Түрлі дереккөздерден ақпарат алу. «Қазыбек бидің айтқаны». Әдебиеттік оқу, 3 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Пән: әдебиеттік оқу

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Атақты тұлғалар

Күні:

Сынып:3

Мектеп: Қарағанды қаласы

Мұғалімнің аты-жөні: Майбасова Ү.А.

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

2.9 Түрлі дереккөздерден ақпарат алу

«Қазыбек бидің айтқаны»

Оқу мақсаттары

3.2.1.2 шығарманы іштей саналы түрде түсініп, көз жүгіртіп, шолып, түртіп алып, қажетті ақпаратты тауып, белгі қойып, сын тұрғысынан бағалап оқу

3.2.9.1 шығарманың мазмұнына сәйкес түрлі дереккөздерден: иллюстрация, әдеби кітаптар, мультфильмнен нақты ақпаратты табу және ақпаратты сызба түрінде беру

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: шығарманы түсініп оқиды, мазмұны бойынша дереккөздерден ақпарат таба алады;

Көптеген оқушылар: шығарманы түсініп оқиды, шығарманың мазмұнына сәйкес нақты ақпаратты тауып сызба түрінде ұсынады;

Кейбір оқушылар: шығарманы қажетті ақпаратты тауып оқиды, шығарманың мазмұнына сәйкес түрлі дереккөздерден нақты ақпаратты табады және ақпаратты сызба түрінде түсіндіре отырып ұсынады.

Бағалау критерийлері

  • мәтін мазмұнын түсінеді;
  • мәтіннің құрылымдық бөліктерін анықтайды;
  • дереккеөздерден ақпараттарды табады;
  • ақпаратты сызба түрінде береді.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Мәтіннен қажеттеі ақпаратты тауап әңгімелей алады, дереккөздердегі мәліметтер бойынша ойын жинақтап айта алады.

Пәнге тән лексика мен терминология:

күлкі болу, баз бала, кемеңгер

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

  • Қазыбек қандай сөздердің мағынасын айтып берді?
  • Әңгімеден қандай ой түюге болады? Ойыңды ортаға сал.

Құндылықтарды дарыту

Мәтін мазмұнына байланысты шешендік өнерді түсініп, қоршаған ортада дұрыс қарым-қатынас жасай алуға тәрбиелеу, Қазыбектің шешендік өнерін насихаттау.

Пәнаралық байланыстар

Әкес, баласы, туыстық қатынастар туралы әңгімелей отырып, өзін-өзі тану пәнімен байланыстыру, байланыстырып сөйлеу, сөйлемдегі сөздердің орнын сақтап қолдануда қазақ тілі пәнімен байланыс жасалады.

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақтадан оқушылар мәтіннің сюжеттік желісі бойынша иллюстрациялар көрсетіледі.

Бастапқы білім

Шығарманы түсініп оқиды, мазмұнына сәйкес дереккөздермен жұмыс жасай алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурс

тар

Сабақтың басы

0-2 минут

3-6 минут

Ширату жаттығуы:

) «Кoмплимeнттepдiң бұpқacыны» әдici

Oқyшылap бepiлгeн yaқыт iшiндe бip пapaқ қaғaзғa өздepiнiң cүйiктi aдaмдapынaн ecтiгici кeлгeн кoмплимeнттi жaзу ұсынылады. Жaзып бoлғaн coң oқyшылap пapaқтapын дoмaлaқтaп, дoмaлaқ қapмeн aтысқан сияқты бip-бipiнe лaқтыpyы кepeк. Oқyшылapғa алдарына түскен «қap дoмaлaғының» біреуін aшып, ішіндегі сөзді oқып, өзіне айтылған комплимент тәрізді қабылдайды. Кoмплимeнттepдi бapлық oқyшылapдың кeзeктeciп oқyынa дa бoлaды.

Бастапқы білімді қайталау

(Ұ, МК, Т) «Пазл» әдісі

Сыныпты оқушылар санына қарай бірнеше топқа бөлу ұсынылады. Оқушыларға алдыңғы сабақтағы қарастырған мәтін қағазға түсіріліп, бірнеше қима қағаздарға бөлініп таратылады. Әр топ белгілі уақыт арасында мәтін мазмұны бойынша әңгіменің басы, ортасы, соңын пазл түрінде құрастырып, соған сәйкес өткен сабақтағы мәтінді мазмұндайды. Топта уақыт сақшысы мен бақылаушы таңдалады.

Саралау: қарқын тәсілі арқылы саралау жоспарланады. Тапсырманы орындау кезінде қарқыны жылдам топ ескеріліп, қосымша мәтін мазмұны бойынша сұрақтар құрастыруды ұсынуға болады.

(ҚБ) Оқушыларды сабаққа ынталандыру үшін «Басбармақ» тәсілі арқылы әр топтың мәтін бөліктерін анықтап мазмұндауы өзара бағаланады.

Сабақ тақырыбы және оқу мақсаттарымен таныстыру.

Оқушылармен бағалау критерийін құрастыру немесе таныстыру.

Қосымша №1

Слайд №1-3

ақ парақтар, қалам

Қосымша №2

Сабақтың ортасы

7-10 минут

11-22 минут

23-30 минут

31-35 минут

1-тапсырма

(Т; МК) «Идея жинау» әдісі

Оқушыларға бүгінгі сабақта қарастыратын мәтінге байланысты берілген сурет бойынша ой жинақтау, болжам жасау, білетіндері және білігісі келетіндері туралы ойларымен бөлісу ұсынылады.

Жеткеші сұрақтар:

  • Сурет бойынша не ойлайсың?
  • Өзің білетін және білгің келетін екі мәлімет айт.

Оқушыларға талқылауға дереккөздерден қосымша материалдар ұсынуға болады.

Саралау: диалог және қолдау көрсету тәсілі арқылы оқушыларды ынталандыра отырып, сөзбен қолдау көрсетіледі.

(ҚБ): «Бағдаршам әдісі» бойынша тиісті түсін көрсету арқылы сурет бойынша ойларымен бөліскендір үш түрлі түспен бағаланады.

2-тапсырма

(МК, Ұ, Ж) «Бірлескен оқылым» әдісімен «Қазыбек бидің айтқаны» аңызын түсініп оқу ұсынылады. Сараптамалық оқуға назар аударылады. Мәтін мазмұнына байланысты талдау жасау үшін сұрақтар беріліп, бір партадағы жұптарға талдау ұсынылады.

Үлгі сұрақтар:

  • Қазыбек би әкесінен қайда жіберуін сұрайды?
  • Неліктен әкесі оны жібергісі келмеді деп ойлайсыңдар?
  • Қазыбек қандай сөздердің мағынасын айтып берді?

Саралау: диалог және қолдау көрсету тәсілі арқылы жұптағы қабілеті төмен оқушылар мен қабілеті жоғары оқушылар бірлесе жұмыс жасап, өз идеяларын айтуға үйренеді.

(ҚБ) «Басбармақ» әдісі арқылы оқушылардың жауабын ұжымда бағалау ұсынылады.

3 – тапсырма

(МК, Т) «Шахмат» әдісі арқылы мәтіннен Төле бидің сөздерін тауып оқып, сол бойынша шахмат ұяшықтарына өз ойын жазу тапсырылады.

Әр топқа шахмат тақтасының суреті, Төле бидің сөздері таратылады. Оқушылар бос ақ ұяшықтарға өз ойларын кезекпен жазады, содан кейін ой бөліседі.

Төле бидің сөздері:

1 топ – «Алысым жақын болды» дегенім –

2 топ – «Тәттім шырын болды» дегенім –

3 топ – «Несием өніп жатыр» дегенім –

Саралау: диалог және қолдау көресту тәсілі арқылы қажетті ақпаратты мәтіннен қарастырып, сыни бағалау беріп ойын жазуда қиналатын оқушыларға сөзбен ынталандырып, қолдау көрсетіледі.

(ҚБ) «Жетістік баспалдағы» әдісі арқылы оқушылардың мәтін мазмұнын түсінуде қай баспалдақта тұрғандығын анықтайды. Баспалдақ тақтаға ілінеді (ватманда, қағаз парағында), балалар орындаған жұмысты магниттермен немесе стикерлермен өздері қалаған баспалдаққа орналастырады.

4-тапсырма

; МК; Ө) «Ассоциация» жаттығуы арқылы жоғарыда қарастырылған мәтін мазмұнына сәйкес оқушылардың анықтаған негізгі ойыларын толықтырып, бекіту үшін түрлі дереккөздерден үш би туралы ақпарат жинау ұсынылады. Жинаған ақпараттармен кесте толтыру тапсырылады.

Кесте үлгісі:

Төле би

Әйтеке би

Қазыбек би

Саралау: қарқын тәсілі арқылы қарқыны жылдам оқушылар деңгейін ескеріп, аяқтаған оқушыларға билердің біреуін сипаттап айту тапсыруға болады.

(ҚБ) Дескрипторлар бойынша бағалау

Қосымша №3

Слайд №4

Қосымша №4

Слайд №5

Қосымша №5

Слайд №7

Қосымша №6

Слайд №8

Сабақтың соңы

36-40 минут

Рефлексия

(Ұ) «Шабадан, еттартқыш, қоқыс жәшігі» әдісі

Бүгінгі сабақта тақырып бойынша алған ақпараттар қажетті болса, чемоданның тұсына жазу, әлі де оқуым керек, толықтыруым керек дегендері болса, еттартқыштың тұсына жазу, сонымен қатар керек емес болған, артық дүниені қоқыс жәшігінің тұсына жазу тапсырылады.

Үй тапсырмасына дереккөздерден үш бидің даналығы туралы басқа да аңыз, әңгімелер қарастырып келуді ұсынуға болады.

Қосымша №7

Слайд №9

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасы

ның сақталуы

Бастапқы білімді қайталау

Қарқын тәсілі арқылы саралау жоспарланады. Тапсырманы орындау кезінде қарқыны жылдам топ ескеріліп, қосымша мәтін мазмұны бойынша сұрақтар құрастыртуды ұсынуға болады.

1-тапсырма

Диалог және қолдау көрсету тәсілі арқылы оқушыларды ынталандыра отырып, сөзбен қолдау көрсетіледі.

2-тапсырма

Диалог және қолдау көрсету тәсілі арқылы жұптағы қабілеті төмен оқушылар мен қабілеті жоғары оқушылар бірлесе жұмыс жасап, өз идеяларын айтуға үйренеді.

3-тапсырма

Диалог және қолдау көресту тәсілі арқылы қажетті ақпаратты мәтіннен қарастырып, сыни бағалау беріп ойын жазуда қиналатын оқушыларға сөзбен ынталандырып, қолдау көрсетіледі.

4-тапсырма

Қарқын тәсілі арқылы қарқыны жылдам оқушылар деңгейін ескеріп, аяқтаған оқушыларға билердің біреуін сипаттап айту тапсыруға болады.

Дескрипторлар: .

  • мәтіннен қажетті ақпаратты анықтайды;
  • үзіндіні мәнерлеп, қатесіз оқиды;
  • кейіпкерге мінездеме береді;
  • мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді;
  • мәтіннің мазмұнына сәйкес ақпараттар жинақтайды.

Бағалау әдістері:

«Басбармақ» тәсілі, «Бағдаршам әдісі», «Жетістік баспалдағы» әдісі,

Сабақ бойынша рефлексия

Екі жұлдыз, бір тілек

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: Оқушылардың жақсы мен жаманды айыра алғаны;

2: Шығарманың мазмұны бойынша сұрақтарға жауап бере алғаны.

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: Оқушылар топта бір-бірін тыңдап, әділ бағаласа;

2: Сабақты одан әрі қызықты болу үшін қосымша тапсырмалар орындату керек еді.

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Топта оқушылар топ ережесіне бағынып, бір- бірін әділ бағалауды үйрету.

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу