушылар деңгейін ескеріп, аяқтаған оқушыларға билердің біреуін сипаттап айту тапсыруға болады.

 (ҚБ) Дескрипторлар бойынша бағалау жүргізіледі.

 Дескрипторлар: .

 -мәтіннен қажетті ақпаратты анықтайды;

 -үзіндіні мәнерлеп, қатесіз оқиды;

 -кейіпкерге мінездеме береді;

 -мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді;

 -мәтіннің мазмұнына сәйкес ақпараттар жинақтайды.

 

 Сабақтың соңы.

 Рефлексия

 «Шабадан, еттартқыш, қоқыс жәшігі» әдісі арқылы рефлексия жасалады.

 Бүгінгі сабақта тақырып бойынша алған керекті ақпараттарды чемоданның тұсына жазу, әлі де оқуым керек, толықтыруым керек дегендері болса, еттартқыштың тұсына жазу, сонымен қатар керек емес болған, артық дүниені қоқыс жәшігінің тұсына жазу тапсырылады.

 

 Үйге тапсырмасына дереккөздерден үш бидің даналығы туралы басқа да аңыз, әңгімелер қарастырып келуді ұсынуға болады.

 

 Ескерту. Сынып оқушыларының ерекшелігіне байланысты мұғалім тапсырмаларды ауыстырырып бере алады.

 

[attachment=26107:nsauly-trli-derekkzderden-aparat-alu.docx]
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу